Діни жетекшінің көзқарасы: Қажылықтың рухани, қоғамдық және саяси тұрғылары
(last modified Mon, 08 Jul 2019 14:08:45 GMT )
Шіл 08, 2019 20:08 Asia/Almaty
  • Діни жетекшінің көзқарасы: Қажылықтың рухани, қоғамдық және саяси тұрғылары

Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи өткен сәрсенбі 12 тирде, сәйкесінше 3 шілдеде таңертең имам Хомейни атындағы хосейниеде Иранның қажылық пен зиарат ұйымы басшыларымен кездесті.

Ислам революциясының жетекшісі бұл кездесуде қажылықтың рухани, қоғамдық және саясат тұрғыларына тоқталып, оның Ислам дінінің мадаққа ие құндылықтарының бірі және ерекше жиын деп тапты. Аятолла Хаменеи ирандық қажыларға қажылық мұрсатын пайдаланып және оның қоғамдық, саяси және ахлақи тұрғыларына көңіл  бөлу туралы ақыл-кеңес беріп,  саудиялық үкіметтін қажылардың қауіпсіздігі  мен қадір-қасиетін қамтамасыз ету ауыр міндетін еске салды. Аятолла Хаменеи АҚШ пен әлемнің басқа үстемшілерінің мұсылмандарға дұшпандылық білдірулеріне зұлымдықтың алдын алатын исламдық тағылымдар мен олардың шындығы себеп болды деп білді.

Қажылыққа жауаптылардың аятолла Хаменеимен кездесуі

Аятолла Хаменеидің көзқарасынша, қажылық исламдық құндылықтар мен Ислам мадақтайтын ерекшеліктерге ие болуына байланысты ерекше міндет болып саналады. Бұл кісі қажылықты руханияттың қасында материалдық өмірді де көрсететін исламдық қоғамның кіші-гірім үлгісі және исламдық жаңа өркениеттің көрінісі деп атап: "Қажылық  құндылық пен қарапайымдылықтың көрінісі, өйткені қажылықтың рәсімдері басынан соңына дейін Алланың алдында қарапайым болып, тек Өзіне құлшылық ету саналады.  Қарапайымдылық рухани фактор  болуымен бірге оның қоғамдық факторын, яғни бірлігі мен бауырластығын ұмытуға болмайды. Ол кедей мен байды, әртүрлі халықтар  мен әртүрлі ұлттарды бір-бірінің қасына қойып,  ортақ ерік-жігер, ортақ мақсатпен іске асыруда. Исламдық және басқа әртүрлі діндер міндеттерінің арасында қажылық сияқты рәсім кездеспейді",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі қажылық рәсімдеріне тоқталып, оны халықтың қоғамдық өмірінің көрінісі деп тауып: "Қажылық алға ілгерлеуге себеп болатын фактор, қажылық – ғибадат. Бұл ғибадатында адам алға ілгерлеу, тәуәп ету, талпыныс пен қарым-қатынасты көреді. Бұл үлкен жиын. Халық Арафатта, әл-Харам мешіті мен Минадағы рәсімдерін бірге орындайды. Бұл Исламның қоғамдық өмірінің көрінісі. Мұның барлығы қажылықта бар. Қажылық – ахлақтың көрінісі. "Қажылық белгілі айларда орындалады. Кім ол айларда (ыхрам байланып) міндеттенсе, қажылық кезінде әйелге жақындасу, кінә істеу және жанжал жоқ..." ("Бақара" сүресі, 197-ші аят). Қажылық мекені - бауырластық жері, адамгершілік жері. Бұл бір-бірімен ұрыс-керіс жүргізетін жер емес. Қажылық сабақ алатын жер",- деді. Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында Құран аяттарына сүйеніп, қажылықтың саяси тұрғысына тоқталды.

Бұл кісінің бұл салада тоқталған бірінші аяты "Әл-Имран" сүресінің 103-ші аятының үзіндісі болды. Бұл аятта Жаратушы: "Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер...",- деді. Ислам революциясының жетекшісі мұсылмандар арасындағы бірліктін саяси және діни екенін қуаттап: "Кейбіреулерден үнемі еститін кейбір үлкен қателердің бірі "қажылықты саяси етпеңдер" деген сөздер. "Саяси етпеңдер" деген не? Қажылық бір жағынан саяси, басқа жағынан исламдық тағылымдардың бірі. Бірлік сақтау – саяси  әрі Ислам дінінде назар аударылған мәселе.  Біз қажылық кезінде Палестина немесе ислам әлемінің Йемен және басқа зұлымдық көрген халықтарын қорғап-қолдаймыз. Бұл саяси іс. Алайда бұл іс бір жағынан саяси, басқа жағынан исламдық тағылымдарға сай. Өйткені зорлық-зомбылық көрген халықты қорғау уәжіп саналады",- деді.

Ислам революциясы жетекшісі «Тәубе» сүресінің 3-ші аятына тоқталып, қажылық кезіндегі мүшіріктерден безу (бараат) рәсімі туралы баяндап, оны исламдық міндеттердің бірі деп атап: «Бараат мәселесіне тоқталып, жылдар бойы оны ең жақсы түрде орындауға талпынуымыз бұл амалдың исламдық міндет болуына байланысты.    «Ал бұл ірі Қажылық күні, Алладан, Елшісінен халыққа бір жарнама: Расында Алла және Елшісі мүшріктерден безеді». («Тәубе» сүресі, 3-ші аят). Сондықтан мүміндер де мүшіріктерден безеді.   «Сендерден де Алладан өзге табынғандарыңнан да бездік.  Сендермен арамызға мәңгі дұшпандық, өштік бастады. Сендерге Алланың бірлігіне иман келтіргенге дейін қарсымыз” деген. («Мүмтахене» сүресі, 4-ші аяты). 

Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында қажылық кезінде мүшіріктерден безуді саяст іс деп атады. Бұл кісі  дінсіз саясатты  дінге қарсы саясат деп біліп: «Қажылық кезінде АҚШ-қа наразылық білдірмеңдер деп айту – саяси дәлірек айтқанда шайтандық саяси әрекет.  Исламдық емес саяси әрекет. Бірақ сендердің әр мүшірік, исламға қарсы әр әрекеттен безулерін де – саяси әрекет әрі діни әрекет. Бұл діни саясат. Бұл біздің қажылық туралы білуге міндетті мәселеміз»,- деп қосты. 

Ислам революциясы жетекшісі Сауд Арабиясының қажілік істеріне жауаптыларын қажылардың қауіпсіздігі мен қадір-қасиеттерін, беделін қамтамасыз етуге міндетті болулары мен  саудиялық үкіметтің ауыр міндетін қуаттап: «Мекке мен Мединеде және басқа қажылық жерлеріндегі қажлық істеріне жауаптылар бір жағынан қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, басқа жағынан олардың қадір-қасиеттері мен беделіне нұқсан келтірмеу сынды ауыр міндетке ие»,- деді.

Аятолла Хаменеи үстемшілдердің, әсіресе АҚШ-тың Исламға қарсы дұшпандылығына тоқталып, бұл мәселені исламдық тағылымдар мен шындықтарға қарсы зорлық-зомбылық деп атады. Бұл кісі бұл салада «Хамд» сүресінің  «Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!» деген 5-ші аятын еске салып: «Алланың алдында қарапайым болайық, яғни   Алладан басқаның,  мәселен материалдық құдыреттердің алдында қарапайымдылық сақтау қажет емес. Оларға бағынбау керек. Біздің бағынбауымыз – олардың дұшпандылығының себебі. Дәл осы исламдық үмбеттің жеңісі мен алға ілгерлеуінің және құтқарылуының факторы»,- деп баса айтты.

Аятолла Хаменеи исламдық негіздерге көбірек табанды болған сайын, Алланың қолдауына көбірек ие болып отырған Иранды мысал келтірді. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің соңында: «Мен Иран мен исламдық үмбеттің келешегінде ислам әлемі, Иран халқы мен исламдық үмбеттің қатыгез дұшпандары Исламның алдында тізесін бүгуге мәжбүр болатынына,  келешекте Алланың көмегімен Ислам мен мұсылмандардың ғиззаты және исламдық қоғамның алға ілгереуінің куәсі болатынымызға сенемін. Бұл келешектің болатыны анық, бірақ талпыныс жасау қажет. Бірде-бір мақсат пен нәтижеге талпыныс, күш-жігер, еңбек пен ынтымақтастықсыз қол жеткізілмейді. Барлығымыз, Иран халқы мен әлемнің бүкіл мұсылмандары  Алла Тағаланың көмегімен   табыстарға  жететіндерімізге үміттімін»,- деп қуаттады.