Йемен: Басқыншылардың бассыздықтарына жауапты олардың өз территориясында береміз
https://itolqyn.com/news/west_asia-i68732
Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі: "Егер басқыншылар Йеменге қарсы қылмыс жасайтын болса, біздің жауабымыз қапыда қаларлықтай болады. Бүкіл аймаққа әсер ететіндей ірі шабуылдар жасаймыз",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 02, 2023 16:24 Asia/Almaty
  • Йемен: Басқыншылардың бассыздықтарына жауапты олардың өз территориясында береміз

Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі: "Егер басқыншылар Йеменге қарсы қылмыс жасайтын болса, біздің жауабымыз қапыда қаларлықтай болады. Бүкіл аймаққа әсер ететіндей ірі шабуылдар жасаймыз",-деді.

Сауд Арабиясы АҚШ, БАӘ және басқа бірнеше елдің қолдауымен 2015 жылы наурызда Йеменге әскери шабуыл жасап, оны құрлық, теңіз және әуеден қоршауға алды.

Бригада генералы Яхия Сари жексенбі күні: "Басқыншылар жеңіліске ұшырайды. Көріп отырғандарыңыздай, жойқын соққылардан кейін БАӘ кейінгі амалдарға қатыспады. Байланыстырушы офицерлер жіберумен шектелді",-деп баса айтты.

Яхия Сари: "Егер біз тек Сауд Арабиясы және БАӘ-мен ғана күрессек, бірінші жылы-ақ соғыс аяқталатын еді. Бірақ осы басқыншылыққа йемендіктердің өзі араласып, олар соғыс отынына айналғаннан кейін қақтығыс ұзаққа созылып кетті",-деді.