Аятолла Хаменеидің бірлік туралы көзқарасы
(last modified Thu, 22 Nov 2018 13:08:17 GMT )
Қар 22, 2018 19:08 Asia/Almaty
  • Аятолла Хаменеидің бірлік туралы көзқарасы

Аятолла Хаменеи: «Ислам әлемінің бірлігін қорғап, исламдық барлық топтарға зардабын тигізген ортақ дұшпанға, яғни үстемшілдік пен сионизмге бірауыздан қарсы тұратын уақыт келді» деді.

Бірлік – қоғам дамуының маңызды факторларының бірі. Қоғам халық пен басшылардың бірлігінің арқасында өркендейді. Бірлік негізгі мақсат болып қалыптасқан жағдайда қоғамның кеңістігі бауырластық пен ынтымақтастық және үйлесімділіктің хош иісіне бөленеді. Сондықтан, егер мұсылман қоғамдары арасында  бірлік пен жақындық тұрақты болса, ислам үмбеті ұлылығы мен салтанатына жетеді. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, мұсылмандардың бірлігі мен олардың қайшылықтар мен арандатушы әрекеттерден тартынуы билеп-төстеушілерге қарсы ұжымдық табандылық пен ислам әлемінің мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін қолайлы жағдай саналады. Аятолла Хаменеи бұл туралы сөзінде: «Бүгін ислам дүниесінің бір ғана жолы бар, ол – бірлік»,- деп қуаттады.  

Аятолла Хаменеи: «Бүгін ислам дүниесінің бір ғана жолы бар, ол – бірлік». 

Бірлік – ислам діні қуаттаған негіздердің бірі. Ол мұсылмандар мен ислам қоғамының беделі мен табандылығына себеп болады. Мұсылмандардың бірлігі –мұсылмандардың ортақ тақырыптарға сүйеніп, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып, тілеулестік білдіруі. Сенімдерде қайшылықтың кездесуі – табиғи мәселе. Әртүрлі пікірлер ислам үмбетінің бірлігіне кедергі болмауы керек. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша, мұсылмандар бір-бірін түсінуге талпынып, бір-біріне жақындауға міндетті. Қайшылықтарды қойып, Исламның дұшпандарына қарсы бірігіп, ислам үмбетінің негізгі мақсаттарына сай келісімге келуі керек.

Ислам елдері стратегиялық тұрғыдан әлемнің маңызды аймақтарында орналасқандықтан дәл осы мәселе үстемшіл үкіметтердің дәмелерін арттырып отыр. Олар қайшылық тудырып, соғыс ашу арқылы бұл елдердің істеріне араласуды көздеп отыр. Көбісі Батыс Азия аймағында шоғырланған ислам елдері мұнай мен газ қорларына бай болумен бірге Шығысты Батыспен қосатын нүкте саналады.  Ислам елдерінің ерекшеліктері мен олардың табиғи ресурстары үстемшілердің бұл жерлерге көз тігуіне себеп болып отыр.  Ислам әлемінің дұшпандары ислам елдері арасындағы қайшылықтардан көп пайда көріп отыр.  Олар бұл елдерге қару-жарақ сату, лаңкестікпен күресуді сылтауратып, ислам жерлеріне кіру  арқылы ислам үмбетінің арасына іріткі салуды арттыруды көздеуде. Бұл әрекеттерінің үлгісі ретінде 2003-ші жылғы АҚШ-тың Иракқа жасаған шабуылын атауға болады. Олар лаңкестікпен күресті сылтауратып, Иракқа еніп, осы елдің мұнай қорын талан-таражға салуға кірісті. Аятолла Хаменеи: "Бүгінде мұсылмандардың географиялық аймағы әлемнің ең маңызды аймақтарының бірі саналады. Бұл жерлерде орналасқан елдер табиғи байлықтары тұрғысынан дүниежүзінің ең бай мемлекеттері. Мұсылмандардың қолына берілген стратегиялық аймақтар мен берекеге толы жерлер адамзаттың күнделікті қажеттіліктеріне, соның ішінде мұнай мен газ және тағы басқа байлықтарға толы. Мұсылмандардың бір миллиард бірнеше миллион жамағаты әлем халықтарының бестен бір бөлігінен артығын құрайды. Ислам әлемінің туын көтерген, ислам дүниесінің орталығы саналатын Ислам республикасы орналасқан аймақ халқы неліктен бұл байлықты пайдаланбайды? Бұл мұсылмандарға берілген үлкен мүмкіндік",- деді.

Ислам әлемінен әртүрлі мазхабтарды кездестіруге болады. Олардың бастылары – сүнниттер мен шиіттер. Иранда сүннит және шиіт бауырлар бір-бірінің қасында тату өмір сүреді. Ислам революциясы жетекшісінің пікірі бойынша бұл жақсы үлгі бола алады. Сондықтан басқа ислам мемлекеттері де мазхабаралық қайшылықтарды кек пен дұшпандыққа себеп қылмай, әлемнің қай жерінде болсын, ортақ тақырыптарға сүйеніп, бір-бірінің қасында тату өмір сүруі керек. Аятолла Хаменеи шиіттер мен сүнниттердің бірлігін сенімдеріне байланысты қайшылықтарға жол бермеу деп санайды. Олар сенімдеріндегі қайшылықтарына қарамастан халықаралық мәселелерге қатысты  келісімге келе алады. Сондай жағдайда ислам әлемі мен мұсылмандар беделді болады.

Иран Ислам республикасының іргетасы мен заманауи ислам әлемі бірлігінің негізін қалағандардың бірі имам Хомейни: "Иран мен Ирак және Мысыр ерекше үкіметтеріне ие. Олар әрқайсысы өз алдына үкіметке ие. Барлық мұсылмандар өздерінің үкіметтері мен ортасын, мазхабтарын өзгертпей, мұсылман еместердің алдында біртұтас әрі дос болып, барлық ислам елдерінің құндылықтарын қолдауы қажет",- деді.

Мұсылмандар арасындағы қайшылықтардың салдарлары қатты зиян келтіріп жатыр. Бұл салдарлар ислам үмбеті арасындағы бірліктің жойылып, ислам әлемінің қиындықтарының артуы мен ислам елдерінің артта қалуына себеп болуы мүмкін. Ислами үкіметтердің мақсаты іріткі салу болса, өзара бауырластық, бір-біріне көмектесу және дарынды жастарды тәрбиелеп, ғылыми жетістіктерге қол жеткізуге мұрсат қалмайды. Аятолла Хаменеи Құран Кәрімнің Исламның ұлық пайғамбарының аузынан сол кездегі христиандарға:  "Әй, Кітап иелері! Біздің арамыз бен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық...",- деп айтқанына ("Әл-Имран" сүресі, 64-ші аят) назар аудартып: "Мұндай жағдайда Алласы, Пайғамбары, қасиетті Құран кітабі, Құбыласы мен ғибадаты ортақ мұсылман мазхабтары   айырмашылығы бар бірнеше тақырыпты дұшпандықтың құралына айналдырып отыр. Бұл қиянат емес пе?  Бұл пайдакүнемдердің пайдакүнемдігі, немқұрайдылардың немқұрайдылығы емес пе?"- деді.

Аятола Хаменеидің пікірі бойынша, Палестина мәселесіне, мұсылман елдерінің қиындықтары мен ислами жоғары мақсаттарға немқұрайдылық танытып,  исламдық болмыс пен абыройдан айрылу мұсылмандар арасындағы бірліктің теріс салдарларына жатады. Хазірет: "Егер мұсылмандар бір болмаса, Палестинаның жағдайы қазіргіден де нашарлайды. Бүгін Палестинаның жағдайы ауыр, оның Газа аймағы мен батыс жағалауы бір-бірінен өзгеше. Палестина халқы күнделікті қатаң қысымдармен бетпе-бет келіп отыр. Дұшпан Палестина мәселесін ұмыттырғысы келеді. Біздің еліміз кіретін әрі стратегиялық маңызды саналатын Батыс Азия аймағы – географиялық, табиғи ресурстар және су жолдары тұрғыларынан маңызды аймақ. Сондықтан дұшпан бұл аймақты өзінің ішкі мәселелеріне шырмалып, мұсылмандар мұсылмандарға қарсы, арабтар арабтарға қарсы тұрып, бір-бірін нысанаға алып, әсіресе сионистермен шекарас мұсылман елдердің армияларын күннен күнге әлсіретуді көздеуде.  Олардың мақсаттары – осы",- деп қуаттады. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша осы кезде өкінішке орай, ислам әлемі бірліктен кенде, сондай-ақ қиындықтар мен қақтығыстарға шырмалып жатыр. Аятолла Хаменеи бұл мәселе туралы: "Мұсылмандар арасында қайшылықтар мен қақтығыстар туындаған кезде рухани құндылықтардың реңкі қашады. Руханият пен иман Құранға сай тыныштықты қажет етеді.  "Ол сондай Алла, мүміндердің иманын арттыра түсу үшін олардың жүректеріне тоқтау салды". ("Фатх" сүресі, 4-ші аят). Тыныштық пен қауіпсіздік қалыптасқан жағдайда адамдар адал ғамалдары және Алланы еске алу арқылы имандарын арттырады. Ислам елінде халық қауіпсіздікпен қамтамасыз етілмей, жаны мен мал-мүлкіне алаңдайтын болса, тыныштық болмайды",- деді.

Бауырластықты Ислам революциясының маңызды негіздері санайтын және әрқашан әртүрлі ислам мазхабтарымен достық қарым-қатынас орнатқан Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі біртұтас үмбеттің құрылуын ислам әлемінің қиындықтарынан шығатын жалғыз жол санайды. Аятолла Хаменеи әртүрлііі мазхабтағы мұсылман бауырларға: "Ислам әлемі өз-өзіне келіп, Ислам дінін илаһи құтқаратын тура  жол ретінде таңдап, осы жолда мықты қадам басатын уақыты келді.  Ислам әлемінің бірлігін қорғап, барлық исламдық топтарға зардап келтірген ортақ дұшпанға, яғни үстемшілдік пен сионизмге қарсы тұрып, бірауыздан ұран салып, ортақ жолда қадам басатын уақыт келді. Алланың көмегі мен қолдауына ие болып, илаһи заңдар мен сүннеттерді орындап, алға басатындығымызға үміттенеміз",- деді.