Революцияның екінші қадамы 10
Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи: Осы кезде Ислам революциясы жеңісінен 40 жыл өтіп, дұшпандық орталықтардың бірі (марксизм) құлдырап, екіншісі (либерализм) қиындықтармен бетпе-бет келуде. Ал Ислам революциясы өз ұрандарына табанды қалып, алға ілгерлеуде.
1979 жылдың ақпан айындағы Ислам революциясының жеңіске жетуінен 40 жылдан асты. Бұл кезеңде Иран халқы көптеген құлдыраулар мен шарықтаулардан өтті. Осы кезде бұл халық революцияның жоғары мақсаттарын алға ілгерлету мен елді абадтап, дамыту жолында жаңа кезеңің бастады. Ислам революциясының 40 жылдығына байланысты аятолла Хаменеидің «Революцияның екінші қадамы» мәлімдесінде революция армандарына негізделген Иранның келешегі туралы айтылды. Әрине бұл жылдардағы оқиғалар мен қазіргі жағдайға шолу жасамай, жарқын келешекке қарай алға ілгерлеу қиын болады және тіпті дұрыс жолынан бұрмалануы мүмкін. Осыған орай Ислам революциясы жетекшісі өз мәлімдемесінде революцияның бірінші нәсілінің көргенін бүгінгі революцияшыл жастардың көрмегендерін еске салып: «Келешекке мықты қадам басу үшін өткенді дұрыс түсініп, тәжірибеден сабақ алу қажет. Егер бұл стратегияға немқұрайдылық білдірілсе, келешек белгісіз қоқан-лоққылармен бетпе-бет келді»,- деді. Бұл мәселе өте маңызды, өйткені революция жеңіске жетсімен дұшпандар өз қастықтарын бастап, осы күні де әлеуметтік желілер мен көптеген телерадио арналар арқылы революцияның тарихына күдік-күмән тудырып, жетістіктерге немқұрайдылық танытып, кейбір осалдықтарды үлкен қылып көрсетіп, халықты Ислам республикасының белсенділігіне үмітсіздендіруге талпынуда. Діни жетекші: «Революцияның дұшпандары өткен кезеңдегі оқиғаларды бұрмалап, олар туралы өтірік мәліметтер таратып, ақша және барлық басқа құралдарды пайдаланады»,- деп қосты.
«Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде аятолла Хаменеи Ислам революциясының жеңіске жеткен кездегі жағдай мен бұл революцияның Иран мен әлемге тигізген әсерін көрсетуге талпынды. Бұл халық қозғалысы бөгделерге тәуелді, қанаушы әрі диктаторлық режим билеген ортада басталды. Елде азаттық болмай, шах режимін сынаған немесе азаттық үшін күрескен адамның тағдыры абақты мен азап-қорлық болды. Бұл басып-жаншушы үкімет Батыс, әсіресе АҚШ-тың қолдауына ие еді. Бөгделер шах үкіметіне қарсыластарын басып-жаншуға және саяси-экономикалық қысымдарын кеңейтуге көмектесті. Өздерін адам құқығы мен азаттықты қорғаушы қылып көрсететін Батыс үкіметтері еш уақытта Пехлеви режимінің үстемшілігі мен қысымдарына наразылық білдірмеді. Сондай-ақ шахтың олардан сатып алға қару-жарағына байланысты бұл режим құлатылмайтын режим деген аңыз таралған болатын. Ислам революциясының жетекшісі: "Ислам революциясы мен оның жеңісінің нәтижесінде құрылған жүйе нөлден бастады. Барлық нәрсе бізге қарсы болды. Иранның шіріген режимі өзінің қылышының күшімен емес бөгделердің арқасында билік басына келген бұл елдің бірінші патшалық режимі еді. Сондықтан АҚШ пен кейбір Батыс үкіметтерінің қарсылықтары, ішкі жағдай, ғылым мен технология, саясат пен руханият салаларындағы артта қалуымыз - барлығы бізге қарсы болды",- деп жазды.
Әр революция жеңісіне жеткен соң белгілі үкіметтік жүйенің орнатылуын қажет етеді. Сол кездегі дүниежүзіндегі көтерілістер бұрынғы Кеңес Одағын билеген коммунистік үкіметтік жүйені үлгі тұтты. Бірақ бұл жүйе көптеген кемшіліктеріне байланысты сәтсіздікке ұшырап, Кеңес Одағының өзі құлдырады. Әлем үкіметтері үшін үлгі болған келесі үкіметтік жүйе Батыстың капиталистік тәртібі болды. Бұл тәртіпті үлгі тұтқандар капиталистік үкіметтерге тәуелді болды. Олардың арасында Иран революциясы Ислам ревоюциясы ретінде ешбір үкіметтік жүйені үлгі тұтпай, бұрын-сонды болмаған Ислам республикасы үкіметтік жүйені құруға кірісті. Ислам революциясының жетекшісі бұл мәселе туралы өзінің "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде: "Біздің алдымызда ешбір тәжірибе болмады. Иман мен исламдық тағылымдарға негізделген революция үшін марксистік көтеріілстер үлгі болуға жарамады. Ислам революциясының жақтастары ешбір тәжірибе мен үлгісіз "республика" мен "исламдық негіздерді" біріктіріп, илаһи көмек, иманы және имам Хомейнидің терең ойларымен үкіметтің жаңа үлгісін құруды бастады. Сөйтіп Ислам республикасы жүйесінде исламдық құндылықтар мен халық дауысына негізделген алғашқы жүйені, яғни діни халық демократиясы орнатылды.
Иран Ислам революциясы әлем екіполюстік болған, яғни АҚШ пен Кеңес Одағы мен олардың одақтастары бір-біріне қарсы тұрған жағдайда жеңіске жетті. АҚШ - либералдық, капиталистік тәртіптің және Кеңес Одағы - коммунизм мектебінің өкілдері болды. ИИР руханият пен дінге негізделген жаңа үкіметтік жүйені ұсынып, үкіметтің үшінші түрі өзі туралы жариялады. Материалдық жүйелердің осалдығы 1991 жылы марксистік Кеңес Одағының ыдырауымен анық байқалды. Бұл оқиғадан екі жыл бұрын имам Хомейни Кеңес Одағының ыдырауы және оның себептері туралы илаһи және алғыр ақылымен Михаил Горбачевке хат жазған болатын. Бұл кісі өз хатында: "Горбачев мырза, осыдан кейін коммунизмның әлемнің саяси тарихы мұражайларында қалатыны баршаға анық. Өйткені коммунизм адамның шынайы қажеттіліктерін қамтамасыз етпейді және материалдық факторлармен адамзатты дағдарыстан шығару мүмкін емес. Батыс пен Шығыс – адамзат қоғамының негізгі дерті. Иран халқы екіполюстік әлемді үшполюстікке айналдырды.
Ислам революциясының жеңіске жетуі және халықтың референдумдағы 98 пайыз дауысымен Ислам республикасы жүйесін сайлауы әлемдік құдыреттердің наразылығымен бетпе-бет келді. Олар бұл жаңадан орнатылған жүйені құлатуды ойластырды. ИИР Конституциясында мақрұмдар мен әлсіздерге қолдау көрсету мен исламдық бірлік орнатуға талпынуды өз міндеті деп көрсетті. Аятолла Хаменеи Ислам революциясының әлемнің қаналған халықтарына тигізген әсері мен залымдардың реакциясы туралы "Революцияның екінші қадамы" деп аталған мәлімдемесінде: "Әлемнің зорлық-зомбылық көрген халықтары мен азаттық талап етуші ағымдары және тәуелсіз болғысы келетін кейбір үкіметтер Ислам революциясына үміттенген болса, әлемнің зорлық-зомбылық көрсетуші әрі бопсалаушы режимдері кегі мен дұшпандылығын көрсетуде. Ислам революциясы әлемді өзгертіп, ұйықтап жақан перғауындарды оятып, олар дұшпандылықтарын бастады",- деп жазды.
Әлемнің үстемші және билеп-төстеуші майданының талпыныстары сепаратистік бүліктер және саяси дағдарыстардан басталып, төнкеріс, санкция және соғысқа дейін жалғасты. Ирак диктаторы Саддам мен оның батыс және араб қолдаушыларының Иранға қарсы сегізжылдық соғысы Иранға көптеген шығын келтіргенімен сәтсіздікке ұшырады. Содан кейін АҚШ пен оның еуропалық одақтастары Иран халқына қарсы экономикалық санкцияларын енгізіп, революцияның жолының жалғасуына тыйым салмақ болды. Бірақ саяси, әскери, экономикалық және үгіт-насихаттық талпыныстар Алланың көмегі, халықтың иманы және революцияның армандарына табанды болуы, сондай-ақ имам Хомейни мен аятолла Хаменеи сынды басшылардың қырағылығымен сәтсіздікке ұшырады. Ислам революциясы жетекшісі "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінің бір бөлімінде: "Осы кезде Ислам революциясы жеңісінен 40 жыл өтіп, дұшпандық орталықтардың бірі (марксизм) құлдырап, екіншісі (либерализм) қиындықтармен бетпе-бет келуде. Ал Ислам революциясы өз ұрандарына табанды қалып, алға ілгерлеуде",- деді.