Рамазан – қасиетті ай 17
(last modified Thu, 23 May 2019 21:51:36 GMT )
Maм 24, 2019 03:51 Asia/Almaty
  • Рамазан – қасиетті ай 17

Исламның басында орын алған және Алла елшісі (с.ғ.с.) үшін маңызды әрі хазіретті таңырқататын оқиғалардың бірі миғраж сапары болды.

Миғраж – Алла елшісінің ең үлкен таңырқататын мұғжизалардың бірі. Адамның ақылы бұл шындықты түсіне алмайды. Миғраж - материалдық шеңберден шығу және аспандардан жоғары көтерілу. Бұл илаһи мұғжиза Пайғамбардың (с.ғ.с.) ғибадаты мен құлшылығының  нәтижесі. Көптеген аяттар мен рауаяттар бұл оқиғаның ұлылығын еске салады. Расында миғраж Исламның ұлық пайғамбарының жерден ғарышқа қарай көтерілуі.

Күннің жарығы кетіп, түнің қараңғылығы барлық жерге таралды. Халық жұмысын аяқтап, үйлеріңде демалып отыр. Исламның Пайғамбары (с.ғ.с.) да міндеттерін орындап, шаршап, төсегінде демалып отырған еді. Сол кезде  Жебрейілдің: «Уа, Мұхаммад! Орныңнан тұр, бізбен сапарға шық, сапарымыз  алысқа әрі ұзақ болады»,- деген дауысын естіді. Жебрейіл  Борақ атты ұсынды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) бұл бұрын-соңды болмаған сапарын әл-Харам мешітнен бастады, бірақ алдымен Бейт әл-Мұқадасқа қарай бет алып,  әл-Ақса мешітінде (Бейт әл-Мұқадаста) хазірет Ибрахим, хазірет Мұса және хазірет Иса сынды үлкен пайғамбарлардың аруақтарымен намаз оқыды. Содан соң әл-Ақса мешітін, хазірет Исаның дүниег  келген жері Бейт әл-Лаһам және пайғамбарлар үйлерін аралады. Сапарының кейбір жерлерінде екі рекет шүкір намазан орындады.

Сапарының екінші кезеңінде жеті аспанға қарай бет алды. Пайғамбар барлық аспандарды бірінен соң бірін өтіп, әлем мен жұлдыздарды үстінен көрді. Хазірет әр аспанда жаңа сахналарды көріп, пайғамбарлар аруақтарымен сөйлесті. Кейбір аспандарда тозақ пен тозаққа түскендер және басқа аспандарда жәннәт және жәннәтқа енгендермен кездесіп, Жаратушының рақым және азап орталықтарын аралады. Ол  жәннәт пен тозаққа түскендерді жақыннан көрді. Соңында жетінші аспанға жетіп, жәннәтті көріп, бұл жерде де Жаратушының әсерін көрді. Ол Алладан басқа ешкім  жоқ әрі ешбір жаратылыс жете алмайтын мекенге жетті. Тіпті Жебрейіл орнында қалып: «Егер бір адым алға бассам, өртенемін»,- деді. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) нұр мен жарыққа толы әлемде Аллаға жақындады. Алла Тағала бұл сапарда Пайғамбарға маңызды ақыл-кеңестерін айтты. Сөйтіп, миғраж Бейт әл-Харамнан, кейбіреулердің айтуынша, хазіреттің көкесінің қызы және имам Әлидің қарындасы Ханидің үйінен басталып, жетінші аспанда аяқталды. Содан соң Пайғамбарға келген жолымен қайту бұйырылды. Пайғамбар (с.ғ.с.) оралған кезде, Бейт әл-Мұқадаста түсіп, бұл жерден Меккеге бет алды. Хазірет Мекке жолында түйесін жоғалтып, оны іздеп жүрген құрайштар сауда керуенің көрді.  Пайғамбар олардың ыдысынан су ішіп, қалған суды жерге төгіп, рауаяттар бойынша, ыдысының бетін жауып қойды.  Хазірет таң атпастан бұрын атымен Умма Ханидің үйіне оралды.  

Миғраж түні оқиғасы Алланың қалауымен орын алды. Алла Тағала бұл оқиғаны растап, «Исра» сүресінің бірінші аятында: «Құлын (Мұхаммад с.ғ.с.-ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін  әл-Ақса мешітіне апарған Алла, әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші»,- деді.Исламның ұлық пайғамбары Жаратушымен сөйлескен кейбір сөздерін «Миғраж» хадисінде баяндады.

Бұл хадис - Алла елшісінің сұрақтары мен Жаратушының жауаптары.  Пайғамбар Алладан ең жақсы амалдың не екені туралы сұрады. Жаратушы: «Маған иман келтіріп, Менің ризалығым үшін амал етуден артық еш нәрсе жоқ»,- деп жауап берді. Хадистің келесі бөлімінде Алла Тағала пайғамбарына: «Уа, Ахмад! Ғибадат он бөлімнен тұрады, оның тоғыз бөлімі халал кәсіпке байланысты. Егер тамағыңды халал жолмен тапсан, Менің қолдауыма ие боласын»,- деді. Хазіреттің: «Ең жақсы әрі басты ғибадат не?» - деген сүрағына: «Ғибадаттың басы ораза мен үнсіз болу»,- деді.  Бұл сұхбат Аллаға құлшылық етудін бірінші қадамы үнсіз болып, ораза тұту екенін көреміз. Үнсіз болу мен ораза тұту Аллаға құлшылық етудіңбірінші қадамы және адамның кемелдікке жетуіне себеп болады. Адамның тілі – азат, жалған және пайдасыз сөйлей алады. Адамның асқазаны да -  азат. Бірақ егер адам қалағаның жей берсе, өз тамағымен бірге басқаның  тамағына көзін тігіп, хайуан сынды болады. Пайғамбар: «Уа, Алла! Оразаның пайдасы не?»- деп сұрады. Жаратушы: «Ораза хикметке, хикмет тануға, тану сенімге себеп болады»,- деп жауап берді. Миғраж оқиғасы Исламның ұлық пайғамбарының жоғары орны мен теңдессіз тұлға болуын көрсетті. Негізінде миғраж оқиғасы адамның жоғары мүмкіндігін және кемелдіктің жоғары деңгейіне жете алатынының белгісі. Пайғамбар Аллаға сондай жақындап, Жаратушы: «Тіпті садақтың екі басындай әлде жақынырақ»,- деді. («Нәжм» сүресі, 9-шы аят).