Саудиялық коалицияның Йеменге қарсы қылмыстары – халықаралық гуманитарлық құқық пен заңдарды бұзу
(last modified Sat, 20 Jul 2019 12:17:40 GMT )
Шіл 20, 2019 18:17 Asia/Almaty
  • Саудиялық коалицияның Йеменге қарсы қылмыстары – халықаралық гуманитарлық құқық пен заңдарды бұзу

Йеменге қарсы саудиялық коалицияның соғысының 52-ші айы аяқталды. Саудиялық коалиция Йеменге қарсы соғысында көптеген қылмыстар жасады.

Қызыл крес халықаралық комитетінің 1977 жылғы қосымша протоколдарына жасаған ресми сараптамасы бойынша,  әскери қажеттілік   негізгі әскери мақсаттарға қол жеткізу үшін  жасалатын әрекет. Бірақ  саудиялық коалицияның өткен 52 айдағы қылмыстары халықаралық құқылардың маңызды негіздерін әшкере бұзу болды. БҰҰ-ның мәліметінше, Йеменнің 24 миллиондық халқының 80 пайызы  гуманитарлық көмектің кемінде бір түрін қажет етеді. ЮНЕСЕФ-тың мәліметінше, йемендік халықтың 46 пайызы таза су тапшылығымен бетпе-бет келуде. Сондай-ақ өткен төрт жылда бұл елдің шамамен барлық азық-түлік қорлары, базарлар, егіндік жерлер бомбаланды. 2019 жылдың 8 маусымында БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысының орынбасары Фархон Хақ: «Шамамен жарты миллион йемендік ағымдағы 2019 жылдың бірінші жарты жылында тырысқақ ауруына шалдықты, олардың ішінде 203000 15 жасқа толмаған йемендік балалар болды»,- деді. Фархон Хақтың айтуынша, бұл алты айда тырысқақ ауруының салдарынан 705 адам қаза болды. 2018 жылы бұл аурудан шамамен 75 адам өлген болатын. Бұл мәліметтер «Сауд Арабиясының әлемнің соңғы онжылдықтарындағы ең үлкен апаты саналатын Йемендегі қылмыстарын қандай мақсатпен іске асыруда?» деген сұрақты тудырады

1977 жылғы бірінші протоколдың 57-ші бабы бойынша әскери қолбасшылар әскери еместердің адами апатына, олардың жарақат алуларына, мүліктеріне зардап келтіру    немесе басқа шығындарға себеп болатын шабуылдан бас тартулары керек. Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысының басталуынан 52 ай өтіп, бұл кезеңде әскери еместерді нысанаға алды. ЮНЕСЕФ-тың 2019 жылдың маусым айындағы мәліметінше, әр екі сағатта йемендік бір әйел мен алты бала қаза болады. Әр 10 баланың тек үшеу дәрігерлік қызметпен қамтылды. Дүниеге келген әр 37 сәбидің біреуі өмірінің алғашқы айларында өледі. Йемендік айлардың 18 пайызында ешбір дәрігер жоқ, олардың көбі  соғыстың басталуына байланысты елден кеткен немесе өмірлері үшін алаңдап, ауруханаларға бармайжы. Сондай-ақ 1071000 йемендік бала елдің ішінде босқынға айналды. Және бес жасқа толмаған 360000 бала аштықпен бетпе-бет келіп отыр.

Йемендік балалар азық-түлік  тапшылығымен бетпе-бет келуде

Халықаралық гуманитарлық құқылардың негіздерінің бірі – бөлу принципы. Бұл негіз бойынша, әскери емес қарапайым халық соғысқа қатыспауларына байланысты халықаралық құқылардың қолдауына ие болып, дұшпанның әрекеттерінің нысанасына түспеулері керек. Сондай-ақ бөлу принцип үкіметтерді әскерилер мен әскери мақсаттарды бір жаққа және әскери емес халық пен әскери емес мақсаттарды екінші жаққа бөлуге міндеттеп, тек бірінші жақ мақсаттарына шабуыл жасауға рұқсат береді. Бұл негіз бұзуға олмайтын заң ретінде танымал болды. 

Бірақ саудиялық коалиция өткен 52 айда шабуыл жасаған кездерінде әскери еместерді бөлмеді. Дәрігерлік орталықтар мен ауруханалар, мектептер, тұрғын үйлер сынды әскери емес жерлер нысанаға алынды. Сөйтіп,  соғыстың салдарынан Йемен инфрақұрылымының 80 пайыздан астамы қирап,  әртүрлі аймақтардағы 1800-ден астам мектебі пайдалануға келмейтін жағдаймен бетпе-бет келуде. Құқық пен даму орталығының мәліметінше, саудиялық коалицияның Йеменге қарсы соғысыынң төртінші жылының соңында 15 әуежай, 2661 құрылық жолы, 1824 үкіметтік органы, 14 портые 193 электр тоқ генераторы, 434 байлынсы арна, 341 дәрмен орталығы, 945 мешіт және 424654 тұрғын үй саудиялық коалицияның әскери ұшақтарының шабуылдарының салдарынан қирады немесе зардап шекті.  Соғыстың салдарынанЙеменнің денсаулық орталықтарының жартысынан артығы жабылды немесе шектеулі жұмыс жасайды.

Халықаралық жүйе, халықаралық ұйымдар мен органдар Сауд Арабиясы басқарған Йеменге қарсы коалицияның әскери емес адамдар мен олардың мүліктеріне шабуыл жасаулары және тыйым салынған қаруларды пайдалану сынды қылмыстарының халықаралық заңдарды бұзу екеніне назар аударулары керек.  

Өкінішке орай бүгін Сауд Арабиясы басқарған Йеменге қарсы коалицияның халықаралық құқыларды анық бұзуларына және БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттерештың Йеменнің соғысын ең үлкен адами апат деп бағалауына қарамастан ешбір халықаралық ұйым, олардың ішінде БҰҰ сен Халықаралық қылмыс соты бұл қылмыстарға қарсы шаралар қолданбас түгіл, тіпті оларды зерттемеді. Көптеген елдердің, олардың ішінде исламдық елдердің және кейбір батыс мемлекеттерінің қоғамдық ой-пікірі Йемендегі адамзатқа қарсы қылмыстарды орындаушыларды соттауды талап етуде.  Бірақ АҚШ және Йеменге қарсы соғыста негізгі рөлді атқарушы саудиялық тақ мұрагер Мұхаммад бен Салманның қолдаулары әр халықаралық әрекеттің алдын алып отыр. Батыс үкіметтері, әсіресе АҚШ-тың саудиялық коалицияның Йеменге қарсы соғысына байланысты ұстанымы адам құқығының бұл құдыреттердің мүдделерінің құрбаны  болуын көрсетеді.