Pars Today
Йемен мен Сауд Арабиясы соғысты тоқтатуға маңызды қадамдар жасап жатқан кезде АҚШ-тың Эр-Риядқа қысымы соғыстың аяқталғанын жариялауға басты кедергі болып отыр.
Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі: "Егер басқыншылар Йеменге қарсы қылмыс жасайтын болса, біздің жауабымыз қапыда қаларлықтай болады. Бүкіл аймаққа әсер ететіндей ірі шабуылдар жасаймыз",-деді.
БҰҰ-ның балалар қоры: "2015 жылдан бері Йеменде 11 мыңнан аса бала қаза тапты немесе жараланды",-деп мәлімдеді.
Йемендегі екі айға созылған атысты тоқтату келісімінің мерзімі кеше аяқталып, оған қатысты тараптар оны тағы екі айға ұзартуға келісті. Атысты тоқтату келісімі өткен жылы (2 сәуір) Йемен соғысының сегізінші жылы басталған кезде күшіне енді.
БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі арнайы өкілі Ханс Грандберг: "Йеменде қақтығысып жатқан тараптар БҰҰ-ның ұсынуымен ұзарту мүмкіндігіне ие екі айлық бітім орнатуға келісті. Бітім бүгін, 2 сəуірде күшіне енеді",-деді.
Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Йемен дағдарысының жалғыз шешімі йемендіктер жетекшілік ететін саяси шешім екенін жариялады.
Йемен Сыртқы істер министрінің орынбасары кейбір араб елдерінің Йемен мен Украинадағы соғысқа екі түрлі қатынасы мен стандарттарын қатаң сынады. Кейбір сарапшылар Батыс елдерінің осы мəселе қатысты екіжүзді қатынасын сынады.
Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі осы елдің БАӘ жеріне ауқымды әскери шабуыл жасағанын хабарлады.
Теһран жұма намазына қатысушылар Имам Хомейни атындағы діни кешендегі намаздан кейін Йемен халқын қолдап шеруге шықты.
Йемен Қарулы күштерінің ақпарат өкілі осы елдің "Йемен дауылы-2" деген атпен Сауд Арабиясы мен БАӘ-ге жасаған зымырандық шабуылының егжей-тегжейін жариялады.