Ашураға арналған сұрақтар 7
(last modified Tue, 10 Sep 2019 12:48:44 GMT )
Қыр 10, 2019 18:48 Asia/Almaty
  • Ашураға арналған сұрақтар 7

Имам Хұсейннің (ғ.с.) көтерілісіне себеп болған келесі факторлардың бірі жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру болды.

 

Имам Хұсейннің (ғ.с.) көтерілісі жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру мәселесімен қалай байланысты?

Имам Хұсейннің (ғ.с.) көтерілісіне себеп болған келесі факторлардың бірі жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру болды. Бұл туралы имам Хұсейннің (ғ.с.) өзі бауыры Мұхаммад бен Ханафиеге: «Жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіргім келеді»,- деп жариялаған болатын. Зұлымдық, бедғат және бұрмаланулардың алдында үнсіз қалу имам Хұсейннің (ғ.с.) кезінде таралған мәселе болды. Халық қорықанынан немесе дүние мен мүлікке құмар болғандықтан жалғандыққа наразылығын білдірмеді. Кербала көтерілісі үкіметті  сынауға және азап-қорлыққа  наразылық білдіруге жол ашты және әлем күресшілері қозғалысына шабыт берді.

Жақсылыққа жігерлендіру, басқаша айтқанда өзгеріс енгізу тақырыбты имам Хұсейннің (ғ.с.) сөзінде байқауға болады. Имам: «Менің көтерілісімнің мақсаты үмбетіме өзгеріс енгізуден басқа еш нәрсе емес»,- деді. Өзгерісті талап ету шындықты және қылмыстарға немқұрайдылық танытпауды қорғаудың бір түрі. Оның негізі – қайырымдылық. Құран Кәрімде:  «Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар»,- деп айтылды. («Әл-Имран» сүресі, 104-ші аят). Келесі аятында:  «Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер, бір-біріне көмекші. Олар дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады»,- деді. («Тәубе» сүресі, 71-ші аят). Алла Тағала басқа аятта мына шыңдыққа тоқталды: «...Егер Алла адамдарды, бірін-бірі арқылы қорғамаса, манастырлар, шіркеулер, яһудилердің құлшылық орындары және ішінде Алланың аты көбірек зікір етілетін мешіттер құлатылар еді...». («Хаж» сүресі, 40-шы аят).

Имам Бақер (ғ.с.) жақсылыққа жігерлендіруді қоғамның жақсаруының фактораларының бірі деп біліп: «Бұл негіз арқылы діннің басқа негіздерді жаңғырып, қауіпсіздік оралады, кәсіп халал болып, мазлұм адам негізгі Иесіне оралады, жер абадталып, дұшпан сыналып, жұмыстар алға ілгерлейді»,- деді. Имам Хұсейннің (ғ.с.) көзқарасынша, Умайе әулеті шайтанға бағынып, Алладан алыстаған және бұзақылықты сыртқа шығарып, илаһи шектеулерді ұмытып, халық мүлкіне иеленген залым болды. Имам бұл қате ой-пікірлермен күресуді өзі үшін уәжіп санап: «Шындыққа сай амал етілмейтінін және жалғандыққа бет алынғанын көрмейсін бе? Мұндай жағдайда мүмін адам жаның қиып, Алланы көруге асығуы керек»,- деді.

Имам Хұсейн (ғ.с.) Язидке бият етпеген соң, атасы Алла елшісінің қабірінің қасына барып: «Уа, Алла! Бұл Пайғамбарың, Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қабірі. Мен пайғамбарыңның қызының перзентімін. Мен Өзін білетін мәселемен бетпе-бет келдім. Уа, Алла, мен жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіруді жақсы көремін. Бұл қабірдің және оған жерленген адамның құрметіне Өзің мен Пайғамбарыңды риза қылатын жолды аша гөр»,- деп сұрады. Содан соң хазірет құндылықтарды қорғау және жақсылыққа шақыру үшін Меккеге қарай бет алды.