"Салман Мохаммади" – Салман Фарси
(last modified Wed, 02 Oct 2019 17:35:24 GMT )
Қаз 02, 2019 23:35 Asia/Almaty

Ақиқат іздеп, кемелдікке жетуді қалайтын әрбір мұсылманға Салман үлгі бола алады.

Салман шынайы азаттықа жету жолында өз еркіндігін пида етіп, пайғамбардың өзі оның басына ғиззат пен абыройдың тәжін тағып, еш сахабасына айтпаған, бірақ «Салман бізден, пайғамбар әулетінен» деп айтуы үшін мойнына құлшылық жібін өзі байлаған адам.

Бүгінде ислам қоғамдарында «Салман Фарсиді» естімеген адам кемде кем. Бұл оның мұсылмандар арасындағы орны мен ерекше беделін білдіреді.
 

Бірақ араб емес басқа ұлттың осындай дәрежеге жетуі, «хатам ул-анбиа» соңғы пайғамбардың ол туралы «Салман біздің пайғамбар әулетінен» деп айтуы оны танудың Құдайға табынатын және ақиқатты іздейтін әрбір адамды мақсатына нұсқай алады деген ақиқатты білдіреді.

«Рузбеһ» немесе «Салман» отты өздерінің «құдайы» санаған қоғамда өсті. Әкесі аймақ ақсақалдарының бірі, қазіргі Исфаһан қаласының маңындағы Джей қаласының діни басшысы міндетін атқарған. Ол ұлын орынбасары етіп қоймақ болған. Алайда жас Рузбеһ әкесінің діни міндетін жек көрген. Салман отбасы ие болған жасыл, әдемі бақтарында серуендеуден жүрегі қуанышқа бөленген емес. Қоғамдағы таптық айырмашылық оны қатты ренжіді.

 

Адамдардың құлшылығын көрген кезде: «Жалынын өз қолдарыңмен тұтандырған отқа қалай табынасыңдар? Азғантай су оның «қасиетті» жалынын өшіреді; бір уыс топырақ оның ұшқынын басса, соңында өшіп, күлін жел жан-жаққа ұшырады» дейтін.

Шәксіз, осындай ақылды ой мен отқа немқұрайдылық Салманның жүрегінде діни тағылымдарды қалыптастырды.

Рузбеһтің терең ойы оны бұл әлемнің Жаратушысы бар, отты адам пайдалануы үшін жаратқан Жаратушы бар деген ақиқатқа үндеді. Ол Құдай байлардың кедей адамдарға үстемдік етуне риза дегенді қабылдай алмады.

Өз мүдделері үшін пайдаланып, зияндарын залалсыздандыру үшін жаратқан отты пенделері тәңір тұтып, табынады дегенді Құдай қабылдайды дегенге сенбеді.
 

Рузбеһ ойланып, қатты ашуланып: «Бұл ғибадат жалған ғибадат. Бұл қоғам бейбастақ  қоғам» дейтін. Сол кезде сабасына түсіп, жаны қатты ауырып: «Мені үлкен Құдайға, жаратылыстың Жаратушысына, баршаның Жаратушысына жол нұсқайтын адамды қайдан табамын?» дейтін.

 Рузбеһтің әкесі оның Джей қаласының діни орталығында орнын басуын қалады. Ол әкесі туралы былай деген: «Әкемнің маған деген махаббаты мені қыз бала сияқты үйде қамап ұстап, отхана қызметшісі болуыма себеп болды».

Әкесінің мейірімі Рузбеһті үйде қамап ұстауға жеткізді. Сырттай әкесінің өз баласын қорғап, сақтаудағы алаңдаушылығының белгісі болғанымен шын мәнінде Рузбеһтің ізденімпаз рухына қатысты мазасыздануының белгісі еді. Әкесі Рузбеһтің ақиқат іздеген рухының тыныш отыра алмайтынын білгені күмәнсіз.

 

Бірақ қаннша сақтанғанымен бір күні қауырт жұмыс кезінде әкесі оны өз орнына ауылдағы мүлкіне барып келуге жұмсайды. Қатты тапсырған соң қайтатын уақытын анықтап, дер уақытында қайтып келуін сұрайды.

 

Рузбеһ әкесінің бұйрығын орындау үшін жолға шығады. Бірақ  жолда шіркеуді көріп, соның алдында тұрып, ішінен шығып жатқан жағымды дауысты естіп, ішке енеді.

 

Ол жерде ғибадат етіп жатқан бір топ адамды көрді. Олардың ғибадат кезінндегі Құдайға бойсұнушылықтары мен берілгендіктері таң қалдырады. Шіркеудің епископына барып, онымен ақырын сөйлеседі. Ұзақ уақыт өтеді. Рузбеһ пен епископтың сұхбаты ұзаққа созылады. Соңында епископ масихи дінінің шыққан жері Шам туралы әңгіме айтады.  

 

 

Рузбеһ үйге оралған кезде ашуға булығып, алаңдаған әкесімен бетпе бет келеді. Ол баласына айғайлап: «Осы уақытқа дейін қайда болдың?» деп сұрайды. Рузбеһ: «Шіркеуде ғибадат етіп жатқан мәсихилерді көрдім. Көргенім мені қатты таң қалдырды. Олардың діні біздің діннен жақсы екенін түсіндім» дейді. Өзінен кейін отхананың басшысы болуы үшін зәртушт дінінің барлық рәсімін орындауға мәжбүрлеп жүрген әкесі  ұлының «Мәсихи діні біздің діннен артық» дегенін естіді.

 

Басында әкесі әртүрлі тәсілмен ұлын райынан қайтаруға тырысты. Бірақ Рузбеһ әкесінің дәлелдерін бірінен кейін бірін кейін қайтаррды. Соңында әкесіне: «Әкетай! Сен отқа әкелерің мен ата-бабаларыңа еліктеп табынасың. Маған айтшы, өз қолымызбен отын салып жағатын мына оттың не құрметі бар?  Шын мәнінде оның жануы мен өшуі біздің қолымызда. Ол қалай біздің Пәруәрдігеріміз бола алады?» деп сұрады.

Сол кезде әкесінің ашуы шектен шығып, оны үйге қамап тастады.

Рузбеһ осылайша бірнеше күн қамауда жатты. Бір күні Рузбеһ кейде епископқа жіберіп жүрген  қызметшілерінің бірі қасына келіп: «Епископ маған ертең кешке керуеннің Шамға қарай жолға шығатынын айтты» деді. Рузбеһтің жүзінде қуаныш ұшқыны пайда болды. Ол түн қараңғылығында ақырын басып үйден шығып, керуенге қосылды. Керуен таң салқынымен Димашқ жақты бетке алып жолға шықты.

Рузбеһ Димашққа енген алғашқы сәтте ең дана мәсихидің қайда және кім екенін сұрады. Қала халқы оны «Қасиун» тауындағы Мағаре ад Дамда тұратын епископқа нұсқады. Рузбеһ мықты ерік-жігермен мәсихи епископтың үйіне барды. Ол жерге жеткенде епископ одан кім екенін, не іздеп жүргенін сұрады. Рузбеһ: « Мен Исфаһанның Джей қаласының тұрғынымын. Жұмыс іздеп, білім алуға келдім. Мені қабылда. Саған қызмет етіп, қасыңда боламын. Құдай саған үйреткенді маған үйрет» дейді. Жігіттің жақсы сөзі епископты таңырқатып, оның бетіне қарағанда көзінен ақыл мен парасат көреді. Оған қошамет білдіріп, мейірімділік танытып, шіркеуге шақырады.  

Айлар жылжып өтті. Рузбеһ епископтың жанында білім алып, ғибадат етіп, Інжілдің түсініксіз аяттарын тыңдады. Содан кейін қашып құтыла алмайтын тағдыр, яғни епископтың ажалы жетіп, оларды ажыратты.

Рузбеһ ақиқатты іздеу үшін қайтадан жолға түсті. Таулар мен далалардан өтті. Ол өмірінің көп бөлігін бір жерден екінші жерге, бір шіркеуден екінші шіркеге барумен өткізді.   

Әр жолы үлкен діндардың қасында иманның дәмін татты. Ол талмастан, шаршамастан оны илаһи іліммге қандыратын адамға жетуді көздеді.

 

Бойынан махаббат, еркіндік, бауырластық, теңдік табылатын адам іздеді. Тағатты тауысқан соңғы ұзақ сапарында қасиетті Медине қаласына жетті. Сол жерде жетекшілік пен рақым пайғамбары Мұхаммадты кездестіріп, рухы талап еткенді, адами пәк сезімі құштары болғанды толық түрде пайғамбардың қасынан тапты. Сол кезде исламға иман келтіріп, пайғамбар оның есімін «Салман» деп қойды.

Бір күні Медиенеде пайғамбардың қас дұшпаны Абу Софиан араб тайпаларын елшілерін жіберіп, олардан әкелері мен ата бабаларының діни әлеуметтік мұрасын өзгерткісі келетін Мұхаммедпен (с.ғ.с.) соғыста көмектесуді сұрағаны туралы қауесет тарады. Арабтың кейбір тайпалары Абу Софианның өтінішін орындап, бұйрығына бағынып, он мың қол жиналды.

 

Бұл хабар мұсылмандардың көпшілігін үрейлендірді. Пайғамбар сеіктерін жинап, әрқайсының қанында жәһілдік ғасырының кегі қайнап аққан он мың содырмен күресу үшін

соғыс кеңесін құрды.

 

Әртүрлі ұсыныстар мен көзқарастар айтылған кезде Салман: «Уа, Алланың елшісі! Олар Мединеге кіре алмауы үшін қаланың айналасынан ор қазайық» деді. Пайғамбар оның ұсынысын қабылдап, кідірместен ор қазуға бұйырды. Ор қазып жатқан кезде мүхәжірлер мен ансарлардың барлығының басшысы Салманға ризашылықтарын білдірді. Мүхәжірлер: «Салман бізден. Біз оған лайығырақпыз» деді. Ансарлар да: «Салман бізден. Біз оған лайығырақпыз» десті.

Пайғамбар мейірім мен құрметке қуанып, Салманның иығына қолын қойып: «Салман бізден, пайғамбар отбасынан" деді.

Ия. Бұл Алла елшісі серіктерінің ешбіреуі жете алмаған үлкен құрмет. Пайғамбардың серіктері айналасын қоршап, оған: «Құтты болсын, Салман Фарси! Алланың елшісі саған үлкен шарапат сыйлады» деді.

Сол кезде пайғамбар мейірімге толы көзқараспен оларға: ««Салман Фарси» демеңдер. «Салман Мохаммади» деңдер» деді. «Салман Мохаммади» деп танымал «Салман Фарсидің» қасиетті кесенесі Бағдад қаласының оңтүстік-шығысынан отыз шақырым жердегі Мадейнде орналасқан.