Ашураға байланысты сұрақтар 4
(last modified Thu, 05 Sep 2019 17:52:35 GMT )
Қыр 05, 2019 23:52 Asia/Almaty
  • Ашураға байланысты сұрақтар 4

Ислам – адамды ғиззатына сай келмейтін жалған ғибадат және жалған қарапайымдылықтан алыстатқан дін.

Неге имам Хусейн (ғ.с.) азаттықты көрінісі саналады?

Ислам – адамды ғиззатына сай келмейтін жалған ғибадат және жалған қарапайымдылықтан алыстатқан және адамды Алладан басқа ешкімге бағынбауды үйрететін дін. Хазірет Әли (ғ.с.) перзентіне берген өсиетінде: «Алладан басқаның пендесі болма, өйткені Жаратушы сені азат жаратты»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.) билік пен байлықтың алдында басын имеді. Ол жер бетіндегі барлық қасиеттердің орталығы. Сондықтан тіпті дұшпанмен бетпе-бет келген кезде де рақымсыздықтың орнына серіктеріне Хур әскерилеріне су беріп, аттарын суаруды  тапсырды.

Имам Хусейн (ғ.с.) үшін ғиззат пен азаттық - қорлықты қабылдамау және диктаторлар мен билікқұмарларға бағынбау. Имам Хусейн (ғ.с.) қоғамның Кітап пен Пайғамбар сүннетінен алыстағанын, сондықтан негізгі жолға оралуды қажет еткенін көрген кезде, ешбір қорлыққа бағынбай, "Еш уақытта қорлыққа бағынбаймын" деген ұранды баяндады. Бұл ұран ашуралық қозғалыстың негізгі ұрандарының біріне айналды. Имам Хусейннің (ғ.с.) адам, жаратылыс, Алла мен қоғамға деген көзқарасы айбын мен сұлулыққа толы. Хазіреттің көзқарасында залым қоғамдық қарым-қатынастар мен залымдардың саяси және үкіметтік саясаттарына бағыну қорлықты қабылдау саналды. Бұл жағдайда халықтың құрметі оңай тапталып, адамдардың құқылары бұзылды. Имам Хусейн (ғ.с.) қорлықты қабылдап, өмір сүруді өлімге теңеп: «Мен Алланың жолындағы өлімді қолдаймын. Еш уақытта менің ғиззатым мен абыройымды жоя алмайсындар. Мен өлімнен қорықпаймын»,- деді. Имам Хусейннің пікірінше, ғиззатқа жету – ұтылыс емес, керісінше шынайы жеңіс. Сондықтан Ашура күні: «Жеңіліп, өлгеніміз қарамастан, еш уақытта сәтсіздікке ұшырамймыз. Біздің бұл жолда ұтылыс жоқ»,- деді. Хазірет өмірінің соңғы сәтінде Язидтің әскерилерінің әйелдер мен балалр шатырларына шабуыл жасуларын көріп: «Дінсіз болсандар да, өз өмірдеріңде азат және жомарт болыңдар»,- деп азаттыққа шақырды.