Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) имаматы басталған күн
(last modified Fri, 16 Nov 2018 12:38:42 GMT )
Қар 16, 2018 18:38 Asia/Almaty
  • Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) имаматы басталған күн

1200 жылдан астам уақыттан бері халық хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның Алланың рұқсатымен келіп, әділет, бейбітшілік және қауіпсіздікке негізделген әлемдік үкіметін бастауын күтіп жүр.

Хиджри қамари күнтізбесі бойынша 260-шы жылдың раби ул-аууал айының 8-ші жұлдызы, жұма күні Самерра қаласының түкпір-түкпіріне имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның шәһид болғаны туралы хабар таралып, халық хазіреттің үйіне қарай ағылды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) сол кездегі аббасилер халифасы Мотамедтің уландыруы салдарынан қаза тапты. Базарлар жабылып, жылдар бойы үкіметтің басып-жаншу әрекеттерінен қорқып, имамға деген махаббаттарын іштерінде жасырып жүрген халық  бұл жолы сезімдерін жасыра алмай, көздері жасқа толып, имамның үйіне қарай бет алды. Самеррада тарих бойында адам жерленген кезде соншама адам жиналмаған еді. Адамдардың толқыны ағылып, барша имамның ерекшеліктері мен қадір-қасиеті  туралы айтты. Имам Хади (ғ.с.), имам Аскари (ғ.с.) және имам Мәһди (ғ.с.) серіктерінің бірі Осман бен Саид Амри хазіретті ғұсыл құйындырып, сүйекті қабірге түсіретін болып  сайланды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның бауыры Джафар да имамның қасиетті мәйітіне намаз оқуға дайындалды. Сол кезде ойламаған жерден ортаға кішкентай бала шығып: "Уа, көке! Кейін тұрыңыз, әкемнің жаназа намазын оқуға мен лайықтымын",- деді. Бұл бала имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның жалғыз перзенті имам Мәһди (ғ.с.) болған. Ол әкесі хазірет Хасан Аскари (ғ.с.)-ның жаназа намазын оқып, жерлеп болған соң үйге кірді. Содан соң хазірет Мәһди (ғ.с.)-ды ешбір адам халықтың арасынан көрген емес.

Имам Хасан Аскари (ғ.с.)-ның перзентінің бар екені туралы хабар халықтың арасына таралып, залым үкіметті алаңдатты. Зорлықшыл үкімет хазірет Мәһди (ғ.с.)-ды тауып, көзін құртқысы келіп, қанша іздегенімен баланы таппайды. Өйткені, Алла Тағала оны қанаушылардар құтқару үшін ешкімнің көзіне түспейтіндей жасырды. Имам Мәһди (ғ.с.) 69 жыл бойы бірінен соң бірін тағайындаған төрт өкілі арқылы халықпен қарым-қатынаста болды. Хиджри қамаридің 329 жылы хазірет Мәһди (ғ.с.) тікелей өкілін таныстырмады. Сөйтіп, хазіреттің «Үлкен жасырын кезеңі» басталды. Сол кезден бері хазірет Мәһди (ғ.с.) әділет, бейбітшілік және қауіпсіздікке негізделген   әлемдік үкімет орнату үшін Алланың рұқсатын күтіп жүр.

Барлық илаһи діндер адамзаттың келешегін айқын әріе бейбітшілік, әділет, тыныштық және қауіпсіздікке негізделген санайды. Христиандар құтқарушы деп хазірет Исаны санайды. Олардың пікірінше, хазірет Иса бен Мәриәм айқышқа керіліп өлтірілгенімен ақыретте қайтып оралады. Иудейлердің көзқарасы бойынша, құтқарушы Мессия, зәрдуштердің пікірінше құтқарушы  Саошьянт келеді. Мұсылмандардың пікірінше, әлемде өзгерістерді хазірет Мәһди (ғ.с.) жасайды. Сондықтан күту құбылысы – ұлт пен мазхабтан жоғары, бүкіл әлем мен бүкіл тарихқа жайылатын әрі адамзат оның берекесі мен үлкен жетістіктерін пайдаланатын әлемдік идеология.

Мұсылмандар Құран Кәрімнің уәделеріне сүйеніп, жаратылыстың заңы бойынша илаһи сүннеттер мен илаһи уәделерге негізделген тарих алға ілгерлейді, тіпті әлемнің бірнеше күні қанаушылардың мүдделеріне болғанымен, соңында әлемнің билігі адал, Аллаға құлшылық етушілердің қолына түседі деп санайды. Сондықтан жарқыраған келешек пен илаһи әділетке толы үкіметтің орнатылуын күту мен келешектен үміттену  Исламның ұлық пайғамбары мен басқа илаһи жетекшілері ерекше назар аударған мәселелердің бірі болды. Олар өз жақтастарын күтуге шақырып, оларды имам Мәһди (ғ.с.)-ның келуіне жағдай жасауға жігерлендірді. Өйткені, егер халық имамын күтіп алуға дайын болмаса, хазірет Мәһди (ғ.с.) келмейді. Аятолла Садр имамның келуі мен әлемде адалдардың үкіметінің құрылуын қоғамдық кеңістіктің дайын болуымен байланыстырып: "Үлкен өзгерісті іске асыру үшін тек адал басшының болуы жеткіліксіз. Ондай жағдай Пайғамбардың (с.ғ.с.) кезінде болған. Үлкен өзгерістерден кейінгі кеңістік қоғамдық революция жасауға қажет әлемдік кеңістікті талап етеді. Мұндай кеңістіктің орнатылуының негізгі факторы халықтың әділет жолдауын қабылдаумен байланысты. Бұл сезім адамзаттың әртүрлі тәжірибелерінен кейін қалыптасады. Өркениеттің бұрыс қырлары арқасын қайыстырғанда ол көмекті қажет ететінін түсініп, ғайып әлемге назар аударады",- деді. 

Халықтың хабардар болып, хақ пен ақиқатты  қабылдап, зұлымдық пен зорлық-зомбылыққа қарсы шынайы қарсылық білдіруге дайын болуы – хазіреттің келуі үшін маңызды факторлардың бірі. Ислам мен пайғамбар әулетінің шынайы жүзімен таныс адамдар басқа мектептер және мәдениеттермен салыстырып, шындықты жалғандықтан ажыратып, жалғандықтан алыстап, шындыққа жақындай алады. Имамның жасырын қалуының себептерінің бірі  халықтың хақ пен ақиқатты қабылдауға әлі  дайын болмауы саналады. Өйткені, халықтың надандығы мен басшылардың зұлымдығының салдарынан барлық имамдар бірінен соң бірі шәһид болды. Сондықтан имам Мәһди (ғ.с.)-ды қорғап, жерді хазіреттің құзырынан мақұрым етпеу үшін хазіреттің жасырын кезеңі басталды. Жер бетінде има келуі үшін жағдай туғанға дейін бұл кезең жалғасады.

Имам Мәһди (ғ.с.)-ның келуіне жағдай жасаудың бір түрі – хазіретті ынтызарлықпен күту. Ынтызарлық – жолға көз тігіп, ерекше үмітпен күту. Ынтызарға қарсы үмітсіздік бар. Исламдық рауаяттарда үміт және имам Мәһди (ғ.с.)-ді көруді армандау «Ентезар-е Фарадж» деп аталады. Исламның ұлық пайғамбары: «Менің үмбетімнің ең жақсы ісі – Алладан хазірет Мәһдидің келуін сұрап дұға тілеуі»,- деген болатын. Алла елшісі құтқарушыны күтіп, әділет орнататын үкіметтің келуін күн санап күту туралы көп қуаттап, оны діндарлықтың негіздерінің бірі деп атап, күтушілерге көптеген сый берілетінін айтқан. Имам Мәһди (ғ.с.)-ның келуін күту – ғамалдың бір түрі. Имам Садық (ғ.с.): «Имам Мәһди (ғ.с.)-ның серіктерінің қатарында болғысы келген адам хазіретті күтіп, жағымды ғамалдарды орындауы керек. Мұндай адам өлген соң да хазіреттің үкіметі кезіндегі имамды түсінген адамдардай сыйға ие болады»,- деген.

Имам Мәһди (ғ.с.)-ның келуімен барлық илаһи пайғамбарлардың мақсаттары іске асырылып, адамзат өзінің шынайы кемелдігіне жетеді. Бұл кезеңде имам Мәһди (ғ.с.) оған дейін ешбір пайғамбар және тарих бойында әлемде ешбір басшы атқармаған  істерді жүзеге асырады. Имам Мәһди (ғ.с.)келуіне байланысты маңызды мәселердің бірі хазіреттің серіктерінің өздерін тәрбиелеуі жатады. Имам Мәһди (ғ.с.)-ның серіктерінің қатарында болғысы келгендерді хазіреттің қасында болуға лайық болатындай тәрбиелеу керек. Айта кететін жайт, имам Мәһди (ғ.с.) да адамдардың жүректері мен рухтарында ішкі өзгерістердің болуын күтіп жүр. Революция жоғары мақсаттарға ие, өздерін тәрбиелеген, жанкешті, ғұлама, саясаткер, басшы, сабырлы, күрескер және батыл адамдарды қажет етеді.

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи имамды күтушілердің ең үлкен міндетін нәпсілерін тазартып, зорлық-зомбылық жасаушылармен күресуге дайын болуы деп атап: «Ынтызарлық, яғни өзімізді имам Мәһди (ғ.с.)-ның  сарбазы болуға дайындауымыз. Халықаралық билік және жемқорлықпен күресетін ұлы құтқарушының сарбазы өзін тәрбиелеу, хабардарлық пен білімді қажет етеді. Біз құтқарушы келіп, әлемде әділет орнатады, сондықтан біздің міндетіміз жоқ деп ойламауымыз керек. Жоқ. Керісінше, біз илаһи тұлғаның келуіне қарай дайындық жүргізуіміз керек. Имам Мәһди (ғ.с.)-ға иман келтіру деген бір бұрышта қол қусырып отыру деген сөз емес. Бүгін әлемнің әртүрлі аймақтарында  зұлымдық, әділетсіздік, кемсітушілік пен зорлық-зомбылыққа куә болып отырмыз. Имам Мәһди (ғ.с.) келіп, олармен күреседі. Егер біз имамның сарбазы болсақ, өзімізді күреске дайындауымыз керек»,- деген болатын.

Имам Мәһди (ғ.с.)-ның келуіне жағдай жасаумен бірге қарапайымдылықпен Аллаға қарай бет бұрып, Алладан иманымызды шайтанның араласуы мен әртүрлі бұрмалаулардан қорғауды сұрау керек. Имам Садық (ғ.с.)-ның ең жақсы шәкірттердің бірі Зараре бен Эиннің хадистерінің бірінде имам Садық (ғ.с.)-ның оған: «Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетінің соңғы имамы келерден бұрын жасырын болады»,- дегенін есіне алды.

Зараре себебін сұраған кезде имам: «Өлтіріледі деп қорыққаннан. Уа, Зараре! Мүміндер оның келуін күтеді. Кейбіреулер оның дүниеге келгеніне күмәнданады. Біреулер «ол анасының құрсағында, әлі дүниеге келген жоқ» десе, екіншілер «он жасырды», тағы басқалар «ол әкесі дүние салғаннан екі жыл бұрын дүниеге келіп, Алла Тағала оны жасырып, шиіттерді сынақтан өткізуде» дейді»,- деп жауап берді. Зараре: «Егер хазірет келген уақытта тірі болсам, не істейін?»- деп сұрағанда имам Садық (ғ.с.): «Уа, Алла! Өзіңді маған таныт. Егер Өзіңді маған танытпасаң, пайғамбарыңды танымаймын. Ондай болса, уәде етілген құтқарушыңды танымаймын. Уа, Алла! Уәде етілген құтқаушыңды маған таныт, егер танытпасаң дінімнен адасамын» деп айтуға кеңес берген.