Революцияның екінші қадамы 20
(last modified Sun, 29 Sep 2019 12:55:49 GMT )
Қыр 29, 2019 18:55 Asia/Almaty
  • Революцияның екінші қадамы 20

Ұжымдық барлық жұмыстың маңызды факторларының біріне басшылық жатады. Дұрыс басшылықтың болмауы адамдардың жұмысын зая кетіреді.

Әр елдің халқы күнделікті қалыпты жағдайда өмір сүреді. Бірақ кейде ел үлкен қиындықтармен немесе тағдырға әсер ететін үлкен оқиңалармен бетпе-бет келеді. Мұндай жағдайда халықтың бір бөлігі жағдайдың маңыздылығы мен өздерінің жауапкершілігін түсініп, көбірек талпыныс жасайды. Ислам революциясы елдің елдің іші мен аймақ пен әлемдегі үлкен өзгерістерге себеп болған Иран халқының тарихындағы үлкен оқиға болды. 1979 жылы революция жеңіске жеткеннен беріі ИИР көптеген оқиғаларды бастан өткізіп, бұл елде революциялық көңіл-күй әлі жалғасуда. Қиындықтардан өтіп, революцияның жоғары мақсаттарына жету үшін халық пен басшылардың қолдауы қажет. Бұл талпыныстар мен белсенділіктер әрқашан ислам революциясының бұрынғы және қазіргі таңдағы жетекшілері имам Хомейни мен аятолла Хаменеидің қолдауларына ие болды. Аятолла Хаменеи бұл саладағы жұмыстарды "жиһад мәдениеті" деп атап, Иран Ислам революциясының берекесі санайды.

 

Революцияның алғашқы күндеріндегі ерік күштер

«Жиһад" сөзі халыққа Алла жолындағы соғысты еске салады. Бірақ бұл жиһадтың тек бір түрі. Жалпы жиһад, яғни Алланың ризалығына ие болу үшін жақсылық жасауға талпыну болып табылады. Сондықтан жиһад мәдени, экономикалық, қоғамдық және ғылыми салаларда да жасалады. Ислам революциясы жеңіске жетісімен ирандық жастар шалғайдағы аймақтарды абадтандыру мен мақұрым халыққа көмектесу науқанын бастады. Аятолла Хаменеи "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде өткен 40 жылдағы жетістіктерге тоқталып, оларды революция мен жиһадтың нәтижесі деп атап, революциядан кейінгі рухани белсенділіктің артуы туралы: "Революциядан кейін мыңдаған жас өз еркімен илаһи көмекпен елді қайта құру мен абадтандыру үшін алыс аймақтарға көмекке асықты. Сөйтіп өткен қырық жылда шетелдік саяси және экономикалық қысымдарға қарамастан жиһадтық күштер экономика, мәдениет және медицина салаларында маңызды әрі үлкен жұмыстарды атқарды.  Сегіз жылдық қасиетті қорғаныс  ағымында да ирандық жауынгерлер жиһадтық жолды ұстанып, ел мен Ислам республикасы жүйесін қорғады.

 

Су тасқынында зардап шеккендерге көмек көрсету

Ұжымдық барлық жұмыстың маңызды факторларының біріне басшылық жатады. Дұрыс басшылықтың болмауы адамдардың жұмысын зая кетіреді. Әр жұмыс өзіне сай басқаруды қажет етеді. Сондықтан жиһадтық жұмыстың жиһадтық басшысы болуы керек. Басқару, яғни белгіленген мақсатқа жету үшін жұмысқа іскер кадрларды жинап, оларды дұрыс пайдаланып, қаржыны дұрыс жұмсау. Жиһадтық басшы – революцияшыл, мүмін, басқару қабілетіне ие, Алланың ризалығын халыққа қызмет ету деп біліп, оны басты мәселе санайтын, сондай-ақ, ұлттық мүддені топтық, партиялық мүдделерінен жоғары санайтын басшы. Жиһадтық басқаруда  мамандық, білім, иман мен исламдық міндеттемелер араласып, жұмыстың жылдамдығы артады. Жиһадтық басшының ерекшеліктерінің бірі – үлкен әрі қиын жұмыстарды іске асыруға көмектесетін "Біз жасай аламыз!" деген негізге сенімді болуы. ИИР өткен қырық жылда өз күшіне сеніп, ғылыми, әскери, экономикалық және саяси салаларда көптеген жетістіктерге қол жеткізді.  

 

Жиһадтық басқару

 

 

Аятолла Хаменеи "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде: "Ислам революциясы алғашқы қадамында үстем патшалық режимді халық және халықтық демократия жүйесіне айналдырды. Сөйтіп жан-жақты дамудың факторы саналатын ұлттық жігер елдің билігінде қалыптасты. Жастар билікке қатысатын болды. "Біз жасай аламыз!" деген сенім баршаға таралды. Дұшпандардың санкцияларының арқасында ішке мүмкіндіктерге сүйену күшейді. Бұл үлкен береке",- деп жазды. Ислам революциясының қазіргі жетекшісі мәлімдемесінің келесі бір бөлімінде жиһадтық мәдениетті тарату саласындағы имам Хомейнидің рөліне тоқталып: "Жиһадтық басқару исламдық иман мен ұлы имам баршаға үйреткен "Біз жасай аламыз!" деген негізге сүйеніп, Иранды ғиззат пен жан-жақты дамуға жеткізді",- деді.  

Имам Хомейни мен аятолла Хаменеи – жиһадтық басшылардың айқын үлгілері. Имам Хомейни ірі революцияны басқарып, жеңіске жеткізді. Саддамның Иранға таңған сегіз жылдық соғысын да жақсы басқарды.

 

Имам Хомейни мен аятолла Хаменеи

 

Аятолла Хаменеи "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде халық пен басшылардың жиһадтық талпыныстарының жетістіктеріне тоқталып, олардың кейбіреуін атап: "Жол мен тұрғын үй құрылысы, өндіріс орталықтарын құру, ауылшаруашылық пен су және электр стансалары, оқу орындары мен емдеу орталықтары құрылысы жөніндегі мәліметтер мақтан тұтарлықтай. Алайда мұның барлығын шетелдік және жергілікті қара ниет адамдар мойындамайды. Бірақ бұл жұмыс орындалды",- деді.

Аятолла Хаменеи сыртқы саясаттағы Иранның табыстарын еске салып: "Мұның барлығы Ислам республикасы ғиззатының тек бір бөлімі. Олар жиһадтық басшылардың батылдығымен жүзеге асырылды",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи айтқандай, өткен 40 жылдағы жетістіктер жиһадтық басшылардың революцияшыл еңбегінің нәтижесі. Хазірет елдің әртүрлі салалардағы келешек дамуын да революцияшыл және жиһадшыл басшылармен байланыстырады. Сондықтан   "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде: "Жас басшылар, жас кәсіпкерлер, жас ойшылдар, жас белсенділер саяси, экономикалық, мәдени жәе халықаралық салаларда, сондай-ақ дін, ахлақ, руханият пен әділет салаларында жауапкершілікті өз мойындарына алып, өткен тәжірибелер мен сабақтардан пайдаланып, революцияшыл рух және жиһадтық амалмен Иранды исламдық дамыған жүйенің үлгісі айналдыруға міндетті",- деп қуаттады.

Әртүрлі салалардағы революцияшыл және жиһадтық талпыныс пен белсенділік – Иран Ислам революциясының маңызды ерекшеліктерінің бірі. Қазіргі таңда елдің түкпір-түкпірінде жиһадтық ерікті күштер халыққа адал қызмет етуде.  Басқа жақтан мәдени, экономикалық, әскери және ғылыми әртүрлі орталықтар да жиһадтық басшыларға көмектесіп, жаңа жетістіктер туралы жаңа хабарларды таратуда. Аятолла Хаменеи қолдау көрсетіп отырған жиһадтық басшылық жалғасып, күшейген сайын ИИР келешегінің жарық болатыны  белгілі болып отыр. Аятолла Хаменеи: "Егер жиһадтық, яғни іскер басшылық илаһи көмек, ғылым мен қырағылыққа сүйенсе, елдің қиындықтары мен қазіргі кезде әлемдік құдыреттер көрсетіп отырған қысымдар шешіліп, ел алға ілгерілейді",- деді.