Бүгін – хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні
(last modified Sat, 09 Feb 2019 09:29:21 GMT )
Ақп 09, 2019 15:29 Asia/Almaty
  • Бүгін – хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні

Джумада ас-сани айының 3 жұлдызы – Алла елшісі хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) сүйікті қызының шәһид болған күні. Бұл күні ислам әлемі аза тұтады. Әлемнің барша мұсылмандарына хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты көңіл айтамыз.

Бұл күндері хазірет Исламның ұлық пайғамбарының жақтастары хазірет Фатиманың (ғ.с.) қазасын аза тұтады. Пайғамбар (с.ғ.с.) жаннаттың хош иісін сағынған кезде хазірет Фатиманы (ғ.с.) сүйіп, иіскейтін. Хазірет сүйікті қызын «әкесінің анасы», «тәнінің парасы» деп атап: «Фатима ашуланған кезде Жаратушы да ашуланады. Ол риза болған кезде Жаратушы да риза болады»,- деген болатын.

 

Иә, хазірет Фатима (ғ.с.) – Алланың сүйіктісі. Оның ризашылығы Жаратушының ризашылығына, оның ашуы Жаратушының ашуына себеп болуымен бірге, хазірет Фатима (ғ.с.) Алла ол риза болғанда риза болып, ол ашуланғанда ашуланатындай жоғары деңгейге жетті.  Бірақ Алла елшісінің естелігі белгісіз түрде шәһид болып, тіпті оның қабірінің мекені де белгісіз қалды. Хазіреттің қабірінің Пайғамбар мешітінде, әкесінің қасында немесе Бақи зиратында немесе басқа жерде екені белгісіз. Расында мұндай белгісіздіктің мәні неде?

Хазірет Фатиманың (ғ.с.) Медине мешітінде сөйлеген сөзі «Фадак құтпасы» деп танымал болды. Шешендер мен көркем сөз иелерін бұл құтпаны айтушының шешендігі, дәлелдеу құдыреті, әртүрлі тақырыптар мен метафораларды пайдалануы таңырқатты. Жетінші ғасырдың тарихшысы, хадисші Бахааддин Эрбили хазіреттің уағызы туралы: «Бұл набоваттың нұры жарқыраған, ресалаттың хош иісі сезілетін, шиіттер мен сүнниттер өз кітаптарында көрсеткен уағыз болды»,- деген болатын.  Бұл уағыз бірінші халифаның Фадак бағын тартып алғанына білдірген наразылық болды. Фадак Мединеге жақын жерде орналасқан мекен болған. Судың көп болуына байланысты бұл жерде жақсы өнім беретін көптеген құрма бақтары өсетін. Хиджраттың жетінші жылы исламның әскері еврейлердің негізгі орталығы болған Хейбарды жеңіп алды. Фадак еврейлері бұл хабарды естіген кезде Пайғамбарға  (с.ғ.с.) өкілдерін жіберіп, Фадакті Алла елшісіне тапсырды. Пайғамбар (с.ғ.с.) «Исра» сүресінің 22-ші аяты түскеннен кейінгі шиіт және сүннит ғұламаларының сараптамаларынан кейін Фадакты хазірет Фатимаға (ғ.с.) сыйлады.

Мединеге жақын жердегі Фадактан қалған бақ

Бірақ Исламның ұлық пайғамбары дүниеден озғаннан кейін бірнеше күннің ішінде ислам қоғамында түсіну қиын үлкен өзгерістер болды. Пайғамбар қайтыс болғаннан 10 күннен кейін бірінші халифа хазірет Фатиманың (ғ.с.) қызметшісін Фадактан шығарып жіберіп, орнына басқа адамды сайлап, Фадакті тартып алды. Сол себепті хазірет Фатима (ғ.с.) өз құқығын қайтару үшін ән-Наби мешітіне барды. 

«Пайғамбардың қызы сөйлейді» деген хабарды естіген халық хазірет Фатиманы (ғ.с.) тыңдау үшін мешіт пен оның айналасына жиналды.  Пайғамбардың қызы мешіттің ортасына өту үшін оның бір бұрышына перде ілінді. Хазірет Фатима (ғ.с.) әйелдердің ортасынан өтіп, мешітке енді. Ол сөзін бастаған кезде халық Пайғамбардың даусын естігендей болды.    

Исламның ұлық пайғамбары дүниеден озғаннан кейін бұл хазірет Фатиманың (ғ.с.) мешітке бірінші рет келуі еді. Ол Пайғамбардың бос орнын көріп, қайғыға батты. Оның наласы жүректерді толқытып, адамдардың көздері жасқа толды.  Хазірет Фатима (ғ.с.) сөзін Алланы мадақтап, Алла елшісіне сәлем айтумен бастады. Пайғамбарды еске салатын дауысты естіп, халық қайтадан жылауға кірісті. Хазірет Фатима (ғ.с.) екінші рет үнсіздік танытып, сабырмен сөзін бастап: «Жаратушыны мадақтап, нығмет сыйлаған Алла Тағалаға рақмет айту керек»,- деді. Хазірет Фатима (ғ.с.) уағызының басында Алланың нығметтері туралы баяндады. Содан соң тауһид пен набоватқа назар аудартып, Алла елшісінің өзі мен хазіреттің адасқандарды құтқарып, дұрыс жолға нұскағанын айтты.

 

 

Хазірет Фатима (ғ.с.) бұл құтпасында баршаға өзін таныстырып, Исламның негізгі мәселесін баяндап: «Уа, халайық! Мен – Фатимамын,  әкем – Мұхаммад (с.ғ.с.). Менің айтатыным – басынан соңына дейін шындық. Бос сөз айтпаймын, пайдасыз іс жасамаймын. Егер оны танысаңыздар, ол әйелдеріңіздің арасында менің әкем, ерлеріңіздің арасында менің көкемнің перзенті ретінде танымал болды. Сіздердің ешбіреуіңіздің оған қатысы жоқ. Тек, Әли ғана оның бауыры»,- деді. Барша халық Пайғамбар мұсылмандарды бір-біріне бауыр атаған кезде, өзін хазірет Әлидің бауыры атағанын жақсы білетін. Сондықтан хазірет Фатиманың (ғ.с.) мақсаты халыққа хазірет Әлидің  заңдылығын дәлелдеу болды. Содан кейін хазірет Фатима (ғ.с.) халықтың беғсатқа дейінгі адасушылықтарына тоқталып: «Мен сіздерді бұл дүние мен ақыреттің бақытсыздығынан құтқарған адамның қызымын. Сіздердің тіпті таза ауыз суларыңыз бен дұрыс азықтарыңыз да болмады. Өмірлеріңіз кедейшілік, бақытсыздық және бір-біріңізді өлтірумен бетпе-бет келген болатын. Сіздер адасып, пұтқа табынатын едіңіздер. Ол сіздерді Алламен таныстырып, ең жақсы дінді әкелді. Пайғамбар сіздерді ең жоғары адамгершілікке қарай нұсқады. Дүниежүзінде ол хазірет секілді ешкім адамзатқа қызмет еткен жоқ. Алла елшісі ең көп қиындықпен бетпе-бет келді. Сол жолда Әли оның серігі болды. Кейде сіздердің өмірлеріңіз оңай болсын деп, Әли Алланың діні үшін өзін қиындықтарға тіреді. Соңында Пайғамбар мен хазірет Әлидің жанкештілігімен Ислам орнатылып, сіздерге жетті. Пайғамбар дүниеден озғанша, бұл мәселені барлығыңыз қабылдадыңыздар. Бірақ, хазірет дүние салған соң араларыңызда қандай оқиға болды? Әкем қайтыс болған соң сіздердің көбіңізді шайтан биледі. Пайғамбарға берген уәдені ұмытпай, сіздерге қалдырған аманатты қолдап, қорғаудың орнына, сіздер барлық нәрсені ұмыттыңыздар. Сіздер үшін Исламның тек аты қалып, Исламның шындығын ұмыттыңыздар»,- деді.

Хазірет Фатима (ғ.с.) сөйлеген сөзінде шешендік танытты. Хазірет Фатима (ғ.с.) хазірет Әлиді (ғ.с.) Ғадир күні Пайғамбар «Кім мені басшы деп санаса, Әли оның басшысы» деп айтқан деңгейге жеткізе алмағанымен, тарихта шындықты жаңғыртты. Хазіре Фатима (ғ.с.) Фадакты халифаттың тартып алуы мен пайғамбар жолының бұрмалануына наразылық білдіру үшін сылтауратты. Егер Алла елшісінің қызы бұл сөзін халыққа жеткізбегенде, хазірет Әли (ғ.с.) еш уақытта халифатқа жетпейтін еді. Хазірет Әли (ғ.с.) 25 жылдан кейін қысқа уақытқа, тек төрт жыл ғана билікті өз қолына алды. Бірақ осы қысқа уақытта ішкі үш соғысқа қарамастан, әрбір мұрсатты Құран мен Исламның құндылықтарын жеке адам мен қоғамды нұсқауға пайдаланып, Құран мен Исламның адамгершілік негіздерін паш етті. Хазірет Әли (ғ.с.) осы қысқа мерзімде үлгі қаланы, яғни Куфені кедейшіліктен құтқарды. Ханбал мазхабының имамы Ахмад Ханбал Шибани өзінің «Фазаел әл-сахабе» кітабында Әли (ғ.с.) туралы: «Бүгінде Куфеде ең төмен кәсіпиелері бидайдың нанын жеп, баспанаға ие. Олар Евфраттың мөлдір суын ішеді»,- деп жазды. 

Хазірет Фатиманың (ғ.с.) шәһид болған күні әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтып, хазіретке сәлем мен салауат жолдаймыз. Өйткені Пайғамбар (с.ғ.с.) хазірет Фатима (ғ.с.)-ға: «Қызым, саған сәлем жолдаған әр адамды Алла кешіреді. Олар жаннатта маған қосылады»,- деген болатын.