"Ғасыр мәмілесі" жобасы – Палестина армандарына қиянат жасау
(last modified Thu, 13 Jun 2019 15:41:02 GMT )
Маусым 13, 2019 21:41 Asia/Almaty

АҚШ Сауд және әл-Халифе режимі сынды кейбір араб режимдерімен бірге Палестина мәселесін шешу үшін палестиналықтардың ешбір құқыларын қарастырмаған жобаны дайындады.

Миллиондаған палестиналық босқындардың құқыларына немқұрайдылық таныту, қарсыласу ағымын қарусыздандыру, армиясы жоқ Палестина үкіметін құру мен басып алынған Құдсты еврейлендіру - америкалық "Ғасыр мәмілесі" деп аталған жобаның маңызды баптары. Бұл жобаны ешбір палестиналық топ растамады.

"Ғасыр мәмілесі" жобасындағы арабтардың рөлі

2017 жылы "Ғасыр мәмілесі" жобаны ұсынған АҚШ Президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясы, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірлігіне қысым көрсетіп, бұл жобаның экономикалық шығындарын қамтамасыз етуді көздеуде. Осыған орай аталмыш жобаны іске асыру саласының бірінші кезеңінде ағымдағы 2019 жылдың 25-26 маусымында Манамада Бахрейн конференциясы өтеді.

Палестина мәселелері маманы Салман Разави америкалық "Ғасыр мәмілесі" жобасы туралы: "Кейбір араб елдері аталмыш жобаның іске асырылуының қаржысын төлейді. Негізінде АҚШ – 20, Еуропа – 10 пайызын және арабтар – 70 пайызын қамтамасыз етеді",- деді. Манама отырысы Сауд режимі мен Бахрейн режимдерінің исламдық үмбеттің қарсылықтарына қарамастан Палестина армандарына қиянат жасау жолына түскендерін әшкерелейді. Исламдық үмбет өзінің әртүрлі рәсімдерінде америкалық жобаға қарсылығын жариялап, оған қарсы қарсыласудан бас тартпайтынын қуаттады. Осы салада Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла "Ғасыр мәмілесі" жобасына қарсыласуды мұсылмандардың  діни, ахлақи, ұлттық және саяси міндеті деп қуаттап: "Қарсыласу ағымы бұл америкалық жобаға қарсы тұрады",- деді.  Ислам революциясы жетекшісі америкалық «Ғасыр мәмілесі» жобасы туралы: «Ғасыр мәмілесі» деп аталған жоба көздеген мақсатына жетпейді»,- деп қуаттады. Аятолла Хаменеи Ораза айт намазының құтпаларында Палестина тақырыбы және АҚШ-тың «Ғасыр мәмілесі»  деп аталған қиянатын ислам әлемінің басты мәселелері деп атап: «Бахрейн мен Сауд Арабиясы сынды кейбір мұсылман елдердің қиянаттары «Ғасыр мәмілесі»  сынды сұм жобалардың пайда болуына жағдай тудырды»,- деді. Ислам революциясы жетекшісі Бахрейннің конференция өткізуді өз мойнына алғанына байланысты: «Бұл конференция америкалықтардыкі, бірақ Бахрейн басшыларының дәрменсіздігі және халық пен Исламға қарсы рухымен бұл конференцияны өткізу міндетті өз мойынына алды. Бахрейн мен Сауд Арабиясы басшылары қандай батпаққа қадам басқандарын білгендері жөн»,- деп қосты.  Бахрейннің Манамасында экономикалық конференция өткізуді жоспарлау мен    Парсы шығанағы кеңесі мен Араб лигасының Меккедегі соңғы екі  отырысында (ағымдағы 2019 жылдың 30-31 мамырында)  Палестина мәселесіне немқұрайдылық таныту Сауд және әл-Халифа режимдерінің Палестинаның армандарына қиянат жасауларының әшкере белгілері. Кейбір араб режимдердің сионистік режиммен бітімге келуі Палестинаның басып алынған аймақтарын дамыту мен бұл режимнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету көздейтін «Ғасыр мәмілесі»  жобасының негізгі мақсаты.   АҚШ-тың Голан жоталарын толығымен сионистердің меншігіне айналдыру мақсаты «Ғасыр мәмілесі»  жобасында қарастырылды. Сондықтан Израильмен басып алынған Сирияның Голан жоталары сионистік режимдікі болып жарияланды. Мұндай жағдайда Сауд, әл-Халифа және Біріккен Араб Әмірлігінің АҚШ жобасымен ынтымақтастық етулері мақсат етіліп, олар Палестина халқының шынайы армандарын өздерінің исламдық емес саясаттарының құрбаны етуге дайын. Бұл салада Бейруттың «Сент Джозеф» университетінің саяси ғылымдар ұйымы директоры Карим Емиль Битар  бұл салада Палестина халқының АҚШ-тың бұл жобасына қарсылық білдіруіне тоқталып: «Негізінде «Ғасыр  мәмілесі» жобаның негізі Палестинаның  қаналған халқының құқыларын құрбан етіп, Израильді Парсы шығанағы аймағындағы мемлекеттерге жақындату»,- деді. Биылғы Дүниежүзілік Құдс күні  араб-исламдық халықтар мен палестиналық топтардың америкалық «Ғасыр мәмілесі» жобасына қарсылық білдіріп, Құдсты қолдау көрініске айналған жағдайда, кейбір араб режимдері   ислам әлемінің басты мәселесі, яғни Құдс пен Палестинаның армандарына немқұрайдылық танытуда.

 Құдс күнінің әлемдік жолдауы

Биылғы Дүниежүзілік Құдс күніндегі шерулер әлемнің 100-ден астам елінде өтіп, Палестина халқының армандары мен құқыларының ешбір жобаға мәміле етілмейтіні және қарсыласу ағымының америкалық-араб-сионистік жобаның іске асырылуына рұқсат етпейтінің жариялады.

Колумбияның саяси істер жөніндегі маман Карлос Санта Мариа: «Құдс күні шерулерін өткізу Палестина мәселесін ұмыттырмау және Палестина халқымен бірлігін жариялау үшін   жоғары маңызға ие»,- деді.

Биылғы Дүниежүзілік Құдс күні шерулері «Ғасыр мәмілесі»  жобасын ешбір палестиналық топ және ешбір араб-исламдық елмен қабылдамағанын анықтады. Бұл жоба Палестина халқының, әсіресе босқындарының құқыларымен санаспай, тек Израиль режимнің басқыншылығын дамытуды көздейді.  Исламдық елдердің бірлігі мен біртұтастығымен «Ғасыр мәмілесі»  жобасы Палестина мәселесін шешу үшін ұсынылған Американың бұрынғы жобалары сынды сәтсіздікке ұшырайды. АҚШ-тың әртүрлі үкіметтері біржақты жобаларымен Палестина мен Израиль мәселесін шешуге талпынған. Бірақ олардың әр жобасы Палестина тарихының шыңдықтарына сай келмегендігі және тек сионистік режимнің мүддесіне болғандықтан нәтижеге жетпеген болатын.  Палестина автономиялық құрылымы мен сионистік режимнің бірнеше жылға созылған бітім келіссөздері АҚШ үкіметтерінің қолдауына ие болғандарымен, Палестина армандарымен санаспағандарына байланысты сәтсіздікке ұшырады. Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі эксперттердің бірі Хосейн Аджерлу: «АҚШ-тың Палестинаға байланыстың жобалары осы кезге дейін іске асырыламас түгіл, тіпті заңсыз саналады. АҚШ өзін әлемнің гегемоны санап, Палестина мәселесі үшін өз жобасы бар деп көрсеткісі келеді»,- деді.

Палестиналық топтардың құрылуы

«Ғасыр мәмілесі»  жобасы аймақ пен әлем деңгейінде палестиналық топтар қайшылықтарына қарамастан бұл жобаға қатысты ортақ ұстаным білдіріп отырған жағдайда баяндалды. Алпауыт құдыреттер Палестина халқының құқылары мен армандарын нысанаға алған сайы палестиналық топтар оларға қарсы бірігіп, ортақ әрі қатаң ұстаным білдіруде.

Бұл салада Палестина Автономиялық құрылымы басшысы Махмуд Аббас соңғы кезе америкалық «Ғасыр мәмілесі»  жобасының экономикалық тұрғысын талқылау маұқсатпен өтетін Бахрейн конферениясына тоқталып: «Ғасыр мәмілесі»  немесе сұм мәміле және Бахрейннің экономикалық отырысы тозаққа жетеді. «Ғасыр мәмілесі»  іске аспайды. Палестина мәселесі тек саяси жолмен шешіледі»,- деді. Осы кезде исламдық үмбет пен исламдық үкіметтердің негізгі мәселесі - Палестинаның құқылары. Бұл мәселеге немқұрайдылық таныту жәбір көрген халықтар құқыларына немқұрайдылық білдіру саналады. Зорлық-зомбылық көргендердің құқыларын шешу ахлақи, діни және адами тұрғыларға ие. Бұл салада ИИР әрқашан аймақ пен әлем деңгейінде Палестинаның қаналған халқының құқыларын қолдау саласында көшбасшы болып, палестиналықтардың құқыларын қайтару және сионистік режимнің басқыншылығының алдында палестиналық топтардың стратегиялық жағдайын нығайту үшін бүкіл талпынысын жасады. Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «ИИР бетпе-бет келіп отырған қиындықтары мен санкцияларына қарамастан, әсіресе Палестинадағы қарсыласу топтарын қолдауды жалғастырады»,- деп жариялады»,- деді. Газа секторындағы Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) саяси бюросының басшысы Яхья әл-Синвар Газа қаласындағы Палестина халқының интефазасын қолдау халықаралық конференцияда: «Егер Иранның қолдаулары болмағанда, осы кезде Палестинаның исламдық қарсыласуы мұндай құдыретті болмайтын еді»,- деді.