Хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) – мейірім мен рақым пайғамбары
(last modified Sun, 27 Oct 2019 05:48:19 GMT )
Қаз 27, 2019 11:48 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) – мейірім мен рақым пайғамбары

Алланың елшісі әрі пендесі Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад- Алланың елшісі әрі пендесі Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) дүние салғаннан бері көп ғасыр өтті. Бірақ хазіреттің әсері өмір сүрген жылдарымен шектелген жоқ. Өйткені Алла елшісінің миссиясы бүкіл адамзат тарихы мен әрекеттеріне таралып, адамның болашақ бағытын анықтайды.

 

Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) теңдессіз басшы. Хазіреттің тағылымдары күн сайын көтерілетін күн сынды жарқырап, шақыруы тартымды әрі әсерлі. Исламның ұлық пайғамбары хиджри-қамаридің 11 жылының сафар айының 28 жұлдызында дүниеден озып, әлемді уайым-қайғыға батырды. Адамзаттың ең үлкен мұғалімі мен дұрыс жолға нұсқаушысына Алланың нұры жаусын. Әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз.

 

Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) теңдессіз басшы. Хазіреттің тағылымдары күн сайын шығатын күн сынды жарқырап, хақ жолына шақыруы әлі тартымды әрі әсерлі. Исламның ұлық пайғамбары хиджри қамаридің 11-жылының сафар айының 28-жұлдызында дүниеден озып, әлемді қайғыға батырды. Адамзаттың ең үлкен мұғалімі мен дұрыс жолға нұсқаушысына Алланың нұры жаусын! Бұл күнге байланысты әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз.

Исламның ұлық пайғамбары науқастанып, төсек тартып жатқан кезде ансарлардың ерлері мен әйелдері мешітке жиналып, уайымға батып, көздері жасқа толды. Бұл хабар Пайғамбарға (с.ғ.с.) жеткен кезде хазірет Әли (ғ.с.) мен Аббастан сүйемелдеп, мешітке баруға көмектесуді сұрады. Пайғамбар мінберге отырып, Алланы мадақтап: «Уа, халайық! Пайғамбарларыңның өлімін теріске шығаруға не нәрсе себеп болды? Өлім маған да, сендерге де келмейді ме? Егер өлмейтін адам болғанда, үнемі қастарында қалатын едім. Біліңдер, мен Жаратушыма ораламын. сендер үшін аманаттарымды қалдырдым. Егер соларға жабыссаңдар, еш уақытта адаспайсыңдар. Аманаттарымның бірі – Алланы кітабы. Ол өздеріңнің қолдарыңда, оны таңертең және кешке оқыңдар. Келесі аманатым – отбасым. Олардан алыстамаңдар деп кеңесберемін»,- деді. Бұл Исламның ұлық пайғамбарының қатысуымен өткен соңғы жиын болды. Бұл күні үмбетінің келешегін белгілеп, хазірет риза болды. Пайғамбар айналасына жиналғандарға: «Уа, халайық! Менен кейін басқа пайғамбардың келмейтінін және менің сүннетімнен кейін басқа сүннеттің болмайтынын біліңдер. Кімде-кім өзін пайғамбар жарияласа, өз ойынан айтқаны. Оның орны тозақ болады. Уа, халайық! Аллаға иман келтіріп, ыдырамаңдар, мұсылман болып қалыңдар»,- деді.

 

Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) өмірі адамзат қоғамы мен әлемдегі өмір тынысы үшін Алланың мейірім жаңбырындай болды. Хазірет пайғамбар міндетіне сайланған кезде араб аралы надандық, бұзақылық пен күнәға батқан болады. Адамдар арасында адамгершілік құндылықтарының орнын соғыс, кісі өлтіру мен талан-тараж толтырды. Алла елшісінің 23 жыл талпынысының арқасында мұсылмандар арасында ахлақ, адамгершілік, білім мен  даналық, әділет қалыптасты. Білімнен пайдаланбаған халық пайғамбар тағылымдарының арқасында білім алуға құштарлық білдіріп, оқып-жазатын болды.  Шынайы өркениеттің ешбір белгісі болмаған халық пайғамбармен бірге ұзақ жолды өтіп, ғылыми және рухани кемелдікке жетіп, ислам өркениетінің негізін қалады. Адамзат қоғамы Алла елшісінің мектебінде өзінің жаратылуының мақсаты және орнымен танысып, Ислам тағылымдары аясында бірқатар пәк адамдар тәрбиеленді.  Христиан саясаткері Фарс Бек әл-Хори Исламның ұлық пайғамбары туралы: «Мұхаммад (с.ғ.с.)   –әлемнің ең ұлы адамы. Әлем одан кейін оған ұқсас адамды көрмеді. Оның діні ең кемел дін. Мұхаммад – әлемнің бүкіл замандарындағы ең ұлы адамдардың бірі. Ол өзінің ахлағымен арабтарды біріктіріп, бүгінде әлемді жеңген үмбет құрды»,- деген болатын.    

 

 

 

Исламның ұлық пайғамбары бүкіл істері Аллаға негізделген жаңа жүйе мен жаңа өмір сүру тәсілін ұсынды. Бұл дінде адамның Алламен қарым-қатынас орнатуы, қоғамдық, отбасылық, саяси және экономикалық қарым-қатынастарға байланысты жаңа стратегиялар ұсынылды. Айта кететін жайт, ол кезде надандық салдарынан көптеген адамдар Исламды қабылдамады. Ал Исламға бет бұрған адам пайғамбардың шақыруын қабылдау оның жеке және қоғамдық өміріндегі маңызды өзгерістердің басталуы екенін түсінді. Расында бұл өзгерістер мұсылмандардың өмірінен орын алып, әлемнің түкпір-түкпіріне таралды. Пайғамбар халықты шақырып, дұрыс жолға нұсқады. Алла елшісінің Исламды тарату талпыныстары мен жанашырлығы туралы «Кәһф» сүресінің 6-шы аятында: «(Мұхаммад (с.ғ.с.) енді олар бұл Құранға сенбесе, арттарынан кейіп, өзіңді жоя жаздайсың», сондай-ақ «Фатыр» сүресінің 8-ші аятында: «...Алла қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады. Ендеше (Мұхаммад с.ғ.с.) оларға қайғырып, өзіңді жойма...»,- деп айтылды.

Тіпті өмірінің соңғы сәттерінде, Алла елшісі науқастанып, төсек тартып жатқан кезде мұсылмандардың келешегі жөнінде алаңдап, ислам үмбетіні алдындағы ауыртпалықтар хазіреттің уайымын арттырды. Пайғамбар оны өлтргісі келген Мединенің мұнафықтары хазіреттің өлімін күтіп жүргенін білді. Сондай-ақ билік басына келгісі келгендер Пайғамбардан кейінгі кезең үшін қатерлі жобаларын дайындап отырды. Пайғамбар өмірінің соңғы күндерінің бірінде өз сахабаларының бірімен Бақи зиратына барып, Исламның шәһидтері мен басқа мұсылмандар үшін кешірім сұрады. Хазірет қасындағы сахабасына қарап: «Алла мені екі мәселенің арасында азат жаратты: әлемнің қазыналарының кілті мен мәңгілік өмір және Жаратушымен кездесу»,- деді.

Бүгін ұлы адамның дүниеден озған күнінен ғасырлар өтті. Бірақ бұл тұлғаның есімі мен мінез-құлқы туралы айтылған сайын адам үшін жаңа мәліметтер ашылады.  Пайғамбар (с.ғ.с.) жерленген соң Ислам үмбеті құлдыраулар мен шарықтаулардан және көптеген сынақтардан өтті. Бірте-бірте Ислам дінінің шындығы белгілі болып, адамзат тарихпен тұспа-тұс қадам басып, хазіреттің есімі мен жоғары мақсаттары, діні мен Исламның қозғалысы әжәмдардың жүректерінен өз орнын тапты. Алланың соңғы елшісі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен оның әулетіне Алланың нұры жаусын!

 

Рауаяттар бойынша, Исламның ұлық пайғамбарының дүниеден озуы күнінің жылдығымен тұспа-тұс хиджридің 50-ші жылының сафар айының 28 жұлдызында хазіреттің немересі имам Хасан бен Әли (ғ.с.) шәһид болды. Бұл екі күннің тұспа-тұс келуі хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) пәк әулетінің достығы мен әдебін білдіреді. Хазірет сан рет: «Мен қиямет күні сіздерден «Сақалайн» туралы сұраймын. Сондықтан менен кейін де ақылға сай ғамал жасаңадар»,- деді. Ұлы Алла бұл екеуінің бір-бірінен ажырамайтынын қуаттады. Имам Хасан (ғ.с.) 8 жыл Алла елшісінің қасында мейірім мен махаббатқа бөленіп, атасынан илаһи шындық пен құпияларды үйренді. Кейде уәһи түскен кезде Пайғамбардың  қасында болып, илаһи аяттарды естіп, анасы хазірет Фатимаға (ғ.с.) айтып беретін. Имам Хасанның (ғ.с.) аяттар мен хадистерді жатқа білу қабілеті жоғары болып, хадис кітаптарында жинақталған Алла елшісінің көптеген рауаяттарын ешбір делдалсыз имам Хасан (ғ.с.) айтқан болатын.   

Күндердің бірінде хазірет Әли (ғ.с.) перзенті имам Хасанды (ғ.с.)  Пайғамбардың қасына апарады. Пайғамбар немересін көріп, қуанып, құшағына алады. Кеудесіне қысып, Алладан: «Уа, Алла, мен оны (Хасанды) жақсы көремін. Сондықтан  оны жақсы көрген әрбір адамды жақсы көр»,- деп сұрайды.