Баланың жазығы не?
(last modified Wed, 20 Feb 2019 15:24:18 GMT )
Ақп 20, 2019 21:24 Asia/Almaty
  • Баланың жазығы не?

Алты жасары бала Закария әл Джабердің әл-Сауд әулеті мен ваххабизмнің зорлық-зомбылығының құрбаны болғаны сұмдық әрі адам сенгісіз оқиға болды.

Имам Хусейн бен Әлиге (ғ.с.)-ға сәлем мен салауат. Бұл теңдессіз тұлға өзінің ашуралық жолдауында азаттық туралы ұран айтып: «Егер дінді қабылдамасаңдар, ең болмаса азат болыңдар»,- деген болатын.

Аллаға иман келтірген және Исламның ұлық пайғамбарының әулетіне ғашық болғаны үшін өз перзентінің басының кесілгеніне куә болған анаға, қатігездікпен бауыздалып, қоғамға 21 ғасырда ахлақ пен адамгершіліктің тапталғанын ескерткен балаға сәлем мен салауат жолдаймыз.

Закария әл-Джабер

Хиджридің 61 жылы алты айлық сәби кекшіл Хармале деген жауыздың садағының нысанасына алынды. Кішкентай баланың зорлық-зомбылықтың құрбаны болуы язидшілерді айыптайтын құжат болды. Бүгін шәһид Закария өз қанымен әлемдіктердің құлағына ваххабизмнің қараниет пікіріне жиіркеніш білдірген даусын жеткізді.

Закария мен анасы Сауд Арабиясының шиіттер тұратын Ахса ауданынан Исламның ұлық пайғамбарының қабірін зиярат ету үшін көлікке мініп, «Бисмилляхи Рахмани Рахим» деп, Пайғамбарға салауат айтады. Көлік жүргізушісі баланың анасынан: «Шиітсіңдер ме?»- деп сұрайды. Әйелдің мақұлдаған жауабын естіген ол ашуға булығып, көлігін бір дүкеннің қасына тоқтатып, баланы анасынан күшпен ажыратып, дүкеннің терезесін сындырып, шынының бір бөлігін алып, шешесінің көзінше жазықсыз баланы бауыздап өлтірді. Баланың анасы бұл жантүршіктірерлік көріністен есінен танып, комаға түсті.

 

Оқиғаның қалай болғаны туралы әртүрлі мәлімет тарады. Бірақ олардың барлығы жазықсыз баланың құрбан болуына себеп болған жабайлық мен мейірімсіздікті мойындады. Бұл жазықсыз баланың кінәсі – оның шиіт болуы. Сауд Арабиясының ақпарат құралдары ваххабизм-ДАИШ-тың ой-пікірінен туындаған қылмысты жасыру үшін көптеген талпыныс жасады. Бұл үрейлі қылмыс ваххабизмнің қара ой-пікірінің шайтан сипатты екенін көрсетті. Жазықсыз баланың бауыздалуы – ваххабизмнің Исламды теріс түсінуі мен Сауд режимінің зорлық-зомбылықтарының тек бір бөлігі ғана. Саудиялықтар жылдар бойы Сирия, Ирак пен Йеменде ДАИШ-тің жалдамалылары арқылы әйелдер мен балаларды өлтіріп, қылмыстарды іске асырып келеді. Бірақ үстемшіл және отаршыл мемлекеттер олардың қылмыстарына үнсіздік танытып отыр. Жалған ваххабизм екі ғасырдан астам уақыт бойы дінді бұзып, оның құндылықтарын жоюды көздеуде. Ваххабизм – Исламның отаны Сауд Арабиясында дамып, экономикалық тұрғыдан қолдауға ие болып, басқа исламдық аймақтарға таралған салыстырмалы түрде жаңадан пайда болған ағымдардың бірі. Бұл ағымның жақтастары өздерін шындық санап, басқа ислам мазхабтарының жақтастарын «исламнан шыққандар» санайды. Сондықтан саудиялық уаһабшылар мұсылмандарды, әсіресе шиіттерді өлтіруді рұқсат деп біледі. Бұл тақырыпты Сауд әулетінің уаһабшы саясаткерлерінің қатысуымен жасалып жатқан ащы оқиғалардан анық байқауға болады. Мәселен, хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1366 жылы Меккеде «Қанды жұма» аталған күні жүздеген қажының әл-Саудтың қорғасын оқтарымен өлтірілуін, 1394 жылы әртүрлі елдер қажыларының Минадағы қажылық рәсімін орындау кезінде мыңдаған қажының құрбан болуын, Сирия, Ирак және Ливия әйелдері мен балаларын қаржылай қолдауға ие ДАИШ секілді тәкфиршіл лаңкестік топтардың қыруын, тіпті Сауд режиміне қарсыларды бөлшектеу сияқты оқиғаларды атап айту керек. Әлемдіктер осы күнге дейін саудиялық журналист Джамал Хашағджидің қорқынышты түрде өлтірілуін ұмытқан жоқ. Анасының көз алдында алты жастағы баланы бауыздап өлтіру ваххабизмге сүйенген саудиялықтардың қылмыстарының қара тізіміне қосылды. Саудиялық басшылар бірнеше күн бойы Мединені, тіпті Сауд Арабиясы ақпарат құралдарын дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты мәлімдеме жариялаған жоқ. Бұл өлімдер Ислам туралы уәж айтатын мемлекетте болды. Ислам адамның өмірін маңызды санап, басқалардың өміріне шабуыл жасауды ең үлкен күнәлардың бірі деп атады. Алла Тағала "Мәиде" сүресінің 32 аятында: "Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен ... тең деп жаздық",- деді.

"Ниса" сүресінің 93-ші аятында да: "Кім бір мүмінді әдейі өлтірсе, оның жазасы ішінде мүлдем қалатын тозақ болады. Сондай-ақ, оған Алланың ашуы, қарғысы болып және оған зор қинау әзірлеп қойған",- деп айтқан. Ондай болса, адам басқа адамның өмірін қалай қияды?

Сонымен адамның болмысындағы құндылықтар мен негіздер жақсылықты мадақтап, жамандықты айыптайды. Адалдық, аманатқа берік болу, жомарттық барлық діндерде жағымды сипат саналады. Оларға керісінше өтірік, алдап- арбау сияқты әрекеттер барлық діндерде айыпталады. Мазхабаралық қайшылықтар мен надандықтарына байланысты шиіттерге қарсы қылмыс жасайтындардың ой-пікірлері мен ақылына кім әсер етеді? Хайуан сипатты, кейде одан да төмен сипатқа ие адамдар наным-сенімдері олардан өзгеше болғаны үшін жазықсыз әрі қорғансыз баланы бауыздайды. Үнемі шиіттерге қарсы үгіт-насихаттар жүргізген, осы уақытқа дейін шиіттерді өлтіруді халал санайтын уаһабшы шейхтер илаһи аяттарды оқымады ма?

 

Ваххабизм әлемде зорлық-зомбылықты таратады

Бұл оқиғаның назар аудартатын мәселесі – қырып-жоюшылыққа үнсіздік танытылу. Ешбір халықаралық ұйым «Оларды өлтіретіндей жазығы не?» деп сұрамайды. Алты жасар Закарияның үрейлі өлімін тек «Шиіттердің адам құқығын бақылаушылар» ұйымы ғана айыптады. «Шиіттердің адам құқығын бақылаушылар» ұйымы бұл хабарды жариялауымен бірге: «Сауд Арабиясында шиіттер саудиялық үкіметтің басып-жаншуымен бетпе-бет келіп отыр. Шиіт белсенділерінің көбі абақтыларда, өлімге айыпталды немесе оларға қарсы өлім жазалары  қолданылды. Англиялық «Sun» басылымында жарық көрген мәліметтерге сәйкес, саудиялық басшылар шиіт баланың өлімі туралы оқиғаны жасыру үшін такси жүргізушісін жүйке ауруына шалдыққан деп ақтады.

Шәһид Закария уаһабшылардың наным-сенімінен хабарсыз бала еді. Оны тек шиіт болғаны үшін ғана өз отанында отандасы өлтірді.  Ол адам құқығы туралы уәж айтушылар АҚШ пен Еуропада ғана емес, саудиялық патшалардың сарайларында да мәлімдеме оқып, насихаттайтын ғасырда өлтірілді. Бірақ, адам құқығы туралы уәж айтушылар БҰҰ-ның халықаралық келісімдеріне табанды емес. Ол азаматтық құқықтар Жарғысы бойынша қорғауды қажет ететін балалардың бірі.

 

Закари әл-Джабер

БҰҰ-ның Бас ассамблеясында әлемдік Жарғының 9-шы негізі бойынша, бала кез келген енжарлық, зұлымдық, қатыгездік және отаршылықтан қорғалуы керек. Сондай-ақ, бұл халықаралық құжаттың 10-шы негізі бойынша, бала ұлт пен мазхабқа тиесілі әрі кез келген кемітушіліктен қорғалуы қажет. Сауд Арабиясы БҰҰ-ның мүшесі ретінде халықаралық конвенциялардың қай негізіне табанды? Йеменнің балаларына қарсы нәсілшілдік, шиіттерге қарсы қылмыстары, аймақтың тәкфиршіл лаңкестерін қолдауы мен қарсыластарын өлтіру Сауд әулетінің адам құқығын бұзуы емес пе? 

Ваххабизм мен әлемдік үстемшілдік шиіттердің дамуының алдын алу үшін әртүрлі жоба құрып жатыр. Бірақ жазықсыз адамдардың аққан қандары қоғамның күре тамырына өз әсерін тигізіп, қозғалыстардың оянуына себеп болады. Ваххабизмнің үгіт-насихатшылары мен Сауд әулеті шиіттіктің қиындықтардан майысуы мүмкін, бірақ сынбайтын мықты ғимарат екенін білгені жөн.

Заманауи тарихшы Фукуяма: «Шиіт – ұшу биіктіктері біздің оқтарымыздан өте жоғары құстар. Өйткені, шиіттер әділеттің орнатылуын күтіп, үміттерін үзбейді. Ал үмітті адам сәтсіздікке ұшырамайды. Зұлымдық пен зорлық-зомбылыққа толы әлемді әділетке толтыратын құтқарушыны күтетін адамды жеңу мүмкін емес»,- деп дұрыс бағалады.