Арбағин 1: "Арбағинның" көңіл-күйі мен ерлігі
Тағы зиярат уақыты келді. Зорлық-зомбылыққа қарсы тұрып, шындық пен азаттық талап ету сабағын үйреткен адамның зияраты.
Зиярат руханиятты жақындататын илаһи жетекшілермен қарым-қатынас орнататын ең жақсы жол. Ибн Шабба «Мединаның тарихы» кітабында: «Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Меккені жеңіп алған соң Мединеге қайтып оралып келе жатқан кезде, анасы Аминенің қабыріне барып: «Бұл анамның қабірі. Алладан оны зиярат етуді сұраған едім, мен үшін мүмкіндік берді»,- деді. Зиярат кезінде зияратшы Алламен шын жүректен қарым-қатынас орнатып, психологиялық тұрғыдан қауіпсіздігі артады. Кейбір ойшылдар зияраттың адамның рухы мен денесінің саулығына әсер етеді деп санайды. Зиярат адамның тыныштығы мен көңіл-күйіне және амалдарына да әсерін тигізеді. Қауіпсіздік, тыныштық пен шаттық адамның өміріне қажет нәрселер.

Пайғамбар (с.ғ.с.) мен имамдар (ғ.с.) – кемел адамдар әрі Алланың ең сүйікті пенделері. Алла Тағала оларды кез келген күнә мен кез келген қатерден алыстатып, пәк сақтады. Ұлы тұлғаларды құрметтеу зияратшы мен имам арасындағы шынайы қарым-қатынасты нығайтады.
Шиіттер тарихында пәк имамдардың қасиетті кесенелері ғылым мен дінді үгіттеп, тарататын орталық, сондай-ақ келісімдерге келетін жер болды. Сондықтан ірі діни оқу орындары Наджаф, Құм және Мешһедтегі бұл тұлғалардың қабірлерінің қасында орналасқан.
Имам Хусейннің (ғ.с.) «Арбағинінде» миллиондаған адам әлемнің азаттық талап етушілерінің көшбасшысына зиярат жасау үшін Кербалаға аттанды. Зияратшылар басында Наджафқа барып, хазірет Әлиге (ғ.с.) зиярат жасап, Наджафтан Кербалаға жаяу жолға шығады. Бұл жол ерекше көңіл-күйге ие. Жол бойында зияратшылар үшін әртүрлі шатырлар мен аялдамалар салауат үшін тегін қызмет көрсетеді. Ондай шатырлар «мукаб» деп аталады. Шатырлардың арасы 50 метр, олар 1 ден 1452 деген нөмірге дейін жалғасып, хазірет Абу әл-Фазлдың кесенесіне қарсы 1452 деп белгіленген «мукаб» тұрады.
Бірнеше күннен бері имам Хусейннің (ғ.с.) кесенесіне баратын шекара мен барлық жол зияратшыларға толы болады.
Зияратшылар – сапарларын бірнеше күн, ай немесе бірнеше жыл бұрын жопарлаған адамдар. Наджаф-Кербала жолы ерекше көңіл-күйге ие. «Ләббәйк, уа, Хусейн!» деген ұран аспанға көтеріледі. «Арбағинге» тек бірнеше күн қалды. Имамның ғашық жақтастары бұл жолды жаяу, кейбіреуі жалаң аяқ өтеді. Бұл жолда ешбір жеке немесе қоғамдық көлік жүрмейді. Аза тұтушылардың топтары Наджафтан Кербалаға қарай жаяу жолға шығып, көбінесе үш күнде Кербалаға жетіп, имам Хусейннің (ғ.с.) қасиетті кесенесінде хазіретке «ләббейк» айтады. Жол бойында имамдардың (ғ.с.) сөздері жазылған. Имам Садықтың (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Жаратушының ең жақсы көретін амалдарының бірі – имам Хусейнге (ғ.с.) зиярат ету»,- деп айтылған.

Шейх Муфид, шейх Туси мен ғұлама Хейлли: «20 сафар, Арбағин – имам Хусейн (ғ.с.) кесенесінің Шамнан Мединеге оралған күні»,- деп жазған. Сондай-ақ, Алла елшісі (с.ғ.с.) сахабаларының бірі Джабер бен Абдолла Ансари имам Хусейнге (ғ.с.) зиярат ету үшін Мединеден Кербалаға жеткен. Ол имам Хусейннің (ғ.с.) қабіріне зиярат жасаған бірінші адам болды.
Жаяу жүретін жолдар бәрінен бұрын Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетіне жасалған зорлық-зомбылықтарды еске салады. Бұл қырық күндік кезең ислам тарихының қараңғы кезеңдерінің бірі болғанымен Ислам дұшпандары алдындағы батылдық, ағартушылық, шындық пен жеңісті еске салады. Тіпті Әмәви үкіметінің орталығы Шамда халық Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің құқығына тіл тигізуді қабылдамай, әмәвилерді лағынет етті.
Жаяу жолда қадам басқан сайын әртүрлі сұрақ туындайды. Неліктен мына кішкентай қыз құрмаларын алуды өтінеді? Мына араб ер адам неліктен үйінің есігін қонақтардың алдынан ашық қойып, оларды күтеді? Сәл алға жүрсеңіз, шаң-тозаңнан аяқ киімдерді тазалап отырған ер баланы көресіз. Ол күлімсіреп, зияратшыларды аяғынан тартады. Имам Хусейннің (ғ.с.) рухани кеңістігі баршаны өзгертіп, махаббат, достық пен бауырластық сезімдері бүкіл жерге жайылады. Хиджридың 61 жылының Ашурасында уайым-қайғы мен көз жасы араласқан жер енді имам Хусейнге (ғ.с.) «ләббейк» айту үшін жиналатын жерге айналды.
Бұл күні барлық үгіт-насихат органдары Ашура мәселесі мен жалпы Аһле Байт проблемасын жасырып, халықты бұл мәселеден хабарсыз қалдыру үшін көп әрекет жасады. Сол кезде де осы кездегідей қатыгез және залым үкіметтер жалған әрі дұшпандық үгіт-насихатты көп қолданды. Осындай атмосферада ислам әлемінің бұрышындағы шөл далада Ашура оқиғасы орын алды. Имам Хусейн (ғ.с.) мен оның серіктері үшін көтеріліс қаншалықты қиын болса, хазірет Зейнаб пен имам Саджадтың (ғ.с.) күресі де соншалықты қиын болды. Олар өз жолдауларымен Ашура көтерілісін мәңгі етті. Осы күні ғасырлар өткенімен Кербалада барша халық имам Хусейн (ғ.с.) туралы айтады. Мұсылмандар, христиандар, шиіттер мен сүнниттер бірге жиналып, имам Хусейнді (ғ.с.) аза тұтады. Имам Хусейнге (ғ.с.) қарт та, жас та ғашық. Жолдың қиындығына қарамастан бұл жерде жастармен бірге көптеген қарияларды көруге болады. Бұл жерде «Арбағин» жаяу шеруінің – Ислам әлемінің үлкен шеруінің бұрынғыдан бетер айбындылыққа ие болғанын байқаймыз. Қазір зияратшылардың көбі Кербалаға жетті, басқалары әлі жолда. Ашура оқиғасынан бір мыңнан астам уақыт өткенімен миллиондаған зияратшы мазлұмдардың туын көтеріп, жыл сайын «Арбағин» күні бұл жерге асығады. Хазірет Әли бен Абиталептің (ғ.с.) қызы хазірет Зейнаб бауырын көрмеген қырық күннен кейін Кербалаға оралып, Ашура оқиғасын есіне алды.
Соңғы бағанаға жеттім. Халықпен бірге екі бауырдың қасиетті кесенелеріне жеттім. Бойымнан ерекше көңіл-күйді сездім. Кесенелердің дауыс зорайтқыштарынан «Зиярате Арбағин» дұғасы естілді. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) мүміннің бес белгісі туралы айтып, оның бірін «Зиярате Арбағин» дұғасын оқу деп атаған болатын. Қолымызды кеудемізге қойып, оқылып жатқан «Зиярате Арбағинге» қосылып: «Сәлем саған, Алланың досы! Сәлем саған Алланың таңдаулы адамы! Сәлем саған, Алланың таңдаулы ұлы! Сәлем саған шәһид Хусейн (ғ.с.)!»,- деп сәлем береміз.