Білім мен қадір-қасиетке ие бану
(last modified Thu, 04 Jul 2019 05:05:40 GMT )
Шіл 04, 2019 11:05 Asia/Almaty
  • Білім мен қадір-қасиетке ие бану

Бүгін – Исламның Ұлық пайғамбары әулетінің қымбатты бануы хазірет Фатима Масуменің туған күні.

Хазірет Фатима Масуме хиджраның 173-ші жылының зиқаеде айының бірінші жұлдызында имамат пен велаят отбасында  дүниеге келді. Бұл ұлы бану  әкесі  имам Казем (ғ.с.) және ағасы  имам Реза (ғ.с.)  өмір сүрген ортада тәрбиеленді. Оның анасы хазірет Наджме Хатун пәк әрі тақуа әйел болды және имам Резаны (ғ.с.) туғаннан кейін ол «Тахере» деген лақап атпен аталатын болды. Сөйтіп хазірет Фатима Масуме иманы мол әрі пәк анасының етегінде өсіп, оның бойына қарапайымдылық,  пәктік пен білімдарлық және даналық сынды қадір-қасиеттер қалыптасты. Оның анасы имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) және әкесі имам Хусейннің (ғ.с.) ұрпақтарынан болды. Сондықтан хазірет Масуменің зиаратнамасында: «Сәлем саған Хасан мен Хусейннің қызы»,- деп айтылды.

ИИР күнтізбесінде "Қыздар күні" деп аталған хазірет Фатима Масуменің туған күні пәк әулеттің жақтастары бұл банудың қасиетті кесенесі мен басқа мешіттерді безендіріп, Исламның ұлық пайғамбары әулетінен шыққан хазірет Фатима Масуменің құрметіне әртүрлі рәсімдер өткізіліп, Құм қаласы ерекше көңіл-күйге бөленеді.

Осы әйгілі банудың туған күнінде хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен оның әулетіне сәлем мен салауат айтып, Пайғамбар әулетінің жақтастарын құттықтаймыз!

Хазірет Фатима Масуменің дүниеге келуі Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті үшін ерекше маңызды болды, өйткені оның дүниеге келуі туралы хабар сан рет имам Садықпен (ғ.с.) жарияланып, сол кезден шиіттер мен Пайғамбар әуелтінің жақтастары хазірет Масуменің жоғары орны туралы хабардар болуға шақырылды. Имам Садықтың (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Алланың кесенесі Мекке, Алла елшісінің кесеенсі – Медина, имам Әлидің кесенесі – Куфе,  менің және перзенттерімнің кесенесі – Құм.. Менің ұрпағымның, имам Мұса Каземнің (ғ.с.) есімі Фатима деген қызы бұл қалада дүниеден озады. Біздің шиіттеріміз оның шапағатымен жәннәтқа енеміз»,- деп айтылған болатын. («Бихар әл-Анвар», 57-ші том).

Сондықтан Құм қаласының бірақатар ойшылдары бұл банудың қалаға келітінінен хабардар болып, оның келуін асыға күткен болатын. Исламның ұлық пайғамбары, хазірет Әли (ғ.с.) және басқа пәк имамдардың көбінің ауызынан айтылған рауаяттарда Құм қаласының қадір-қасиеті туралы баяндалды.

Хазірет Фатима Масуменің жоғары орның келесі оқиғадан түсінуге болады. Аятолла Наджафи Мараши: «Менің Құмға келуіме әкемнің келесі оқиғасы себеп болды. Әкем Наджафтың әйгілі ғұламаларының бірі Аға Сейед Махмуд Мараши имам Әлидің (ғ.с.) қасиетті кесенесінде  хазіретті көру үшін қырық күн қонады. Түндердің бірінде хазірет Әлиді (ғ.с.) көреді. Хазірет әкемнен: «Сейед Махмуд, не айтқын келеді?»- деп сұрайды. Әкем: «Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қабірінің қайда екенін білгім келеді. Оған зиарат жасағым келеді»,- деп жауап береді. Хазірет Әли (ғ.с.): «Мен хазірет Фатима-Заһраның өсиетіне қайшы қабірінің қайда екенін айта алмаймын»,- деді. Әкем: «Мен хазірет Заһраға зиарат жасағым келсе, не істеймін?» Хазірет: «Алла Тағала хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) айбының хазірет Фатима Масумеге сый етті, сондықтан хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) зиарат еткісі келген адам, хазірет Фатима Масумеге зиарат етсін»,- деді»,- деп есіне алатын.

Құм қаласындағы хазірет Масуменің қасиетті кесенесі

Пәк имамдардың мектебінде тәрбиеленген хазірет Фатима Масуме пәктіктің жоғары үлгісі болып, «пәк, бейкүнә» деген лақап атқа ие болды. Имам Реза (ғ.с.) ол туралы: "Хазірет Масуменің Құм қаласындағы кесенесін зиярат еткен адам мені зиярат еткендей", -  деп айтқан болатын.  Хазірет Масумені ғалымдар "Пайғамбар әулетінің Кәрімі" деген атпен еске алатын. Пайғамбар әулеті әйелдерінің арасында мұндай ат тек Масумеге берілді. "Кәрім", яғни жомарт. Хазірет Масуме Құран мен Исламның тағылымдары бойынша өмір сүріп,  өмірін Алланы еске алумен өткізді. Дінге толық еріп, нұсқаған жолдан таймағанына байланысты ол адамгершілік кемелдіктің жоғары дәрежесіне жетті. Хазірет Масуменің кесенесін зиярат ету туралы рауаяттарда көп айтылып, көп насихатталған. Осының өзі хазірет  Масуменің жоғары деңгейінің белгісі.

Осы кезде Батыс мәдениеті ахлақи құндылықтар мен адамгершілік негіздеріне шабуыл жасап, әртүрлі қоғамдардағы қыздар мен әйелдер қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп, қыздар мен әйелдер арасында ұятсыздықты таратып отырған жағдайда, хазірет Фатима Масуменің өзі мен қадір-қасиеті туралы білу екі есе маңыздылау болуда.

Хазірет Масуме Құранның тағылымдарына пайдаланып, білім алу жолында көптеген талпыныс жасап, өз заманың тану саласында маңызды рөл атқарды. Хазірет Масуме Мединеден қасиетті Мешһед қаласына ағасы имам Резаға (ғ.с.) бара жатқан кезде, халықтың діни сұрақтарына жауап берді. Хазірет Масуме сондай-ақ саяси терең қырағылығымен халықты Аббасилердің набават әулетіне жасаған зұлымдықтары және Мамунның имам Резаның (ғ.с.) имамат құқығын таптағаны туралы баяндады. Бұл бану өзінің кемелдігі, қарапайымдылығы, діни-саяси терең көзқарасымен бүгінгі әйелдер үшін үлгі бола алады.  

Осы кезеңде мұсылман қыздарға қадір-қасиеттерге ие болып, білім алу олардың дамуы үшін өте маңызды. Батыс мәдениеті адамгершіліктен жат көзқарастарымен қыздарды бет-мойынға түрлі опа-далап жағу,  сән-салтанат, нәпсілеріне бағынуға шақыратын жағдайда, исламдық мәдениетті таратушылардың талпынысы екі есе артуы керек. Батыс мәдениеті әйелдер мен қыздарды нысанаға алып, оларды мейірімділік, ұят, қарапйымдылық, ахлақ және білім алудан алыстатуға талпынуда. Осыған орай әйелдер лайық үлгілері болса, Батыс мәдениетінің торынан өзін азат етіледі. Хазірет Масуме өзін тәрбиелеп, білім алып, ахлағымен бүгінгі мұсылман қоғамының әйелдеріне әсерін тигізе алатын үлгі бола алады. Қыздардың пайдалы білім алулары олардың жалғандықтан құтылуларына көмектеседі. Білім алу мен өздерін тәрбиелеу және Аллаға жақындаулары әйелдерді өздеріне лайық орынға жақындатады. Исламның көзқарасынша, әйелдің қарапайымдылығы отбасы мен қоғамның саулығына себеп болды. Әйелдер мен қыздар білім алуларымен бірге өмірлерінде табыстылау болу үшін өздерінің әйел міндеттерімен таныс болулары керек. Жұбайымен қарым-қатынас орнату мен бала тәрбиелеу -  әйелдердің маңызды міндеттерінің бірі. Осы кезде қыздар бұл міндеттерін дұрыс түсінбейді. Алла Тағала әйелдің болмысы мейірім мен махаббатқа толы  және жұбайы мен перзенттеріне  махаббатын білдіруші қылып жаратты. Әйел жұбайы мен перзенттерін махаббаты және мейрімідерімен бөлей алады. Әрине Ислам діні ер адамның жұбайы ретіндегі махаббаты мен қамқорлығына ерекше көңіл бөледі. Ер адамның әйеліне махаббатын білдіріп, үй жұмыстары мен балаларын тәрбиелеуге ынтымақтастық  етуі исламдық тағылымдарда ер адамға насихатталған мәселелер болып табылады. Имамат отбасыларында перзенттері - ұлдары да, қыздары да дін, Құран, хадис және фикхпен толық таныс болды. Хазірет Масуме де осылай тәрбиеленді. Қыздары мен ұлдарының білім мен дінді үйренулері үшін бірдей жағдай жасалған отбасылар қандай бақытты. Өйткені әйелдер дені сау қоғамды тәрбиелеуге маңызы рөл атқарады.  

Әлемнің барша мұсылмандарын хазірет Фатима Масуменің туған күнімен құттықтаймыз!