Ашураға байланысты сұрақтар 5
(last modified Sat, 07 Sep 2019 14:27:27 GMT )
Қыр 07, 2019 20:27 Asia/Almaty
  • Ашураға байланысты сұрақтар 5

Имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болатыны туралы біле тұра, көтеріліске шығып, басқаларды шындықты қорғауға шақырды.

Неге имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болуы туралы біле тұра, көтеріліске шықты?

Имам Хусейн (ғ.с.) мұсылмандардың үшінші имамы әрі басшысы. Имамат мақамы имамдар үшін илаһи рұқсатпен бүркемелі әлем мен келешектен хабардар болуды мүмкін етеді. «Жин» сүресінің 26-27-ші аяттарында Алланың әр құпияны білетіні және өз рұқсатымен боллмаса, ешкімге оны ашпайтыны жөнінде айтылды.  «Көместі білуші Алла, оның сырын ешкімге ашпайды.  Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді...». рауаяттар бойынша, Пайғамбар (с.ғ.с.) ғайып ілімін уаһи арқылы Жаратушыдан және имамдар (ғ.с.) Алла елшісінен алды. Имам Хусейннің (ғ.с.) өзінің шәһид болатыны туралы хабардар болуы саласында діни ғұламалар илаһи әулиелердің сыртқы және ішкі міндеттері мәселесіне тоқталды.

Ғұлама Мәджлеси: «Пайғамбарлар мен имамдар ғайып іліміне ие болып, келешегінен хабардар болып, міндеттерін басқа халықпен бірге орындады. Хазірет заттардың таза немесе нәджіс болуы, пенделерінің иманы мен күпірлігінен хабардар болып, егер қаласа, өз білімі мен талаптарына сай амал ете алатын еді. Олай болғанда, Алла елшісі  қызың Османға бермейтін және Айша мен Хафсеге үйленбейтін еді. Имам Хусейн ( ғ.с.) мұнафықтар мен кәпірлеге қарсы күресті. 23000-нан астам адам имамға бият етті, хазірет куфеліктерден 12000 хат алды. Басқа жақтан имам Хусейннің (ғ.с.) пікірінше,  хабардар адам өмірін дұрыс пайдалану үшін сан рет табиғи өмір сүруге дайын. Ашура түнінде имам Хусейннің (ғ.с.) серіктері осындай сезімге ие болды. 

Шәһадат – Алланың жолындағы өлім. Шәһид болған адам бұл жолды қасиетті мақсаттары үшін таңдайды. Құранның айтуынша, Алланың жолында өлу – өлімнің ең әдемі түрі. Имам Хусейн (ғ.с.) Алланың жолында шәһид болуға ғашық болып: «Біздің жолымызда өліп, Жаратушының жолында жаның тапсыруға дайын адамдар, бізбен жолға шығуға дайындалыңдар»,- деді.

Имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болатыны туралы біле тұра, көтеріліске шығып, басқаларды шындықты қорғауға шақырды.