Рамазан – қасиетті ай 11
(last modified Wed, 22 May 2019 21:21:00 GMT )
Maм 23, 2019 03:21 Asia/Almaty
  • Рамазан – қасиетті ай 11

«Әй мүміндер! Сендер өздеріңді түзелтулерің керек. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесір тигізе алмайды. Барлықтарыңның барар жерлерің Алла жақ. Сонда Алла сендерге не істегендеріңнен хабарын береді». («Мәиде» сүресі, 105-ші аят).

Қасиетті рамазан айы - адамдардың   денесі мен рухын тазартуға жақсы мұрсат. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Рамазан айы - адамның өзін тәрбиелеуі үшін жақсы кезең. Біз шикізатпыз. Егер өзімізді тәрбиелеп, бұл шикізатты жақсы пішіндерге айналдыра алсақ, өмірімізде қажет жұмысты орындаған боламыз. Өмірдің мақсаты осы»,- деді.  

Рамазан айы – тазаратын ай, адамның болмысы тазаратын ай. Рамазан айы – шайтындық нәпсі мен хайуандық сипаттардан алыстайтын ай. Рамазан айының сағаттары ең жақсы сағаттар. Бұл айда адамға өзін тәрбиелеп, ішкі болмысын тазартып, жаман сипаттарымен күресуіне рухани рухани мүмкіндік туады. Бұл айда адамдардың жеке және жамағат ғибадаттары артады.

Нәпсіні тазарту - Құранда қуатталған маңызды тақырыптардың бірі. Құранның көзқарасы бойынша, адамның нәпсісі басында беті таза ақ парақ сынды. Оны тазартатын және кемелдікке жеткізетін немесе  ластықтарды қабылдайтын мүмкіндіктермен толтыруға болады. Құранда «Шамс» сүресінде 11 рет ант ішкен соң нәпсіні тазарту  жеке адамның бақытқа жету факторы және керісінше моральдың бұзақылық бақытсыздықтың және шығынның себебі ретінді таныстырылды. "Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да; Әлде кім оны кірлетсе қор болды". ("Шамс" сүресі, 9-10 аяттары).

Нәпсіні тазарту адамның дамуына себеп болады. Даму мен кемелдікке жету жолына түскен тірі жәндіктер олардың дамуына кедергі болатын нәрселерді олардың табиғатына қайшы деп біледі. Адам үшін тазарту дамуға теңеледі. Тазару, яғни дамуға кедергі болатын нәрселерден құтылу. Адамның нәпсісі мен рухы тірі жәндік. Ол басында осал және кейін бірте-бірте  кемелдікке жетеді.

Рамазан айындағы ораза Исламның сындарлы және тәрбие бағдарламаларының бірі. Ежелден ораза өзін тәрбиелейтін және қоғаммен қарым-қатынас орнататын құрал ретінде қалыптасты. Ораза барлық діндерде тазару мағнаны білдіріп, халық Алланың алдындағы ғибадаттарымен нәпсісін тазартып, ерік-жігерін нығайтуға шақырылады. Ұстаз Моттахари: "Адам бұл айда өзін салауатты адам, ал салауатты адам кемел адам қылып тәрбиелейді. Қасиетті рамазан айының бағдарламасы нәпсіні тазарту, кемшіліктерді жойып, ақыл, иман және ерік-жігерді нығайтып, шаһуатқа жол бермеу. Рамазан - Аллаға жақындайтын ай. Егер адам бұл айда аштық пен шөлді және ұйқысыздықты тәжірибе етпесе, оған оразаның әсері тимеген",- деген болатын. 

Құран Кәрім оразаның ең маңызды нәтижесін тақуалық деп біледі. Тақуалық яғни күнәләрдан алыстап, нәпсіні тазарту. Тақуалық жарық шырақ, адамға тіке жолды көрсетеді және оны дауалдардан аман алып қалады.  Пайғамбардың (с.ғ.с.) Абузарға айтқан өсиеттерінің бірінде: «Тақуалық – барлық жақсылықтардың бұлағы»,- деп айтылды. Діни тұлғалар тақуалық  кемелдік пен алға ілгерлеудің факторы. Ораза адамға нәпсісін жеңуге көмектеседі, тақуалық қадір-қасиеттерге ие болатын маңызды құрал.

Рауаяттарда нәпсінің ластануы кемелдікке жету және илаһи рухани және материалдық берекеге ие болу жолындағы кедергі ретінде аталады. Басқа жақтан нәпсіні тазарту илаһи рақымға ие болу жолдың бірі. Имам Саджад (ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Хазірет Мұса Алладан «қиямет күні Өзіңе жақын болатындар кімдер?» деп сұраған кезде: «Жүректері таза адамдар менің қасымда болады, олар шындықтан басқаны қаламайды және әрқашан Аллаға бағынады»,- деген жауап естіді. Адам өз амалдарын қадағалап, илаһи ызаға себеп болмауға талпынады.  Бұл наным-сенімге жеткен немесе Дана Алланың олардың барлық істерінен хабардар екеніне иман келтірген адамдар жамандық жасаудан тартынып, тек жақсылық жасауға талпынды. Өз нәпсісін тазартқан адам өзін жеңіл сезіп, толық қауіпсіздікке ие болады. Имам Хусейн (ғ.с.): «Алла Тағала рамазан айын пенделердің оянуы мен ғибадаттары арқылы жәннәтқа жету әрекеттерінің факторы деп біледі. Бұл айда кейбіреулер жақсылық жасау үшін басқалардан озады, басқалар жақсылық жасаудан тартынып, шығын келтіреді. Осы кезде қасиетті рамазан айында ораза тұтып, нәпсімізді бақылауға алып, өзімізді иман келтіргендердің қатарында орналасуға дайындалайық. Сондай-ақ нәпсіні тазартып, жамандықтар, жаман әдеттер мен жаман істерді өздерімізден алыстатып, өзімізді аманатқа берік болу, шындық айту, жақсы ахлаққа ие болу туралы сұрап, дұға жасайық.