Иран Сыртқы істер министрлігі: Йемен дағдарысының жалғыз шешімі - йемендіктер жетекшілік ететін саяси шешім
(last modified Thu, 24 Mar 2022 09:51:45 GMT )
Нау 24, 2022 15:51 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігі: Йемен дағдарысының жалғыз шешімі - йемендіктер жетекшілік ететін саяси шешім

Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Йемен дағдарысының жалғыз шешімі йемендіктер жетекшілік ететін саяси шешім екенін жариялады.

 

Сауд Арабиясы АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері және тағы бірнеше елдің қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан бері Йеменге әскери шабуыл жасап, бұл елді құрлық, теңіз және әуе қоршауына алды. Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының Йемендегі соғысы осы уақытқа дейін жүздеген мың йемендіктің қаза тауып, жарақат алуына және 4 миллион адам босқынға айналуына әкелді. Осыған орай, Сауд Арабиясы бастаған Йеменге әскери басып кіруінің жеті жылдығына орай Иран Сыртқы істер министрлігі бүгін, бейсенбі күні өз мәлімдемесінде: «Төзімді Йемен халқы  ғасырдағы ең үлкен адамзат апатына тап болған жағдайда коалицияның бұл елге қарсы жойқын соғысы мен қатыгез қоршауы сегізінші жылға аяқ басты.  Бұл соғыстың тікелей және жанама салдары басқалардан бұрын бейбіт тұрғындарға, әйелдерге және бейкүнә балаларға әсер етіп, Йеменнің денсаулық, өмір сүру, экономика және білім секторларының өмірлік маңызды инфрақұрылымдары мен нысандарын қиратты.  Иран БҰҰ арнайы өкілінің талпыныстары аясында қоршауды алып тастау, атысты тоқтату және йемендік топтар арасындағы келіссөздерін сырттан араласусыз бастау үшін кез келген әділ және практикалық талпыныстар мен бастамаларды қолдады, сондай-ақ Йемен дағдарысының жалғыз шешімі йемендіктер бастаған саяси шешім деп санайды»,- деп жазды.