Революцияның екінші қадамы 8
Аятолла Хаменеи: Әлем Шығыс пен Батысқа бөлінген және ешбір адам үлкен діни қозғалыс туралы ойламаған жағдайда, Иранның Ислам революциясы өз құдыретімен майданға қадам басып, қалыптасқан негіздерді бұзып, дін мен дүниені бір-бірінің қасында баяндап, жаңа кезеңнің басталуын жариялады.
Иран Ислам революциясы әртүрлі тұрғылардан басқа революциялар мен халық қозғалыстарынан өзгеше. Ең маңызды айырмашылығы - оның исламдық діни болмысы. Материалдық дүниеде дін оқшауланып, тек жеке адамға қатысты болып қалды. Иран Ислам революциясы Ислам дінінің жеке адам мен қоғам үшін бұл дүние мен ақыреттегі жоғары армандарға жететін негізгі жолы ретінде сайлады. Иран Ислам революциясының жетекшісі өзінің «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде «Әлем Шығыс пен Батысқа бөлінген және ешбір адам үлкен діни қозғалыс туралы ойламаған жағдайда, Иранның Ислам революциясы өз құдыретімен майданға қадам басып, қалыптасқан негіздерді бұзып, дін мен дүниені бір-бірінің қасында баяндап, жаңа кезеңін басталуын жариялады»,- деді. Исламдық ұрандарды көтерген Ираннның Ислам революциясының орын алуы мен жоғары құндылықтарға ие жүйенің құрылуы Батыс әлемі үшін екі тұрғыдан қатерлі болды. Бір жағынан бұл қозғалыс Ислам мен діни құндылықтарды либерализм, коммунизм және Батыстың материалдық мектептеріне қарсы жариялады. Батыстың Ислам революциясына қарсы болуының келесі себебі дінді саясатқа енгізген әрі исламдық негіздерге сүйенген үкімет үлгісін ұсынуы болды.
Сөйтіп, ИИР Батыстың билеп-төстеушілігіне қарсы болып, зорлық-зомбылық көрген халықтарды қорғауымен бірге билікқұмар жүйенің барлық дінге қарсы екенін қуаттап, материалдық көзқарастарына күдік-күмән тудыратын мектепті идеология ретінде таныстырды. Негізінде Батыс үкіметтерінің ИИР-на қарсылық білдірулерінің ең маңызды себебі бұл елдің діни және зорлық-зомбылыққа қарсы болмысы саналады. Сондықтан исламдық жүйеге қарсы "адам құқығын бұзушы, аймақта тынышсыздық тудырушы, лаңкестікті қолдаушы, ядролық қару шығарушы" және басқа ұқсас негізсіз айыптар Иранға қысым көрсетіп, бұл елдегі исламдық жүйені оқшаулауды көздейді. Иран Ислам революциясы жетекшісі бұл салада: «Бұл елдің тәуелсіздігі, иманы, Ислам мен Алла дінінің жер мен қоғамдағы билігіне деген сенімі және жоғары құндылықтары үнемі қастық жасауды ойластыратын дұшпандарға ие болуына себеп болды»,- деген болатын. Христиан дінінің бұрмалануы және шіркеудің орта ғасырда халыққа қарсы жасаған зұлымдығы, сондай-ақ еуропалықтардың ренесансынан кейінгі бірнеше ғасырдағы кейбір басқа факторлар дінді әлсіретіп, оқшаулап, оны тіпті халық өмірінен жоюға талпынды. Олар бұл әрекеттерін барлық діндер, олардың ішінде Исламға қарсы қолданды. Осыған орай Иран Ислам революциясы жеңіске жеткен кезде дін жойылды деген ой-пікір таралған болатын. Марксизм дінді халықтың артта қалуының себебі деп тауып, бұрынғы Кеңесі одағының республикаларында дінге тыйым салынған еді. Батыстың либералдық мемлекеттердінде дінге тыйым салынбағанымен оған қарсы үгіт-насихат жүргізіліп, іс жүзінде дін оқашуланып, Батыстың халқы христиан дініне немқұрайдылық танытты.
Бұл жағдайда діни ұрандар мен армандарға ие және Исламды жаңғырту мақсатта революцияның орын алуы дінге қарсы материалдық мектеп үшін күтпеген оқиға болды. Бұрмаланған христиан және йудаизм діндері мен буддизм сынды илаһи емес мектеп растамағанымен, Ислам сынды кемел илаһи дін адамзаттың дін мен руханиятты қажет ететінін қуаттайды. Бұл революция таныстырған Ислам үйде немесе мешіттегі жеке адамның ғибадатымен шектелмеді, қоғам жұмыстарына белсенді қатысуды қуаттады. Негізінде Исламның тағылымыдары, тіпті жұма намазы және басқа жамағат намаздар және қажылық сынды ғибадаттар қоғамдық тұрғыдан маңызды. Иранның мұсылман халқының бұл дінді қайта жаңдандыруы Батыстың дінге қарсы пікірлері мен үгіт-насихаттарына күдік-күмән тудырып, нәтижесінде олар революцияға қарсы шығып, қоғам деңгейіндегі дін мен руханияттың дамуына байланысты жаңа тәжірибені сәтсіздікке ұшыратуға талпынды. Олар басынан бастап, Ислам революциясының дін туралы көзқарастарының басқа халықтар, әсіресе исламдық қоғамдарда таралып, Исламның құтқарушы ой-пікірлерімен қарсыласу ауырлайтынын білді. Бұл болжамдар жылдам іске асырылып, мұсылмандардың көбі Иранның революциясы таныстырған исламдық негіздердің әсеріне түсіп, оларды жақтауға кірісті. Кезінде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болған танымал исламофоб Даниел Пайпс: "Осы күні мұсылмандар Иранға қарап, үлгі алады. Егер бұл тәжірибе нәтижеге жетсе, басқа елдегі мұсылмандардың батылдығы артады. Бұл біз төзе алатын жәйт емес",- деді.
Айта кететін жәйт, батыстықтардың үйлер мен мешіттерден шықпайтын және қоғам мен саясатта жұмысы жоқ исламға қарсы емес. Сондықтан олар Сауд Арабиясындағы вахабизмді қатер деп санамайды. Керісінше сырт көзге исламдық көрінетін бұл ағымды қолдап, өз мақсаттары үшін пайдаланады. Осыған орай ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейни мұндай исламды "америкалық ислам" деп атаған болатын. Алайда Иран революциясы таныстырған Исламды имам "хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) пәк Исламы" деп атады. Бұл Ислам АҚШ сынды зорлық-зомбылық жасаушылармен келісімге келмес түгіл, Исламның негізгі және революцияшыл құндылықтарын тарату үшін үкімет құруға дейін барады. Иранның Ислам республикасы жүйесі имам Хомейни Исламның тағылымдарына сүйеніп және халықтың қолдауына ие болып, құрылған жүйе. Негізінде басқа Батыс үкіметтерінің Иранның Ислам революциясына қарсы болуына бұл революцияның Исламның тағылымдарын өзінің саяси жүйесінің негіздері ретінде жариялауы болды. Бұл үкіметте шариғат пен Алланың заңдарына сай амал жасалынады. Халық діни жетекшіден бастап, Президентті және Ислам Кеңесі Мәжілісі өкілдерін өз еркімен сайлап, елді басқаруға қатысады. Сондай-ақ халық өз еркімен исламдық құндылықтар, қауіпсіздік және ұлттық мүдделерді қорғайды. Исламдық жүйенің билік басындағы Ислам Кеңесі Мәжілісі жалпы қайшылықтарды шешу, жүйенің исламдық болмысын сақтап қалуды ИИР-ның маңызды тақырыбы деп санайды.
Осы кезде ИИР руханият пен дінге негізделген табысты елдердің біріне айналып, мұсылмандардың қолдауына ие болды. Америкалық исламтанушы Профессор Андреа Мейер өзінің кітабында: "Ислам революциясының нәтижесінде орнатылған Ислам республика жүйесі Исламның саяси міндетін осы күнге дейін болмағандай қылып көрсетті. Бірінші рет исламшыл саяси жүйе дінге қарсы режимнің орның алды. Мұсылмандар отаршы құдыреттерді жеңді. Өзін басқалардан ерекше санайтын құдырет - АҚШ үкіметі. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандар Иранның Ислам революциясынан үлгі алып, исламдық армандардың бірі, яғни исламдық үкімет құрғылары келеді. Батыс үкіметтері мен олардың ақпарат құралдары дұшпандық үгіт-насихаттарымен Ислам республикасын сәтіздікке ұшыраған ел ретінде көрсетуге талпынуда. Аятолла Хамени "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде: "Адасқан капиталистердің Ислам революциясына реакция білдірулері – табиғи жәйт. Бірақ бұл реакциялары нәтижеге жетпеді. Осы кезде Ислам революциясының жеңіске жетуінен қырық жыл өтті. Оның екі дұшпандарының бірі жойылды, екіншісі құлдырауда. Ислам революциясы болса, өз ұрандарына табанды қалып, алға ілгерлеуде",- деді.