Бейбітшілік пен достық – Наурыздың сыйы
(last modified Wed, 27 Mar 2019 12:53:42 GMT )
Нау 27, 2019 18:53 Asia/Almaty
  • Бейбітшілік пен достық – Наурыздың сыйы

Әлемнің түкпір-түкпірінде шамамен 300 миллион халық Наурыз мейрамын тойлап, әлемдіктерге адамдардың табиғат және оның Жаратушысымен бірге болып, зорлық-зомбылық пен экстремизмге бірігіп қарсы тұра алатындарын көрсетеді.

Халықаралық Наурыз мейрамы бейбітшілік пен достық мәдениетіне шақырады. Әлемнің әртүрлі жерінде қақытығыстар мен қатыгездіктерге куә болып отырған кезде әлем халқы бейбітшілікті қажет етеді. Табиғат жаңғыратын көктем маусымында адамдардың бейбітшілік пен тыныштыққа үміттері арта түседі.  Наурыз мейрамы – көне оқиғаларды есте сақтап, тарихи жадыны нығайтатын рәсім ғана емес, бұл мейрам халықаралық мәдениеттерді бір-біріне жақындататын және әлем халықтарын әртүрлі елдердің мәдениетімен таныстыратын, сондай-ақ, саяси интеграцияны арттырып, білімге инвестиция салып, онымен бөлісуге көмектесетін маңызды мұрсат.

Халықаралық Наурыз мерекесі – Наурыз мәдениеті тараған аймақтардағы халықтардың бір-бірімен байланыс орнатып, бейбітшілік қалыптастырып, тату-тәтті өмірінің көрінісі. Көктем адамзаттың үміті мен арманынан айырылмай, теңдік, бейбітшілік және махаббатқа жету жолында күшін аямайтынын көрсетеді.

 

Наурыз БҰҰ-да

Әлемнің барлық елдері үлкен әрі илаһи мәдениетті, яғни Наурыз мейрамының шексіз құндылықтарын бейбіт әлем құру үшін пайдаланып, бір-біріне достық қолын созып, Шығыс пен Батыс арасындағы құндылықтарды адами мәдениетке жеткізуді көздейді.

Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1388 жылдың меһр айының 8 күні БҰҰ-на қарасты ЮНЕСКО Наурызды әлемдік мұра ретінде тіркеді. Дәл сол жылы 21 наурыз, сәйкесінше фарвардин айының бірі Ираннан басталған халықаралық Наурыз мейрамы ретінде ресми тіркелді. 

БҰҰ Бас ассамблеясының шешімі бойынша, Наурыздың 3 мыңнан астам тарихы бар. Наурыз – бүгінде 300 миллионнан астам халық тойлайтын ирандық мейрам. Наурыз бейбітшілік мәдениетін тарататын халықаралық күн ретінде ресми қабылданып, жыл сайын Наурызды тойлайтын елдердің бірінде әртүрлі мемлекет басшыларының қатысуымен тойланады.

Халықаралық Наурыз күнін әртүрлі мемлекет басшыларының қатысуымен Наурыз мәдениеті тараған елдердің бірінде тойлау әлемнің барлық халықтары мәдениеттерінің түрлілігіне қарамастан бейбітшілік пен тыныштықта бірге өмір сүріп, бір-бірімен керісудің орнына мәдени және тарихи ортақ құндылықтарын бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға пайдалана алатынын көрсетеді. 

Ирандықтар өз өркениеті бойында өз мәдениетін көршілес елдермен  қарым-қатынас орнату үшін пайдаланды.

Наурыз – табиғаттың өзгерістеріне сүйенген ежелден келе жатқан қарым-қатынастың бір түрі. Наурыз өмір сүруге үміттендіреді. Наурыздың мәңгілік жолдауы – бейбітшілік, үміт пен әділет. Бейбітшілік – серпінді және жан-жақты өмір мен дамудың қажеттігі.  Бейбітшілік – тыныш, әрі жақсы өмірдің факторы. Бейбітшілік, достық пен татуластық  –  салауатты өмірдің негіздері. Қайшылықтар мен соғыс және қақтығыстар өмірдің тыныштығын бұзады. Қоғамның әртүрлі дәуірлеріндегі әртүрлі қоғамдарды зерттеу бейбітшілік, келісім, достық пен татуластық орнатылған әр елдің мәдениеті мен өркениетінің дамығанын көрсетті.  

Наурыз – достық пен татуластық, ынтымақтастық пен бейбітшіліктің орнатылуында маңызды рөл атқаратын кезең. Наурыздың салты бойынша, бір-біріне кек сақтап, дұшпандық білдіретін адамдардың көбінің жүректері Наурыздың келуімен мейірімге толады. Сондықтан бейбітшілік достық орнатылып, кектің жойылуының факторы болып табылады.

Наурыз – әлемдік бейбітшілік орнатудың шынайы жолдарының бірі. Наурыздық көзқарас – бейбітшілік пен достық көзқарас. Негізінде Наурыздың негізі – адамгершілік, татуластық, мейірімділік; айналасындағы адамдар мен табиғат және әлемнің Жаратушысымен арадағы келісімдерді қайта жаңғырту.  Бүгін мәселелердің пайда болуы мен қиындықтары, сондай-ақ, биліктің жаңа механизмдерінің қалыптасуы салдарынан әлемдік бейбітшілікке жету қиындағанымен, бейбітшілік, тыныштық пен татуласу әлемдік арман, өмірдің жаңа мақсаттарының бірі саналады. Бейбітшілік пен достыққа жеткізетін жолдардың арасында Наурыз бен наурыздық көзқарас ең жақсы жолдардың бірі болар. Наурыздық көзқарас – бейбітшілікті мақсат ететін көзқарас. Өйткені, Наурыз адамгершілік пен адами ақылға сүйенеді. Наурыздық көзқарас жүректегі өзгерістермен байланысты, оның мәдениетсіздікке қатысы жоқ. Наурыз – жаңа көзқарас және достықтың бір түрі. Бейбітшілік пен достықтың қарым-қатынасы терең. Наурыздық көзқарас мейірім, кешірім, кішіпейілдік пен рақымға негізделеді. Адамның өмірі бейбітшілік, достық пен шаттықты қажет етеді. Наурыздың ерекшеліктерін әлемдік бейбітшіліктің мүддесіне пайдаланып, кек пен дұшпандықты ұмыту керек. Наурыз – жақын-жуық пен дос-жаранды зиярат ету, достық қарым-қатынас орнату, татуласу, бейбітшілк пен тыныштықта, алаңдаушылық пен қорқынышсыз өмір сүру.