Хазірет Фатима (ғ.с.) – ізгіліктің анасы
(last modified Mon, 25 Feb 2019 11:26:04 GMT )
Ақп 25, 2019 17:26 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима (ғ.с.) – ізгіліктің анасы

Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) ардақты қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

 

Беғсатының бесінші жылының джумади әс-сани айының 20 жұлдызында Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхамма-Мұстафаның (с.ғ.с.) үйі қызының дүниеге келуімен шаттыққа бөленді. Алла елшісінің әйелі хазірет Хадиджаның көзі қуаныш жасына толып, аспанға қолын жайып, дұға тілеп отырған хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Аллаға алғыс айтты. Хазірет қуанышын жасыра алмай, сәбиді құшағына қысып, маңдайынан сүйіп, бетіне қарап: "Алланың бұйрығымен қызымның есімін Фатима деп қоямын",- деді. Хазірет Хадиджа мейіріммен күлімсіреп, келісімін білдірді.

 

Хазірет Фатима (ғ.с.) жаратылыстағы адамдардың ең ұлығының отбасында өсіп, тәрбиеленді. Әкесі Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) илаһи кемел діннің жаршысы, анасы хазірет Хадиджа тарихтағы бірінші мұсылман әйел әрі ардақты бану болған. Хазірет Фатима (ғ.с.) бала кезінен уаһи мектебінен білім алды. Әкесі адамзаттың үздік мұғалімі болып, хазірет Фатимаға (ғ.с.) уаһи нұрын жеткізіп, оның пәк жүрегін илаһи ақиқатпен толтырды.   Хазірет Фатима (ғ.с.) құпия-сырларды естіп, әкесінің мейірімге толы ерінінен жаратылыстың тәпсірін үйренді. Әкесі оны тәрбиелеу үшін ең жақсы әдісті пайдаланды. Хазірет қызының қолын сүйіп: "Фатима – тәнімнің бір парасы",- дейтін.

Кемелдік – адамға Алла тарапынан берілетін нығмет. Хазірет Фатима (ғ.с.) – кемел тұлғалардың бірі. Сондықтан хазіретті үлгі тұту кемелдік пен тақуалыққа жеткізеді. Исламның ұлық пайғамбарының ардақты қызы хазірет Фатиманы (ғ.с.) ерекше жақсы көргені өте маңызды тақырып. Надан, қыздар мен әйелдерді құрметтемеген қоғамда Пайғамбар өз қызына басқалар таңғалатындай қатынас көрсетті. Пайғамбар әр адамның ерекшелігін көріп, оларды мадақтайтын. Ал хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) жоғары рухы мен ерекшеліктері пайғамбарды оны мадақтауға мәжбүрледі. Пайғамбар келешек оқиғалар туралы болжап, хазірет Фатиманың (ғ.с.) келешегінің ауыр болатынын білді. Күндердің бірінде бір ер адам хазіреттен: «Сіз неліктен басқа ешбір ұл-қызыңызға Фатимаға қарағандай қарамайсыз?»- деп сұрағанда пайғамбар: «Сен Фатиманы танымайсың, мен одан жаннаттың хош иісін сеземін. Сен Фатима риза болса, Алланың риза болатынын, оның ашуының Алланың ашуына себеп болатынын білмейсің»,- деп жауап берді.

 

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) хиджраттың екінші жылы хазірет Әлимен (ғ.с.) тұрмыс құрды. Бұл отбасында екі ұл – Хасан (ғ.с.) мен Хусейн (ғ.с.) және екі қыз – Зейнаб пен Умм Колсум дүниеге келді. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) ең көркем рөлі отбасы ортасынан байқалды. Исламның ардақты бануы жеке, отбасылық және қоғамдық өмірін байланыстырып, еңбекқор, жанкешті және күрескер әйелдің үлгісіне айналды. Ол өз заманындағы әйелдердің қорлық пен надандықта өткен өмірлерін тоқтатты. Хазірет Фатима (ғ.с.) қоғамдық және саяси салаларда белсенділік танытқан мұсылман әрі әкесі үшін ең сүйікті адам болды. Хазірет Фатима (ғ.с.) әрқашан әкесіне құрмет білдіріп, хазіретке «Алла елшісі» дейтін. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) жұбайы хазірет Әли (ғ.с.): «Фатима қараған кезде уайым-қайғымды ұмытамын»,- дейтін.  Хазірет Фатима (ғ.с.) мен хазірет Әлидің (ғ.с.) жылы отбасында бүкіл тарих бойында адамзат қоғамы үшін үлгі болатын теңдессіз тұлғалар – имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейн (ғ.с.) тәрбиеленді. Хазірет Фатима (ғ.с.) бұл дүниеде басқа адамдар секілді өмір сүргенімен дүниеге табынбады. Ол дүние мен руханияттың арасында теңгерім орнатып, дүниенің сыртқы жылтырағы адамның кемелдікке жетуіне кедергі болмайтындай ғамал етті. Сондықтан хазірет Фатима (ғ.с.) сияқты өмір сүріп, дүниенің әдеміліктерін де пайдаланып, жүректі илаһи мөлдір махаббатқа бөлеуге болады. Риясыздық – іс жүзінде құтқаратын көпір. Риясыз адамдар – нәпсілік шынжырлардан азат адамдар; олар тек Аллаға құлшылық ететіндер. Риясыз адамның болмысы көркем, жақсылық пен әділет талап етеді. Бұл қасиеттердің барлығын хазірет Фатиманың (ғ.с.) болмысынан көруге болды.

Күндердің бірінде пайғамбар мешітте отырған кезде көшпенді араб еніп, хазіретке: «Алла елшісі! Мен ашпын, үстімде дұрыс киімім жоқ, ақшам да жоқ әрі жұртқа қарызбын, көмектесіңіз»,- дейді. Хазірет Біләлға: «Бұл адамды Фатиманың үйіне апарып, қызыма әкең жіберді деп айт»,- дейді. Біләл хазірет Фатиманың (ғ.с.) үйіне барып, болға оқиғаны айтып береді. Хазірет Фатима (ғ.с.) сыйлығы болған алқасын Біләлға беріп: «Мәселені шешу үшін  мына алқаны әкеме бер»,- деп өтінеді. Біләл хазіреттің қасына оралып, қызының берген аманатын тапсырады. Алла елшісі: «Бұл алқаны сатып алған адамның жаннатқа баруына кепілдік беремін»,- дейді. Алқаны Аммор Ясер сатып алып, кедей адамды үйіне ертіп әкетеді. Оған киім мен тамақ және қарызының мөлшерінен екі есе артық ақша береді. Содан соң Аммор құлын шақырып: «Мыңа алқаны хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) үйіне апарып, мұны сыйлық деп айт. Сені де хазірет Фатимаға (ғ.с.) тарту етемін»,- дейді. Құл алқаны алып, Пайғамбардың қызына апарып беріп: «Аммор мені сізге сыйлады»,- дейді. Хазірет Фатима (ғ.с.) Алланың ризалығы үшін құлды азат еткенде құл: "Таңғаламын! Қандай берекелі алқа! Ашты тамақтандырды, жалаңашты киіндірді, борышкер адамның қарызын өтеді, құлды азат етті, соңында иесіне қайтып оралды»,- дейді. 

 

Хазірет Фатиманың (ғ.с.) тек жеке сөзбен таныстыру мүмкін емес. Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі қызының болмысында қасиеттердің топтамасы жинақталған. Хазірет Фатима (ғ.с.) – тарихтағы әйелдердің пәк әрі қасиетті ғамалдарының көрінісі. Негізінде хазірет Фатиманың (ғ.с.) болмысында адамның ие болатын жақсы қасиеттерінің жиынтығы қалыптасты. Бір адам хазірет Меһдиден (ғ.с.) Пайғамбардың қай қызы артық деп сұраған кезде: «Хазірет Фатима (ғ.с.)»,- деп жауап бергенде әлгі адам: «Неліктен Фатима? Ол барлығынан кіші әрі әкесімен аз ғана уақыт өмір сүрді ғой?», - деп сұрағын жалғастырады. Сол кезде хазірет Меһди (ғ.с.): «Алла Тағала бұл артықшылықты оның батылдығы мен ниеті үшін сыйлады»,- деді. Ұлы тұлғалар сындарлы ой-пікірге ие. Бүгінде Ислам дініне бет бұрғандардың көбі хазірет Фатиманың (ғ.с.) шынайы болмысын тануды мақсат тұтып, иманы мен сенімін үлгі тұтады. 

Ислам дінін жаңадан қабылдаған даниялық әйел Тане Мите Сан: «Хазірет Фатима (ғ.с.) Исламмен толық танысу үшін көмектеседі. Хазірет Фатима (ғ.с.) – біздің анамыз. Ананың іс-әрекеті перзентіне әсер етеді.  Хазірет Фатима (ғ.с.) біз діндар болсын деп, сабырлық танытып, күресуімен бірге хазірет Әлидің (ғ.с.) құқықтарын қайтаруға талпыныс жасады. Ол отбасына да немқұрайдылық танытпады. "Болмасаң да ұқсап бақ" деген. Біз хазіретті үлгі тұтуымыз керек »,- деді. 

Әлем әйелдерінің жетекшісі хазірет Фатиманың (ғ.с.) кемел болмысы – мұсылман әйелдердің өміріндегі маңызды тақырып. Сондықтан хазіреттің туған күні әйелдердің, әсіресе аналардың жоғары орнын тану мақсатында талпыныс жасау үшін жақсы мұрсат. Өздерінің адами міндеттерін атқаратын мұсылман әйелдер отбасы ортасының жылуын сақтап, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады.