АҚШ-тың ирандық жолаушы тасымалдайтын ұшаққа жасаған шабуылы – еш уақытта ұмытылмайтын қылмыс
АҚШ-тың тарихы адамзатқа қарсы қылмыстарға толы. Қылмыс АҚШ мемлекеттік қайраткерлерінің ажырамас ерекшелігіне айналды.
Ислам революциясы жеңісінен кейінгі қырық жылда АҚШ Иран халқына қарсы көптеген қылмыстарды іске асырды. Иранның жолаушы тасымалдайтын Airbus ұшағына жасалған зымырандық шабуыл - бұл салада теріске шығаруға болмайтын құжат. Хиджри-шамси күнтізбесінің 1367 жылының 12 тирінде, сәйкесінше 1988 жылының 3 шілдесінде америкалық «Винсенс» (Vincennes) кемесі Бандараббастан Дубайға бет алып, Парсы шығанағынан үстінен ұшып бара жатқан «Иран Эйр» компаниясының №655 рейсін нысанаға алып, екі зымыран атып, ұшақ Хенгам аралына жақын жерге құлады. Бұл әскери қылмыстың салдарынан ирандық жолаушы тасымалдайтын Airbus ұшағының бүкіл 290 жолаушысы, олардың ішінде 156 ер, 53 әйел, жастары 2-12 жас аралығындағы 57 бала, 2 жасқа толмаған екі кішкентай бала, сондай-ақ 42 шетелдік, атап айтқанда югославиялық, пәкістандық, үнділік және араб азаматтары мен 16 экипаж мүшесі қаза болды.
АҚШ-тың сол кездегі Президенті Джордж Буш бұл қылмысты мұнай өнімдерінің еркін ағыны мен теңіз саудасына кепілдік беру саласындағы АҚШ-тың заңды құқық шеңберіндегі әрекеті деп сипаттады. АҚШ-тың жолаушы тасымалдайтын ұшаққа зымыранмен атуы халықаралық авиация заңдары мен халықаралық әуе рейстеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету негіздерді бұзу болғанымен, «Винсеннес» крейсерінің капитаны АҚШ-тың үкіметтік жоғары сыйына ие болды. Батыстың ең шулы саяси орталары бұл оқиғаға үнсіз қалды. АҚШ басшылары бұл оқиғадан кейін қоғамдық пікірді адастырып, бұл оқиғаға өздерінің қатысты болуын теріске шығаруға талпынды. АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің бірі Рейган: «Ұшақ тікелей «Винсенс» крейсеріне қарай ұшты, сондықтан кеме өзін ықтималды шабуылдан қорғау үшін зымыран атты»,- деді. АҚШ Орталық штабының қолбасшыларының бірі генерал Уильям Дж. Кроу: ««Винсенс» өзін қорғау мақсатпен атты»,- деді. АҚШ кейін де өзін қорғауды заңды көрсету үшін әртүрлі жобаларды ұсынды. АҚШ-тың жобаларының бірі ретінде келесі жәйтті айтып кетуге болады. АҚШ-тың уәжденуінше, «ирандық жолаушы тасымалдайтын Airbus ұшағының артында Ғ14 әскери ұшағы жасырылды, Airbus ұшағы өзін жарып жіберуді көздеді, бұл әрекет сол күні таңертең ирандық торпедолардың әрекетімен бірге жоспарланған әрекеттердің бірі». Бұл уәждер АҚШ-тың әскери қолбасшылары және саяси жоғары лауазымды басшыларының тарапынан айтылып, халықаралық құқылардың басты негіздерін әшкере бұзу болды. Уақыт өте бұл уәждерджің өтірік болулары дәлелденді. Құжаттар мен деректер АҚШ үкіметінің жолаушы тасымалдайтын ұшақтың құлауын «адами қателік», яғни ирандық ұшқыштың қатесі деп көрстекісі келгенін көрсетті. Бұл мәселелерге қарамастан олардың ойларынан шығарған рауаяттары бірте-бірте әшкереленді. АҚШ Теңіз күштері штабының қолбасшысы адмирал Уильям Кроу 1988 жылдың 3 шілдесінде №655 рейске қарсы зымыранның атылуынан бір сағаттан кейін Пентагонның баспасөз отырысында: "Ирандық ұшақтың бағыты тікелей «Винсенс» крейсеріне қарай болғандықтан және ол бірнеше ескертуге немқұрайдылық білдірген соң «Винсенс» өзін қорғау үшін оған қарай атуға мәжбүр болды",- деді. Оның келесі сөзі "ирандық ұшақ өзінің дәлізінен шығып, америкалық крейсердін капитаны оны Ғ14 әскери ұшақпен шатастырды" деген уәжі болды. Келесі күндері де америкалық басқа басшылар мен «Винсенс» крейсерінің адамдары бұл оқиға туралы ұқсас уәждерін айтты.
"Халықаралық азаматтық авиация" ұйымы (ИКАО) 1988 жылдың желтоқсанында «Винсенс» крейсерінің зымырандарын атқан кезде халықаралық заңдарды бұзып, Иранның суларына енгендерін анықтады. Үш жылдан кейін адмирал Уильям Кроу теледидар бағдарламасында өзінің қайшылықтарға толы сөзінде бұл мәселені растады. Америкалық басшылардың бұл қайғылы апат туралы хабардар болулары және оған екіжүзділік білдірулері туралы соңғы құжат 2014 жылдың 22 шілдесінде америкалық "Вайс" журналымен АҚШ Мемлекеттік департаментінің құжаттары әшкереленген кезде белгілі болды. Аталмыш журналдағы мәлімдеменің авторы Соломон Хьюс: "Бұл құжат АҚШ Президенті Рональд Рейган мен Ұлыбритания Премьер-министрі Маргарет Тэчердің бір-бірімен хат жазысып, оқиғаға Иранды жауапты еткісі келгендерін көрсетеді. Олар бұл хаттарында ресми сөздердің АҚШ-тың бұл ұшақты өзін қорғау үшін құлатқанын растайтындай болу қажеттілігін қуаттады",- деп жазды.
7 шілдеде жазылған хаттарының бірінде АҚШ-тың кезіндегі Президенті Иранның БҰҰ-нан америкалықтардың әскери емес қарапайым халықты қыруын айыптауды сұрауына алаңдаушылық білдіріп, бұл оқиғаның АҚШ пен Ұлыбританияның Парсы шығанағындағы екіжақты мүдделері мен Батыс теңіз күштерінің бұл аймақта орналасуына әсер етпеуін сұрады. Бұл хаттан бұрын Британия Сыртқы істер министрлігінің АҚШ-тағы бұл елдің елшілігіне жіберліген құпия жеделхатта қоғамдық пікір үшін «Винсеннес» крейсерінің зымыранды ирандықтар шабуыл жасаған соң атқаны, сондай-ақ америкалық крейсердің белгісіз ұшаққа ескерту жасағаны, бірақ жауап алмаған соң өзін қорғау үшін зымыран атқаны туралы хабар таратылсын деп айтылды.
Ресейдің әскери мәселелер маманы Юрий Лиман «Спутникке» берген сұхбатында: «АҚШ бұл әрекетті әдейі жасады. Олар Иранға егер ирандықтар америкалық кемелерге қарсы қоқан-лоққы жасайтын болса, олар әр нәрсеге, тіпті жолаушы тасымалдайтын ұшақтарына атуға дайын екендерін көрсеткісі келді. Бұл зорлық-зомбылық тактикасын пайдалану болды»,- деді. Сол кезде АҚШ Вице-президенті болған Джордж Буш әкесі: «Еш уақытта АҚШ тарапынан кешірім сұрамаймын, мен үшін шындық маңызды емес»,- деді. Осы кезде де АҚШ-тың болмысы өзгермеді. Трамптың билігі кезіндегі Америка да адамзатқа қарсы ұстанымдарымен танымал. Бұл елдің бұрынғы президенттері үшін де адамзатқа қарсы қылмыс жасау мақтан тұтатын жәйт болды, олар өз мақсаттарына жету үшін әр құралды пайдаланып, өз әрекеттерін ақтауға талпынатын.