Хазірет Хадиджа – Исламның ұлық пайғамбарының үйіндегі жарқыраған гауһар
Хазірет Хадиджа тәуелсіз ойы мен ғамалы және өз-өзіне деген сеніммен өмір сүріп, ақыл-парасатының арқасында экономикалық және сауда жұмыстарында табысқа жетті. Хазірет Хадиджаның Исламның ұлық пайғамбарына тұрмысқа шығуы басқа үйлену рәсімдерінен өзгеше болды. Бұл қасиетті отбасы хазірет Хадиджаның жоғары әрі кемел мақсаттары және ізгілігімен нығая түсті. Онда материалдық түрткі мен өткінші махаббаттың ешбір белгісі болмады.
Хазірет Хадиджа құрайыштардың текті және беделді жанұяларының бірінде дүниеге келді. Хазіреттің әулеті жанкешті, Қағбаны қолдаған адамдар болды. Хазірет Хаджиджа – Асад бен Абдәлазидің перзенті Хувайледтің қызы. Хазірет Хадиджаның атасы Асад бен Абдәлази өз заманының әйгілі тұлғаларының бірі болған. Исламның ұлық пайғамбарының беғсатынан 20 жыл бұрын Меккенің бірқатар ақсақалы, соның ішінде Асад Мекке мен оның айналасының қауіпсіздігін қорғау үшін кеңес өткізіп, жәбір көргендер мен мақұрымдардың құқықтарын қорғауға келісті. Бұл келісімнің негізгі ұйымдастырушылары Фазл бен Фазеле, Фазл бен Уадағе мен Фазл бен Харес болғандықтан, келісім «Халаф әл-Фазул» деп аталды. Исламның ұлық пайғамбары бұл келісім жасалған жылдары оған қосылды. Пайғамбар келісімге ерекше құрмет білдіріп, беғсатынан кейін: «Егер мені аталмыш келісімге мүшелікке шақырса, қабылдаймын»,- деген. Асад бен Абдәлазизидің зорлық-зомбылық көргендерді қорғауы үшін бұл келісімде пайғамбардың қасында болуы оның қоғамның психологиялық тыныштығын қорғау мақсатындағы қырағылығы мен ақ ниетін көрсетті.
Хазірет Хадиджа Араб аралындағы ең текті әулеттердің бірінде өсіп, тәрбие көрді. Алайда оның беделі тек отбасының тектілігімен шектелмейді. Өзі де ерекше қадір-қасиеті және жақсы мінез-құлқымен танымал болды. Басқалардан үмітін үзген, мақұрым, қиындық көрген кез келген адам хазірет Хадиджаның үйіне бет алып, оның мейірімі мен жомарттығына бөленетін. Хазірет Хадиджаның жанашырлығы олардың дерттеріне дауа болатын. Хазірет Хадиджаның үйі екі белгімен танымал еді: біріншісі, үйінің үстіндегі көк күмбезі; екіншісі, үйінің жолындағы жамағат. Өйткені, хазірет Хадиджа кедейлер мен зорлық-зомбылық көргендерге көмектесуге асығатын. Ол адамдарды күні-түні қабылдайтын. Олармен жылы сөйлесіп, қиындықтары туралы сөздерін тыңдайтын. Жетімдер мен аналарды жұбатып, көз жастарын құрғататын. Ол қызметшілеріне бір қоржын ақшаны мұқтаждарға таратуға нұсқау беретін.
Хазірет Хадиджа ұлылығы мен пәктігі және атақ-даңқымен қатар Меккенің ең әдемі әйелі саналды. «Хашим әулетінің көріктісі» деп танымал болған имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) хазірет Хадиджаға қатты ұқсады. Құрайыш бануының сұлулығы мен қадір-қасиетінің жоғары болғаны сондай, тіпті күнәға батқан надан араб қоғамы хазіретті «арабтардың ханшайымы» деп атады. Сондықтан Құрайыш пен Хашим әулеті тайпаларының басшылары мен серілері, Йемен ханзадалары мен тайпаларының басшылары оған құда түскенімен хазірет Хадиджа ешқайсын қабылдамады.
Хазірет Хадиджа – хазірет Ибрахим дінінің жақтасы. Ол бұрынғы діндердің кітаптары және Варақе бен Нуфел сияқты дана адамдардың ақыл-кеңестеріне құлақ қойып, соңғы илаһи пайғамбар туралы хабардар болды. Барлық деректерге сай Мұхаммадтың (с.ғ.с.) илаһи соңғы пайғамбар болатынын түсінген кезде хазіретті көргісі келді. Хазірет Хадиджа сынау үшін өз мүлкін Мұхаммадқа (с.ғ.с.) тапсырып, оны саудамен сапарға жіберді. Өз қызметшісі Масирені де сапарға дайындап, Мұхаммадтың (с.ғ.с.) жұмысын бағалауға міндеттеді. Құрметті бану нәпсісінің ғиззатын сақтап, әртүрлі әйелдік сезімдерге берілмей, пайғамбардың өмірін зерттейді. Масире сапардан оралған соң хазірет Хадиджаға сапарда болған оқиағалар туралы айтып береді. Жолда еврей монахтарының бірінің: «Менің сәлемімді бануға жеткізіп, оған екі әлемдегі адамдардың басшысына тұрмысқа шығатынын, жақын арада жоғары деңгейге жетіп, баршадан артық болатынын хабарла. Уа, Масире! Алла Тағала жақында сенің бануыңның ұрпағын осы ерден таратып, бануыңның есімі тарихта қалады. Оған менің атымнан бұл ер мен оның міндетіне иман келтірмеген адамның жәннатқа кірмейтінін айт. Ол – пайғамбарлардың ең жақсысы»,- деп айтқан сөзін жеткізеді.
Хазірет Хадиджа бұл оқиғаны естіген соң Варақе бен Нофелге барып, ғұламамен ақылдасады. Содан соң ерекше толқып, пайғамбарға бар болмысымен ғашық болады. Ол пайғамбарға өз махаббатын қарапайым түрде білдіреді. Хазірет Хадиджа құда түсіп, неке қию рәсімі өткен соң мал-мүлкін пайғамбарға сыйлап, Варақе бен Нофелден халықтың алдында «Бұдан былай Хадиджаның бар байлығы, экономикалық және сауда мүмкіндіктері мен құлдары Мұхаммадқа (с.ғ.с.) тиесілі. Хадиджа оларды өз еркімен сыйлағандықтан бұл ісін мақтан тұтады» деп айтуды сұрады. Варақе бен Нофел хазірет Ибрахимнің мақамы мен Зәмзәмның ортасында тұрып, дауыстап: «Уа, халайық! Куә болыңдар, біліңдер! Хадиджа өз еркімен бар байлығын: егістік жерлері мен бақтарын, малын, құлдары мен күңдерін, сондай-ақ, қалың малын Мұхаммадқа сыйлады. Мұхаммад оны қабылдады»,- деді.
Имам Садық (ғ.с.) хазірет Хадиджа мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) отбасын құруы туралы: «Барлық басшылар мен серілер құда түскен құрайыштардың бануы Хадиджа набоваты туралы хабарды Бахирадан естіген адамға тұрмысқа шықты»,- деген. Сондай-ақ, тарихта күндердің бірінде хазірет Хадиджа Варақемен Мұхаммадқа (с.ғ.с.) тұрмысқа шығуы туралы ақылдасқан кезде оны мен Мұхаммадтың (с.ғ.с.) тең емес екендігі туралы әңгіме айтылғанда хазірет Хадиджа: «Егер мен арманыма жетіп, бұл абыройлы жігітке тұрмысқа шықсам, оған бар байлығымды сыйлаймын»,- дейді. Алысты ойлайтын Варақе: «Алламен ант етемін, егер олай жасасаң, бақытты болып, Мұхаммадқа тұрмысқа шыққанның үшін сыйға ие боласың»,- дегенде хазірет Хадиджа: «Бұл күнді көп күттім. Илаһи іске иман келтіріп, оған ризалық білдіріп, бағынамын»,- деп жариялады.
Хазірет Хадиджа Пайғамбардың тағылымына иман келтіруімен бірге бұл тағылымдарды тарату жолында жан аямады. Исламның ұлық пайғамбары илаһи бағдарламаларын халыққа таратқан кезде мүшіріктер мен мұнафықтардың теріске шығаруымен бетпе-бет келіп, олардан бұрыс жауап алып, уайымға батқан кезде Алла Тағала хазіреттің жүрегі мен ойындағы алаңдаушылықтарды хазірет Хадиджа арқылы азайтты. Хазірет Хадиджаның иманы Пайғамбарды жарқыраған келешекке шақырумен айналысуға жігерлендірді. Хазірет Хадиджаның Алла елшісінің амалдарын қолдауы Пайғамбарды өз мақсаттарына жетуге үміттендірді. Доктор Бент әш-Шати: «Хира үңгірінен келген кездегі жұбайының тарихи шақыруын мықты иманымен қолдап, мейірім құшағымен қарсы алатын хазірет Хадиджадан басқа әйел болды ма? Байлық пен тыныштық және құрметке ие болып, ақсүйектік өмірге риза болып, өмір сүре алатын жағдайда жұбайының өмірінің ең қиын сәттерінде онымен бірге болып, иман келтірген, мақсаттарына жету жолында жұбайына көмектесу үшін мүлкі мен мүмкіндігіне немқұрайдылық таныта алатын хазірет Хадиджадан басқа әйел болды ма? Мұндай әйел тек хазірет Хадиджа болды. Басқа әйелдер ол сияқты емес»,- деген болатын.
Хазірет Хадиджа – жәннаттың үздік төрт әйелінің бірі. Ол өзінің қырағылығы, иманы, сындарлы зерттеулері, қатерлер мен кедергілерге ақылмен ғамал етіп, қолындағы мұрсаттар мен мүмкіндіктерін ой-өрісі мен ахлағының дамуы үшін пайдаланып, кемел адам деңгейіне жетті. Хазірет Хадиджа Ислам дінінде әйелдердің арасында өзінің қызы хазірет Фатима (ғ.с.)-нан басқа адам жетпеген дәрежеге жетті. Алла Тағала Пайғамбардың (с.ғ.с.) ұрпағын осы әйел арқылы таратты.
Исламның ұлық пайғамбары хазірет Хадиджаға 25 жасында үйленді. Хазірет Хадиджа шамамен 24 жыл пайғамбардың қуанышы мен қайғысына ортақ болды. Хазірет Хадиджа тірі кезінде Исламның ұлық пайғамбары 50 жасқа дейін басқа әйелге үйленген емес. Хазірет Хадиджа дүниеден озған соң әртүрлі мүдделер үшін әртүрлі тайпалардың әйелдеріне үйленді. Бірақ, ешбір әйел хазірет Хадиджаның орнын толтыра алмады. Пайғамбар олардан балалы болмады. Сөйтіп, Алла елшсінің ұрпағы тек өзі мен хазірет Хадиджадан тарады.