Рамазан – қасиетті ай 10
(last modified Sun, 19 May 2019 13:10:38 GMT )
Maм 19, 2019 19:10 Asia/Almaty
  • Рамазан – қасиетті ай 10

Исламның ұлық пайғамбары: «Дендерің сау болу үшін ораза тұтыңдар»,- деген болатын.

Қасиетті рамазан айында орза тұту – уәжіп, сондықтан әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлық мұсылмандар таңғы азаңнан мағриб намазына дейін жеп-ішуден тартынады. Мұсылмандар рамазан айында орза тұтып,  Жаратушы үшін ғибадат жасап, Құран мен дұға оқып, шөл мен аштыққа төзімділік білдіреді. Ораза күнә жасаудан алыстатуымен бірге денсаулық үшін де көп пайдалы. Исламның ұлық пайғамбары: «Дендерің сау болу үшін ораза тұтыңдар»,- деген болатын.

Қазіргі кезеңде диабет, обыр және оларға ұқсас қатерлі аурулардың артуымен денсаулық пен тамаққа көбірек назар аударылатын болды. Осы күні адамдар спортпен бірге пайдалы азық-түліктің денсаулыққа маңызды әсерін тигізетіні туралы жақсы  түсінді. Fast food тағамдар, газді сусындар, майлы және тұзы мол тамақтардың зияны көп. Кейбіреулер денсаулықтары жақсы болу үшін көкөніс жеп, табиғи шырын ішеді. Басқалар балдыр және тұзы аз тамақпен тамақтанады. Сөйтіп қазіргі адам денсаулығын жақсартып, ұзағырақ өмір сүргісі келеді. Әрине дұрыс тамақтанудың адамның денсаулығына тигізетін әсерін терсіке шығаруға болмайды. Бірақ адамның денсаулығы үшін тек жақсы тамақтану жеткілікті ме? Күн сайын ас қортумен айналысатын асқазан демалысты  қажет етеді. Адамның ауызы, асқазаны, ішектері асты қорытып, оны сіңіру және уыттарды шығару үдеріске қатысады. Бауыр, қан, қан тамырлар, гормондар мен бездердің рөліне де көңіл бөлген жөн. Рамазан айындағы ораза тұту ас қорту жүйеге 11 ай тоқтамай жұмыс жасаған соң шамалы демалуға мүмкіндік береді. Адамның әртүрлі ағзалары қажет ететіндей, ең көп жұмыс жасайтын ас қорту жүйесі үшін демалу өте маңызды әрі уәжіп. Сөйтіп рамазан айындағы ораза тұту ас қорту жүйесі, әсіресе асқазанды демалдырады. Қазіргі дәрігерлер мен дәстүрлі медицина мамандары асқазанның саулығының бүкіл дененің саулығына әсер ететінін қуаттайды. Исламның ұлық пайғамбары: «Асқазан – әр аурудың үйі,  сондықтан тартыну әр емнің негізі»,- деген болатын. Ғалымдар аурудың жетпістен астам түріне артық жеп-ішудің себеп болатынын және олардан сақтану үшін артық тамақтанудан бас тарту қажеттлігін қуаттады.

Оразаның денсаулыққа тигізетін әсерлерінің бірі денеде жиналған азық қорын тұтынуға бет-бұруы саналады. Адам тірі қалу үшін өзің-өзі жеуді бастайды. Қант пен майлар сыртқа шығарылып, протейннің қалдықтары өз жұмыстарын бастайды. Өлген және науқас жасушалар ораза кезінде жойылады және оразадан кейін жаңа жасушалар пайда болады. Осыған орай кейбір дәрігерлер ораза тұтуды дененің қайтадан дүниеге келуі және жастықтың сыры деп атайды.

Исламдық Иранның емшілер қоғамның мүшесі, зерттеуші Сейед Мұхаммад Мусави оразаның денсаулыққа пайдалы болып, оны уыттан тазарту туралы: "Ораза тұтушы адам жыл сайын бір ай бойы денесін уыттан тазартып, асқазаның демалдырады. Ораза тұтушы адам өзін тазартып, денсаулығы мен көңіл-күйін жақсартады. Негізінде қатерлі аурулардың негізгі себептері қанды ластайтын және ас қортатын жүйе ағзаларының қабырғаларына жабысатын шөгінділер. Ораза денедегі барлық ластықтарды жояды. Ораза тұту обыр, инсульт, ұмытшылдық, Паркинсон және басқа емге көнбейтін аурулардың алдын алатын фактор саналады",- деді.

Психологтар да оразаның адамға оң әсерін тигізетіні туралы баяндайды. Олардың пікірінше, ораза рухани және психикалық жағдайды нығайтады. Кедейшілік пен азық-түлік тапшылығы адамның өзіне деген сенімін арттырып, ерік-жігерге сүйенуге әкеледі. Сондай-ақ бұл мықты рух ішкі және қоғамдық қысымдарға қарсы тұрып, жеткілікті амал етуге көмектеседі. Сондықтан рамазан кезінде исламдық елдерде қылмыс пен қатыгездік азаяды. Бүйрек аурулары маманы, дәрігер Акрампур Шамс: "Рамазан айында тек бір рет тамақтанумен қанағаттанып, тек ауызашар кезінде тамақ жеп келесі күннің ауызашарына дейін еш нәрсе жемейтіндер өз денсаулықтарына зиян келтірушілер. Рамазан күндері адам азырақ тамақтануына байланысты өз салмағын төмендете алады. Әсіресе бауырын май басқа науқастар рамазан айын дұрыс  өткізсе, денсаулықтарына көп көмектесе алады. Бұл науқастар өздерін емдей алады. Баурыларын май басқан адамдар сәресі мен ауызашар кезінде майлы және тәтті тамақтардан тартынулары керек. Нан, ірімшік пен көкөніс және әрүрлі жемістер - олар үшін ең жақсы ауызашар. Ауызашардан кейін бірнеше сағат өткен соң жеңіл тамақ жей алады",- деді.

Қорыта айтқанда оразаның денсаулық үшін пайдалы екеніне тоқталып, сәресі мен ауызашардан тартынуға болмайтынына назар аударттық ауызашардан кейін тойып тамақтанатын адам оразаның пайдасын көріп, өз денсаулығына көмектесе алмайды. Оразаның пайдасына қарамастан, кейбір науқастар рамазан айында ораза тұта алмайды. Осы кезде дәрігерлердің көбі оразаның көптеген пайдасы бар екенін мақұлдады. Сондай-ақ оразаның денсаулыққа оң әсер еткені  туралы көптеген мәліметтер бар. Ораза тұту соңғы жылдарда тіпті мұсылман еместердің арасында да көптеген жақтастарын тапты.