Діни жетекші исламдық елдер елшілерімен кездесті
(last modified Mon, 10 Jun 2019 14:24:12 GMT )
Маусым 10, 2019 20:24 Asia/Almaty
  • Діни жетекші исламдық елдер елшілерімен кездесті

Палестина тақырыбы мен оның маңыздылығы Ислам революциясы жетекшісінің Ораза айт күніндегі жүйе басшылары, исламдық елдер елшілері және халықтың әртүрлі таптарымен кездесуінде тоқталған басты мәселе болды.

5 маусымда шаууаль айы басталып, исламдық Иранда Ораза айт күні жарияланды. Бұл күні Иранның миллиондаған мұсылман халқы бір ай ораза тұту және басқа ғибадаттарын  белсенді орындауларынан кейін мешіттерде Ораза айт намазына қатысты. Теһрандық ораза тұтушылар да адамды тәрбиелейтін рамазан айында ластықтардан тазаруына үміттеніп, бұл күннің таңғы сағаттарында имам Хомейни атындағы Теһранның үлкен діни-мәдени кешеніне жиналып, Ислам революциясының жетекшісінің имаматымен Ораза айт намазын оқыды.

Ислам революциясы жетекшісі  сөзінің басында намазға жиналғандар мен исламдық үмбетті Ораза айт күнімен құттықтады. Аятолла Хаменеи рамазан айының берекесі мен илаһи мейіріміне  тоқталып, бұл айдың иманды нығайтып, жүректерді ластықтардан тазартатын ай екенін қуаттады. Сондай-ақ бұл айдың сәресі кездерінде  халықтың білімді арттыратын сұхбаттарды тыңдап, дұға мен мүнәжәт оқуға жиналуын үлкен нығмет деп тауып, жасөспірімдер мен жастардың таза жүректерінен шыққан бұл тілектердің елдің келешегіне береке әкелетініне үміттенді.  

Ислам революциясы жетекшісінің Ораза айт намазының екінші құтпасының маңызды мәселесі Палестина тақырыбы болды. Бұл кісі Палестина мәселесін ислам әдемінің басты тақырыбы деп атап, кейбір исламдық елдердің  бұл кезеңдердегі қиянаттарының, олардың ішінде Палестина мәселесіне  қиянат жасалуына  себеп болғандарына тоқталды.   Аятолла Хаменеи: «Бахрейнде өтетін конференция америкалықтарға тиесілі. Алайда Бахрейн басшылары өздерінің халыққа және исламға қарсы  рухы және үстемшілдер алдындағы қауқарсыздығына байланысты осы конференцияны өткізуге жағдай жасады. Бірақ Бахрейн басшылары дәрменсіздігі    және халық пен исламға қарсы рухымен бұл конференцияны өткізуді өз мойнына алды. Бұл конференцияның мақсаты - «Ғасыр мәмілесі» деп аталған АҚШ-тың Палестинаға қатысты жобасын іске асыру. Бірақ бұл жоба Алланың көмегімен  еш уақытта іске аспайды. Біз бұл жобаға қарсылық білдірген исламдық және араб елдеріне, сондай-ақ палестиналық топтарға алғысымызды айтамыз. Бұл ислам әлеміне қарсы үлкен қиянат. Бахрейн мен Сауд Арабиясының билеушілері қандай батпаққа аяқ басқандарын  және бұл жобаның олардың өздерінің келешегіне қандай зиян келтіретіні туралы түсінер»,- деді.

Ораза айт намазы

Палестина тақырыбы мен оның маңыздылығы Ислам революциясы жетекшісінің Ораза айт күніндегі жүйе басшылары, исламдық елдер елшілері және халықтың әртүрлі таптарымен кездесуінде тоқталған басты мәселе болды. Аятолла Хаменеи Ораза айт күнінің жолдауын исламдық елдердің бірлігі мен ынтымақтастығы және «мұсылман үмбет» болмысына оралу деп атап, дұшпандардың мұсылмандар арасында соғыс пен қақтығыстар тудыру жобаларына тоқталып: «Мұсылман үмбеті» деген болмысты мұсылман халқы, әсіресе мұсылман басшыларының арасында жаңғырту керек. Өйткені Ислам діні мен мұсылмандардың дұшпандары «мұсылман үмбеті» деген сөзтіркесті ұмыттыруға талпынуда. Егер бұл болмысымызды ұмытсақ, ондаған исламдық елдердегі бір жарым немесе екі миллиард мұсылмандардың біртұтас үмбет екенін ұмытамыз. Өкінішке орай дұшпандар нәтижеге жетуде. Осы кезде біздің аймаққа қарасаңыздар, Ислам мен күпірлік, мүміндер мен шапқыншылар бір-біріне қарсы тұрудын орнына, мұсылмандар бір-бірімен қақтығысуда. Мұсылман халқы бар исламдық мемлекет, бірақ олардың дінсіз басшылары заңсыз сионистік режимге қарсы болудын орнына, оның қасында орналасып, бұл режимнің мүддесіне әрекетеніп, оның сөзін сөйлеп, оның пайдасына ұранданады. Керісінше исламдық елмен күреседі. Өкінішке орай дұшпандар исламдық елдер, бауырлар арасына қайшылықтар тудырып, оларды бір-біріне қарсы қоя алды. Ислам әлемі бұл мәселені шешуі керек»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісі ислам әлемінің қазіргі қиындықтарын шешу үшін Құран Кәрімнің тағылымдарына оралу қажет деп санайды. Аятолла Хаменеи исламдық елдердің бір-біріне қарсылық білдірудін орнына  дұшпанның Палестинадағы орналасуы мен қылмыстарына қарсы тұру қажеттіліктерін қуаттап:  «Осы кезде өздеріңіз байқасаңыздар дұшпан исламдық елдердің орталығы, яғни Палестинада қылмыстарын іске асырып отыр. Сондықтан барша мұсылмандар бұл мәселеге реакция білдіріп, дұшпанға қарсы шығып, оның қылмыстарын тоқтатуға шара қолдануға міндетті.  Шара қолданудын орнына ислам әлемінің кейбір мемлекеттері онымен бітімге келіп, керісінше басқа мұсылман бауырларымен дау-дамай жүргізуде. Мәселе осы жерде. Ораза айт – Ислам үмбетінің мейрамы. Сондықтан Ислам үмбетінің бірлігі туралы ойлану керек. Құранның олардан не тілегенін ұмытқандарға «Фатих» сүресінің 29-шы аятын қайталау ұсынылды.  Аятолла Хаменеи «Неге Ливия сынды исламдық елде екі топ бір-біріне қарсы тұрып, бір-бірінің қаның төгуі керек, неге Ислам дінінің жақтасымын деп жариялайтын мемлекет Йемен халқы мен бұл елдің инфрақұрылымдарын бомбалап, дұшпанның қалауына сай амал етеді?» деген сұрақтарды көтеріп: «Британияның және осы күні АҚШ саясаттары бір күнге енген исламдық елдерде уақыт өте бүліктер орын алады, исламдық елдер арасында қайшылықтар туындап, жиіркеніш пайда болады. Ливияда не болып жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Екі топ бір елдікі, бір жердікі, бір келешектікі болуларына қарамастан бір-бірінің қаның төгуде. Кімдер оларды түрткілеуде? Неге Йемен сынды бір елдің мешіттері, базарлары, ауруханалары, инфрақұрылымы бомбаланады? Неге? Кіммен бомбаланады? Ислам және мемлекетінің исламдық ел туралы уәжденушілер, сондай-ақ  халқы мұсылмандар екендермен бомбалануда. Негізсіз сылтаулармен Исламның дұшпандарының мүдделеріне сай әрекеттенуде. Біздің мәселеміз дәл осы жерде»,- деді. Ислам революциясы жетекшісі ислам әлемінің проблемаларының мұсылмандардың бір-бірімен ынтымақтастық етулерімен шешілетінін қуаттап, бұл мақсатқа жету үшін исламдық зиялылар мен ғұламалар міндеттерінің екі есе артатындарына назар аудартты. Аятолла Хаменеи ИИР-ның Палестина мен бұл елдің халқының армандарын қолдайтыны және оны қорғау шығындарды қабылдайтынын қуаттап: «Біз Ислам республикасында Палестинаны қорғауға қажет шығындарды қабылдаймыз. Палестинаны қорғайтынымызды айттық,  үстемшілер әлемі бізге қарсы шығып, соққы берді. Бірақ біз қарсыласып, табандылық білдірдік. Келешекте те табандылық білдіреміз. Қорытынды жеңіс Палестина халқыныкі болады»,- деп баса айтты. Ислам революциясы жетекшісі сөзінің басында Иранның Палестинаның мұсылман,  христиан және еврей тұрғындарынан және босқындарынан бұл елдің үкімет жүйесі туралы сауалнама жүргізу ұсынысын еске салып:  «Кейбір араб көне басшыларының еврейлерді теңізде батыру керек деген пікірлеріне керісінше Ислам республикасы олай ойламайды, бірақ  басынан Палестина халқын қорғайтынын қуаттап, үстемшілерге қарсы тұрды және осы кезде қарсыласуын жалғастыруда.  Дұшпандар Палестина халқының дауысына бағынғанша, бұл халықтың әскери, саяси және мәдени тұрғылардағы күресі жалғасуы қажет. Сондықтан Палестинаның мұсылман, христиан және яһуди халқы және басқа елдерге құғында жүрген палестиналықтар арасында сауалнама жүргізіліп, олар Палестинада қандай жүйенің орнатылуы туралышешім қабылдап, басқалар бағынулары керек. Күрес илаһи көмекпен Палестина мемлекеті палестиналық халыққа оралғанша жүргізілуі керек. Алланың көмегімен жастар бұл күнді көреді»,- деп баса айтты.