Хазірет Әлидің (ғ.с.) сөздеріндегі жаратылыс көктемі тақырыбы 4
(last modified Sun, 28 Apr 2019 13:11:45 GMT )
Сәу 28, 2019 19:11 Asia/Almaty
  • Хазірет Әлидің (ғ.с.) сөздеріндегі жаратылыс көктемі тақырыбы 4

Аспан – жаратылған әлемнің айбынын көрсететін табиғат сырларының бірі.

Иранның даңқты ақыны Сағди  жаратылған әлемнің өзгерістерін тек ақыл және қырағылық арқылы ғана түсінуге болады деп жазған. Илаһи пайғамбарлардың шақыруы қырағылық пен көрегендік негіздеріне сүйенді. Қырағы адам өзінің ішкі күшімен ақиқатты түсініп, оның тереңдігі туралы ойлайды. Егер жаратылыстың сыртқы көріністерінен ғибрат алып, зерттелетін болса, адамдардың қырағылығына себеп болады. Аспандардың жаратылуы – ғажайыптардың бірі.

Хазірет Әли (ғ.с.): «Аспандағы жұлдыздар жердегі қалалар сияқты. Әрбір қала басқа қаламен (әрбір жұлдыз басқа жұлдызбен) нұр арқылы байланысты»,- деген болатын.

Аспан – жаратылған әлемнің айбынын көрсететін табиғат сырларының бірі. Адам аспанға қарап, ойланып, көріністен ләззат алады. Бұл мұрсат қаланың жарығы азайып, жаратылған әлемнің табиғи жарығы жақсы байқалатын даладағы түнде айқынырақ болады. Әсіресе, жазық далаға шығып, ашық аспанды, қоршаған ортаның тыныштығын, жұлдыздардың нұры мен метеориттердің жарығын тамашалайтындар басқа орталардан көрінбейтін әрі сөзбен сипаттау мүмкін емес сұлулықты көреді. Бұл өтпелі сезім. Хазірет Әли (ғ.с.) бұл сұлулықтарды әртүрлі сөзбен сипаттап, бізді жаратылған әлемнің құпия тұрғыларына назар аудартты.

 

 

Хазірет Әли (ғ.с.) өз сөзінде бұл мәселеге тоқталып: «Аспандар мен жаратылған әлем бастапқыда біртұтас масса болған. Бұл масса біртіндеп   ішкі жарылыстар мен қозғалыстардың салдарынан бөлініп, нәтижесінде жұлдыздар пайда болған. Алла Тағала түтін мен бу секілді аспандарға бір-бірімен байланыстырды. Содан соң оларды бөліп, араларын алыстатып, жеті аспанды жаратты. Аспанды жылжытып, жерді сілкінтіп, тауларды орындарынан алып, бір-біріне соғып, жермен-жексен етті". («Наһдж ул-Балағе», 109-шы құтпа). Хазірет келесі бір сөзінде жаратылыстың айбынына тоқталып: «Үлкенді-кішілі, ауыр немесе жеңіл, күшті мен әлсіз жаратылыстардың барлығы Ол үшін бірдей. Аспан мен әлемнің жаратылысы – осындай. Аспан, ауа, жел мен су, күн мен ай, өсімдіктер мен ағашар, күн мен түннің ауысуы, көптеген теңіздер мен үстіртер мен әртүрлі тілдерге көңіл бөліп, бұл жүйені жаратқан Жаратушыны теріске шығара алмайды»,- деді. (185-ші құтпа).