Әлем Наурыздан Наурызға дейін: Палестина өзгерістері
(last modified Thu, 28 Mar 2019 08:53:40 GMT )
Нау 28, 2019 14:53 Asia/Almaty
  • Әлем Наурыздан Наурызға дейін: Палестина өзгерістері

Өткен 1397 жылды сионистік режимге қарсы Палестинаның қарсыласу құдыретін көрсету деп атауға болады. Сионистік режимнің сәтсіздіктері негізінде бұл режимнің құлдырауының жылдамдауына себеп болды.

Сионистік режим армиясының мәлімдемесінде: «Газаның қарсыласу қозғалысы тарапынан атылған ракеталардың саны үш жыл бұрынғы жылмен салыстырғанда он есе артқанын, сионистік режимнің «Темір күмбез» жүйесінің оларды тоқтату күшінің жоқ екенін көрсетті. 

Газадан басып алынған жерлерге қарай атылған зымырандар санының артуы – сионистерге қарсы қарсыласу жүйесі әлеуетінің артқаны мен әскери бөліміндегі стратегиялық өзгерістердің белгісі. Палестинадағы өзгерістер сионистік режимнің палестиналық қарсыласу күштерін әлсірету әрекеттерін күшейтуіне қарамастан, ХАМАС секілді  қарсыласу топтарының қорғаныс күшінің артқан көрсетеді. Бұл тақырып сионистік режим басшыларын алаңдатып отыр. Палестиналықтардың қарсыласу ағымындағы стратегиялық өзгерістер мен палестиналықтардың жаңа интефазасы сионистердің «Ғасыр мәмілесі» келісіміне сай палестиналықтарды құқықтарынан айыру жобасын сәтсіздікке ұшыратты. Палестиналықтардың басып алынған жерлеріндегі сионистік орталықтарға қарсы жүздеген ракета атуы өткен жылдағы Палестина қарсыласуының басқыншы режим алдында күш-құдыретін көрсетуі болды. Палестина қарсыласу ағымының құдыретін көрсетуі сионистік режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерманның саяси сәтсіздігі мен отставкаға кетуіне және мерзімінен тыс Парламент сайлауы өтетінін  жариялауға себеп болды.

Палестинаның өзгерістері қарсыласу ағымының жаңа тежеуші және әсерлі кезеңіне жеткенін көрсетеді. Бұл өзгеріс сионистерді алаңдатты. Израильдің жеңілісі сионистік режим басшыларын күйзеліске ұшыратып, олардың сары уайымға салынуына себеп болды. Бұл режимнің Палестина халқының қарсыласуы алдындағы әлсіздігі сионистер жеңілмейді деген аңыздың күлін көкке ұшырды.  Бүгінде олар қарсыласу ағымының зымырандық күш-қуатын мойындап отыр. Сионистік режим  армиясы өзінің жылдық есебінде 2018 жылы қарсыласу ағымының Газа секторынан басып алынған Палестинаның оңтүстігіндегі сионистер өмір сүретін қалашықтар мен аймақтарға қарсы жасалған зымырандық шабуылдарының артқанын қуаттады.

Газадағы Палестина қарсыласу қозғалысының айбынын көрсетуі палестиналық исламдық қарсыласудың халықтың жаппай қолдауына ие болып, сионистік режим алдында күннен күнге  күшейіп келе жатқанын паш етті. Палестина қарсыласу қозғалысының 2018 жылдың қараша айында екі күннің ішінде сионистік режимнің шабуылдарын сәтсіздікке ұшыратуы қарсыласу қозғалысының мықтылығын, сионистік режимнің осалдығын көрсетті. Палестина халқы көтерілісінің жаңа кезеңі Құдсты басып алған режиммен бетпе-бет келудің, шапқыншы режимнің сәтсіздіктерін арттырған кезеңді бастады. Сионистік режим қарсыласу топтарына қарсы бұрынғы соғыстарында, мәселен, 2009 жылғы соғысында 22 күннен кейін, 2012 жылы 8 күн өткен соң атысты тоқтатуды сұраған болатын. Израиль режимі 2018 жылғы қақтығыстарда 48 сағаттан кейін, яғни екі күннен соң соғысты тоқтатуды сұрады. 2018 жылғы екікүндік соғыста Палестинаның қарсыласу топтары сионистік режим армиясының қылмыстарына қарсы сионистердің орталықтарына қарсы жүздеген зымыран атты. Бұл әрекет Палестинаның басқыншы режимге қарсы күш-құдыретін көрсетуі болды.

Шын мәнінде, қарсыласу қозғалысының қатаң соққылары сионистік режимнің билеп-төстеуші мақсаттарын дамытуына тосқауыл жасап, олардың 2005 жылы  Палестинаның бір бөлігінен, яғни Газадан артқа шегінуіне себеп болды. 

Палестинаның өзгерістері палестиналықтардың Израиль режимінің қылмыстарына реакция білдіріп, қарсыласу стратегиясын азаматтық қарсыласудан қарулы қарсыласу түрінде жалғастырып жатқанын қуаттады. Осыған орай қарсыласу стратегиясының «Оралу құқығы» деп аталған шерулері 2018 жылдың 30 наурызында басталып, тежеуші күшті нығайту түрінде жалғасып жатыр. Бұл шерулерде осы уақытқа дейін 267 адам шәһид болып, шамамен 20000 адам жараланды. Бірақ, Палестина халқының қарсыласуы жалғасып келеді, өйткені палестиналықтар Израиль мен АҚШ-қа бағынудың америкалық «Ғасыр мәмілесі» жобасының іске асырылуы мен олардың құқықтарының толық бұзылуына әкелетінін жақсы біледі. Палестиналықтардың екікүндік соғыста жеңіске жетуі сионистік режимді алаңдатумен бірге бұл режимнің ішкі саяси қайшылықтарын арттырып,    аймақ елдерін әлсіретіп, сионистік режимді аймақтың ең күшті құдыретіне айналдыруды көздейтін америкалық «Ғасыр мәмілесі» деген жобасын нәтижеге жеткізбеді. АҚШ, Израиль және аймақтың кейбір араб үкіметтері «Ғасыр мәмілесі» бойынша, халықаралық теңгерімді сионистік режимнің мүддесіне өзгертуді көздеп отырған жағдайда, палестиналықтар қарсыласудың әртүрлі, әсіресе «Оралу құқығы» деген шерулер сияқты мүмкіндіктеріне сүйеніп, іс жүзінде Палестинаға қарсы қастандықтармен күресудің жаңа майданын ұйымдастырды. «Оралу құқығы» шерулерінің жетістіктерінің бірі Палестина тақырыбына шоғырлануы болса,  келесі жетістігі әлемдік қоғамдық пікірді 2007 жылы басталған Газаның қоршауын тоқтату тақырыпқа назар аудартуы болды. Израильдің «Оралу құқығы» шеруіне қарсы зорлық-зомбылығын арттыруы бұл шеруді тоқтатпақ түгілі, керісінше қарсыласу қозғалысының Иордан өзенінің батыс жағалауы сияқты кейбір палестиналық аймақтардағы күшеюіне себеп болды. Бұл шеру Газа секторында күннен күнге артып, Палестина халқының өз елін басқыншылықтан азат етіп, босқындарын отандарына қайтарып, Газаның қоршауы жойылғанша жалғасады. Газа секторындағы жуырдағы әрекеттер сионистік режимнің саяси және әскери сәтсіздігі туралы жолдауға ие болды. Дұшпанның Газа секторына қарсы кез келген шабуылын залалсыздандырып, бұл режимге соққы беретін қарсыласу қозғалысы стратегиялық ойыншыға айналды. Палестинаның өзгерістері қарсыласу қозғалысының сионистік мақсаттарға шабуыл жасайтын жаңа кезеңге қадам басқанын көрсетеді. Газадағы екікүндік соғыстың салдарлары сионистік режим үшін әлі жалғасып жатыр. Бұл оқиғаның салдарлары тек әскери тұрғылармен шектелмей, сионистік саяси ортадағы саяси дағдарысқа айналды.  Сионистік режимнің қастандықтары мен шабуылдарына қарсыласуды жалғастыру палестиналықтардың бірлігін сақтауды қажет етті. Бірақ өткен жылы әлемдіктер Палестина автономиялық құрлымының басшысы Махмуд Аббастың қайшылық тудыратын әрекеттерінің жаңа кезеңіне куә болды. Бұл салада палестиналық топтар Махмуд Аббастың Палестинаның заң шығаратын Мәжілісін таратуы туралы заңсыз әрі қабылдауға болмайтын әрекеттерінің салдарларына ескерту жасады. Махмуд Аббас әртүрлі тараптардың бұл шешімінің Палестинаның жағдайына теріс әсер ететіні туралы ескертулеріне қарамастан Палестина Парламентін таратуды бұйырды. Палестина халқы сайлау өткізу арқылы ұлттық бірлік үкіметін құрғысы келген жағдайда Махмуд Аббас қайшылық тудыратын біржақты әрекеттерін іске асырып жатыр. Махмуд Аббастың басшылығының уақыты аяқталып, ол палестиналықтардың ұлттық келісіміне себеп болатын автономиялық құрылым мен заң шығаратын Мәжіліс сайлауын өткізуге табанды болуы керек. Бірақ, ол заңсыз әрекетімен өзінің саяси билігі үшін Палестинаның демократиялық органдарын жоюда. Палестина Мәжілісінің 132 орны бар. Оның 76 орны ХАМАС-қа, 42 орын Фатхқа, 13 орын басқа топтар мен партияларға тиесілі. Палестинаның Конституциясы бойынша, парламенттік сайлау төрт жылда бір рет өтеді. Алайда соңғы парламенттік сайлау Палестинада 2006 жылы өтті. Палестина халқы қазіргі қатерлі кезеңдегі маңызды саяси өзгерістерге, Палестина халқының Құдс, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газадағы батылдықтарына қатысты ұстаным білдіруін күткен жағдайда Махмуд Аббастың шешімі Палестина үшін ішкі саяси айран-асырлықтың бір түрі болды. Палестиналықтардың пікірі бойынша, Палестинаның алдындағы дағдарыстар мен қиындықтармен қарсыласу – ұлттық міндет.

Саяси бәсекелестік пен партиялық мүдделер палестиналық талаптар арасындағы дұшпандыққа себеп болмауы қажет.  Палестинаның арманы үшін қоқан-лоққы болатын бұл қайшылықтардың шығынын тек Палестина халқы көреді.