Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісінің себептерін зерттеу 1
(last modified Sun, 01 Sep 2019 19:03:26 GMT )
Қыр 02, 2019 01:03 Asia/Almaty
  • Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісінің себептерін зерттеу 1

Құран шынайы көңіл бөлген маңызды тақырыптардың бірі халықтардың тарихи оқиғаларынан сабақ алу саналады.

Мұхарам айының басталуына байланысты шәһидтер көшбасшысы Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) немересі имам Хусейн бен Әли (ғ.с.) мен оның адал серіктерінің ерлігін еске салып, имамның көтерілісінің себептеріне тоқталамыз. Ашура ерлігінің айбыны сондай болғандықтан, бұл оқиғадан ғасырлар өткенімен имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктерінің есімдері  ұмытылмай, шиіт және сүннит ғұламалары, Шығыс пен Батыс ғалымдары, зерттеушілері мен жазушылары көтеріліс туралы зерттеу жасап, өз еңбектерін жариялады. Олардың әр біреуі имам Хусейннің (ғ.с.) көтерілісінің себептері, жолдаулары, сабағы мен басқа тұрғыларына ерекше назар аудартты. Бірақ, өкінішке орай көтерілістің тамырына байланысты тақырыпқа аз көңіл бөлінді. 

Көптеген ғасырлар өткенімен, осы кезге дейін «Исламның ұлық пайғамбарының дүниеден озуынан 50 жылдан кейін амави басшылары, әсіресі Язид өздерін мұсылман деп көрсеткен топтың қолдауымен қалай жағдайды Ашура апатына әкеліп, имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің серіктеріне  Ислам дінінен шықты деген айып тағып, оларды өлтіріп, имамның жақындарын тұтқынға ала алды? Дұшпан қалай адасқан мұсылмандардың алдында тойлар өткізіп, Ашура апатынан көп ұзамай амави әскері Медине қаласы мен Пайғамбар  (с.ғ.с.) жерленген қасиетті жерге шабуыл жасап, халықты қырып, олардың әйелдері мен қыздарына қастық  жасап, соңында мұсылмандар құбыласы Кағбаны өртеді?»- деген сұрақтар туындайды.

Ашура оқиғасы

Егер бұл апат императорлар мен сол кездің биліктері, яғни Иран және Риммен немесе басқа діндер ізбасарларымен іске асырылғанда, таңырқататын сұрақтар болмас еді. Ойшылдар мен терең ойға ие адамдар оқиғаның себептері мен тамырларын зерттеп, шындыққа жетуге талпынады. Мәселен, ағаштан алма құлаған кезде, Ньютонның білімқұмар ойында «неге алма бірден жерге қалай құлады?» деген сұрақ туындады. Оның терең  әрі зерттеуші ойы оны зерттеу жұмыстарына жігерлендіріп, ғалым тартылыс заңың ашады. Құран Кәрім сындарлы көзқарасымен ойланатын жақтастарынан әлем оқиғаларының себептерін зерттеп, шындықты білуге жігерлендіреді. Нәтижесінде адам жаратылған әлемді түсініп, өз өмірі мен жолын мақсаттандыра алады. Мұндай ой-пікір оларға шарықтау мен құлдырауға толы өмірлерінде үміттерінен айырылмауға көмектеседі.

Құран шынайы көңіл бөлетін маңызды салалардың бірі халықтардың тарихи оқиғаларынан сабақ алу саналады. Бұл салада Ұлы Алла Құранның аяттары  мен сүрелерінде халықтардың тарихы мен оқиғалары, олардың дамуы мен құлдырауының себептерін баяндады. Әрине Құранның мақсаты дастан айту емес. Құранның негізгі мақсаты қисынға сүйеніп, барлық оқиғаларды зерттеп, осал және күшті нүктелерін көрсетіп, тарихтың ащы оқиғаларының қайталануының алдын алу болып табылады. Құрандағы ең көп зерттелген тайпалардың бірі - «Бани Израиль» тайпасы. Осы қайталанулар мен қуаттаулардың бәрі негізсіз бола ала ма? Себептері мен тамырларын анықтамай, бұл қуаттаулардың  құпияларын түсіне аламыз ба? Мұсылман әлемінің тағдырымен байланысты осы іргелі сұрақтың жауабын Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тілінен естуге тұрарлық. Хазірет Исламның басындағы мұсылмандар туралы: «Сіз бұрынғы үмметтердің салт-дәстүрлерін, олар кесірткенің паналайтын қуысынан өткен болса да, дәл солай қайталайсыз»,- деген. Бір топ: « Уа, Алланың пайғамбары, сіздің бұрынғы үмметтер деп яһудилер мен христиандарды    айтасыз ба?»- деп сұрады. Хазірет: «Олардан басқа кімдер бола алады? Сіздер исламның  негіздерін бір-бірден бұзғыларын келеді ме? Бірінші аманатты және соңында намазды теріске шығарасындар»,- деді. («Әл-Мизан тәпсірі»).

Қасиетті Кітап иелерінің ерекшеліктерінің бірі бір-бірден илаһи келісімдерді бұзу болды. Алла елшісі Исламның алғашқы кезінде кейбір мұсылмандардың оларға ойланбай бағынуларына тоқталып: «Сіздер Исламның негіздерін бір-бірден бұзасыздар»,- деді. Бұл жерде маңыздысы Пайғамбардың (с.ғ.с.) «біріншіден аманатты бұзасындар» деген сөзі болды. Бұл туралы Құранның «Инфал» сүресінің 27-ші аятында айтылды: «Әй мүміндер! Аллаға әрі Елшісіне опасыздық қылмаңдар; тағы біле тұра аманаттарыңа қиянат қылмаңдар». Бұл аятта Алла Тағала  сөзін болмысы, яғни  Алла мен Пайғамбарына қианат жасайтыны анық кәпірлер мен мүшіріктерге емес, сырт көзге иман келтірген, бірақ Алла мен Пайғамбарына қиянат жасаушыларға арнайды. Сондай-ақ Құранның «Бақара» сүресінің 8-ші аятында: «Адамдардың кейбіреулері, екі жүзді (мұнафықтар): «Аллаға, ақырет күніне сендік» дейді. Бірақ олар сенбейді»,- деп көрсетілді. Негізінде шынайы иман келтірген мүміннің Алла мен Оның Пайғамбарына қиянат жасау мүмкін емес.

Аманат дегеніміз не? Сарапшылар әскери, саяси және ғылыми сырлар сынды әртүрлі мысалдарды және аманат туралы Пайғамбардың (с.ғ.с.) әдстерін келтіргенімен, бұл мәселені Алла елшісінің келесі рауаятында анықтау көруге болады.

"Сақалайын" хадисі

Хазірет өзінің сахабаларына: «Мен сендерден жылдамырақ жәннәттағы «Кәусар» хауызына жетемін. Келешекте сендер де жарамды болсандар, менің қасыма келесіндер. Мен өздеріне екі қымбат нәрсемді қалдырамын. Менен кейін оларды қорғап, абайлап қолданыңдар»,- деген кезде, адамдардың бірі: «Алла елшісі бұл екі қымбат аманат не нәрселер?»- деп сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Олардың біреуі – Алланың кітабі. Оның бір жағы Алланың қолында болса, екінші жағы өздеріңнің қолдарында болады. Адаспас үшін оны жоғалтпаңдар. Екінші нәрсе – менің отбасым. Алла Тағала бұл екі аманаттың Кәусар хауызының қасында менің қасыма келгенше, бір-бірнен ажырамайтыны труалы хабарлады. Мен де Алладан бұл екі нәрсенің бір-бірінен ажырамауын сұрадым. Олардың алдына шықпаңдар, жойыласындар. Сондай-ақ олардан алыстамаңдар. Алыстасандар жойыласындар. («Әл-Ғадир», 43-ші бет).