Раби әс-сани айының оны – хазірет Фатима Масуменің дүниеден озған күні
(last modified Mon, 17 Dec 2018 15:19:57 GMT )
Жел 17, 2018 21:19 Asia/Almaty
  • Раби әс-сани айының оны – хазірет Фатима Масуменің дүниеден озған күні

Раби әс-сани айының оныншы жұлдызы – маңызды хиджратымен мұсылмандардың құрметіне ие болған ардақты бану, имам Каземнің (ғ.с.) қызы, имам Резаның (ғ.с.) қарындасы хазірет Фатима Масуменің дүниеден озған күні.

Имам Реза (ғ.с.) Мединеден Марвке қудаланған кезде қарындасы Фатима Масумемен ерекше қоштасты. Олар бірге аталары Алла елшісінің қабірінің басына барып, хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) адалдықтарын қайтадан жариялаумен бірге хазіретпен қоштасты. Ағасы мен қарындасының қоштасуы Ашура күнгі хазірет Зейнабтың ағасы имам Хусейнмен (ғ.с.) қоштасуына ұқсас болды. 

Хазірет Фатима Масуме – ағасын көруге асығып, Иранның солтүстік-шығысындағы Марвке бет алған ардақты бану. Тағдыр оны мәңгілік мекені болатын Құм қаласында тоқтатты. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен хазіреттің әулетіне сәлем мен салауат айтып, әлемнің барша мұсылмандарына хазірет Фатима Масуменің дүниеден озған күніне байланысты көңіл айтамыз.

Бұл банудың ең маңызды ерекшелігіне бала кезінен білімді болуы жатады. Хазірет Масуме апасы хазірет Зейнаб сияқты имамат пен уаһи орталығында тәрбиеленіп, бала кезінен діни ғылымдармен таныс болды. Хазірет Зейнаб екі пәк имам – имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейннің (ғ.с.) және Құран тәпсірі арқылы діни сұрақтарға жауап бергендей, хазірет Фатима Масуме де шиіттер мен Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті жақтастарының діни мәселелер туралы сұрақтарына жауап берді. Рауаяттардың бірінде Пайғамбар (с.ғ.с.) жақтастары керуенінің Мәдине қаласына кіргеннен кейін сұрақтарына жауап алу үшін  имам Каземнің (ғ.с.) үйіне қарай бет алғаны туралы айтылған. Шаршап-шалдыққан жолаушылар имамның үйіне жеткен кезде хазіреттің жол жүріп кеткенін ұғыпты.  Не имамды көре алмағанға, не сұрақтарына жауап ала алмағанға мұңайған адамдар жол ауырлығынан одан сайын күйзеліпті. Сөйтіп, керуенді үнсіздік жайлапты. Олар қайтуға бет алған кезде имам Каземнің үйінен үстіне хиджаб киген ибалы қыз шығып, керуендегі адамдарға: "Сұрақтарыңызды маған қойыңыздар",-дейді.  Шыққан қыз хазірет Фатима Масуме (с.) еді.  Ол сұрақтарды жазбаша алып, әрқайсына бөлек-бөлек жауап жазып, керуендегілерге қайтарыпты. Керуендегілер жас қыздың фикхтың осындай сұрақтарына жауап бере алғанына қайран қалыпты.  Керуендегілер жолда сапардан оралып келе жатқан имам Мұса Каземді (ғ.с.) көріпті. Қуана-қуана имамның алдынан шығып, оған болған жайтты баяндап, қызының қолжазбасын әкесіне көрсетіпті. Имам Казем (ғ.с.) қолжазбаны ашқан кезде шаттықтан жүзі  жайнап кетіпті. Ол керуендегілерге қарап, жымиып: "Жолыңда құрбаның болайын!"-дейді. Имамның бұл сөзі сұрақтардың жауабының дұрыстығы мен хазірет Фатима Масуменің ғылым және факих мәселелеріне жетік екендігін қуаттағандығын білдірді. Хазірет Фатима Масуме хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) секілді Исламның ұлық пайғамбарының «Рауаяттың бірін үйреніп, оны пайдаланатын немесе оны басқаға үйрету 60 жыл ғибадаттан артық» деген сөзін  жақсы үйреніп, әкесі мен ағасынан көптеген рауаят үйреніп, Аббаси әулетінің қысымдарына қарамастан соларды халыққа айтп беретін. Хазірет Масуменің өзінен  де көптеген рауаят қалды. Олардың көбі имамат пен велаят туралы.

Хазірет Масуме әкесі имам Казем (ғ.с.) діннен тайды деп айыпталып, зынданда азап-қорлық көріп, шәһид болғаны мен ағасы имам Резаның (ғ.с.) Мамунның өзінен кейін билікті басқару сылтауымен Хорасанға шақыртылуына қарамастан өз заманын жақсы танып, дұрыс әрі мықты хадистер арқылы  шиіттер имаматының негіздерін нығайтты. Хадистердің бірі – «Манзелат» хадисы. Бұл хадисте Алла елшісі: «Әлидің маған деген қатысы Харунның Мұсаға қатысы сияқты»,- деді. Яғни, Харун Мұсаның орынбасары болғандай, хазірет Әли (ғ.с.) пайғамбардың орынбасары, имамат Хасан мен Хусейнге (ғ.с.), Әли бен Хусейнге (ғ.с.), Мұхаммад Бақерге (ғ.с.), Джафар Садыққа (ғ.с.) Мұса бен Джафарға (ғ.с.) жетеді. Имам Мұса бен Джафар (ғ.с.) шәһид болған соң имамат пен орынбасарлық имам Резаға (ғ.с.) жетті.  Хазірет Масуме осы рауаятты айтып, имам Реза (ғ.с.) велаятының Мамун тарапынан емес екенін, имамның имамат пен велаяттың иесі әрі Алла елшісінің орынбасары екенін дәлелдейді. Имам Резаның (ғ.с.) өзі Мамунге: «Егер халифат пен имамат сенің құқығың болса, оны басқаға тапсыруға хақың жоқ. Ал егер басқаның, яғни біздің құқымыз болса, сен неге өзіңді халифат атап, орынбасарыңды сайлайсың!»- деп жауап берген болады.                                                             

Хазірет Масуме мұсылмандардың, әсіресе шиіттер мен Пайғамбар әулеті жақтастарының жүректеріндегі имамат пен велаяттың тамырын күшейту үшін хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) айтқан хадисті қайталайды. Бұл хадисте былай деп айтылған: «Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетіне ғашық болып өлген адам шәһид саналады».

Негізінде хазірет Масуме айтқан айтқан бұл хадис шиіттердің дереккөздерінде ғана айтылмайды. Сүнниттер де бұл хадис туралы пайғамбардың сөзін келтіріп: «Кімде кім Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) ғашық күйде дүниеден озса, шәһид болғаны. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетіне ғашық түрде қайтыс болған адам бұл дүниеде кешіріліп, тәубе етіп, өлген саналады. Өлім періштесі оған жаннатқа баратынын хабарлайды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетіне ғашық түрде қайтыс болған адамның қабірін Жаратушы періштелердің зиярат ететін мекеніне айналдырады. Керісінше, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетін жек көріп өлген адам қиямет күні есеп-қисап мекеніне маңдайына «Алланың рақымынан үмітсіз» деп жазылған күйде аяқ басады.  Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетіне кектеніп өлген адам кәпір түрде өлді. Ол жаннатқа бармайды» деп баяндаған.

Ислам әлеміндегі ең әсерлі оқиғалардың бірі хазірет Масуменің Құм қаласына жасаған сапары саналады. Ол ағасын соңғы рет көргеннен бір жыл өткен соң отбасы және достарының бір тобымен Иранға сапар шегу мақсатымен Мединеден шығып, Хоарасанға қарай жолға шығады. Олар бір үйден келесі үйге жетіп, Саве қаласына енеді. Бұл қалада Алла елшісінің қарсыластары үкімет нөкерлерінің қолдауымен хазірет Масуме мен қасындағылардың жолын жауып, салдарынан ардақты банудың жақындары мен достарының біразы шәһид болып, басқалары тарап,  кейбіреуі қамауға түседі. Хазірет Фатима Масуменің өзі шаршап-шалдығып, науқастанып, жолын әрі қарай жалғастыра алмайды. Керуен Савеге жеткен және керуенде имам Каземнің (ғ.с.) қызы бар екені туралы хабар Құм халқына жеткен кезде Құмның шіиттері Савеге барып, хазірет Масумені өз қалаларына шақырады. Әкесінен Құм қаласының Пайғамбар әулеті достарының орталағы екені туралы естіген хазірет Масуме шақыруды қабылдайды.

Құм қаласының халқы мен ақсақалдары хазірет Масуменің қалаға енгені туралы естіп, хазіретті күтіп алуға асығып, құрбандық шалып, ықыласпен қарсы алады. Тарих ирандықтардың хазірет Масумені имам Резаны (ғ.с.) күтіп алғандай күткенін  баяндайды. Хазірет Масуме бұл қалада 17 күн өмір сүрді. Хазірет қысқа мерзімде ғибадаттарын орындап, Алламен сырласып, сұрақтарға жауап берумен айналысты. Бірақ ауруы салдарынан хиджри қамаридің 201-ші жылының раби әс-сани айының 10 күні көптеген жақтастарының ортасында  дүниеден озды. Хазірет Фатима Масуменің қасиетті кесенесі Құм қаласында үлкен діни оқу орнының қасында орналасқан.  Кесене Исламның ұлық пайғамбары әулеті ғашықтарының зиярат мекеніне айналған.

Әлемнің барша мұсылмандарына хазірет Масуменің дүниеден озған күніне байланысты көңіл айтамыз.