Кітап оқуға жеті қадам (5)
(last modified Sat, 23 Nov 2019 11:42:03 GMT )
Қар 23, 2019 17:42 Asia/Almaty
  • Кітап оқуға жеті қадам (5)

Қысқаша мазмұн жазу – оқу, әсіресе оқулық пен сараптамалық кітаптарды оқу кезінде өте қолайлы тәсілдердің бірі. Қысқаша мазмұн жазуда мағлұматтар қысқа да нұсқа жазылса, оның тиімділігі жоғары. Сондықтан көп мағлұматты бірнеше сөзбен қысқартып жазған кезде жазбаны қолдану тиімдірек болады.

Кітап оқи бастағанда бір маңызды нүктені есте сақтап, орындаңыз: кітаптың қысқаша мазмұнын жазыңыз. Кітаптың қысқаша мазмұнын жазудың екі негізгі пайдасы бар: сізге кітапты жақсырақ түсінуге көмектеседі. Кітаптың үстінен жазуға тырыспаңыз, бір бөлігін оқып, содан соң өз сөзіңізмен қысқаша жазыңыз. Сонда ойыңыз кітапқа көп бөлініп, ондағы ұғымдарды есте сақтау ықтималын арттырады. Мұнымен қоса, кітаптың тақырыптарына қайтып оралуды жеңілдетеді. Келешекте де кітаптағы ұғымдарға қайта оралу қажет болуы мүмкін. Егер қолыңызда өзіңіз жазған кітаптың қысқаша мазмұны болса, қайта қарап, шолу жасау сізге ерекше ләззат сыйлап, пайдалырақ болады.

Басты ұсыныс мынау: өзіңіз жазған қысқаша мазмұн болсын. Бірақ басқа адамдар жазған қысқаша мазмұн да сіз үшін пайдалы болады. Бір идея сізге өте көмектеседі: өзіңіздің қысқаша мазмұндарыңызды бір веблог ашып, каналыңызда жариялап отырыңыз. Кітаптардың қысқаша мазмұнын жазып, бұл мазмұндарды белгілі бір жерге жариялауға қызығу сіздің кітап оқуға әдеттенуіңізге септігін тигізеді. Тағы бір ұсынысымыз: өз достарыңызбен келісіп, белгілі бір кітап оқып, сол туралы сөйлесіңіз.

Бір кәсіби кітапсүйгішке айналу үшін кітаптың мазмұнын басқаларға оңай баяндап бере алатындай оқу керек. Бұл іс мазмұнын жақсырақ түсінуге себеп болады. Біз бір мазмұнды басқаларға түсіндіре алған кезде оны жақсылап үйрендік деген сөз. Жақсы бір тыңдарман таңдауға тырысыңыз. Сонда баяндауға шабытыңыз жоғалмайды! Кітаптың тақырыптарын сипаттап, түсіндіру басқаларды да оқуға ынталандырады. Осылайша бір оқпен екі нысананы атуға болады. Егер жанындағыларыңыздан біреу  "Қандай кітап оқиын?" деп сұраса, өзіңіздің соңғы оқыған кітабыңыз туралы баяндап беруге жақсы мүмкіндік туады.

Бірақ есіңізде болсын, бәріміздің кітап оқудағы талғамымыз бірдей емес, бірдей болмайды да. Кітап оқуда басқалардың көзқарасын қолдану өте жақсы, бірақ өзіміз жақсы қабылдайтын тұлға кеңес берген кітаптың бірнеше беттерін оқығаннан кейін оның сіздікі емес екенін сезуіңіздің ешқандай айыбы жоқ. Біздің көбіміз білім беру жүйесінде басқалар оқуға мәжбүрлеген  тақырыптарды оқып, үйренуіміз мүмкін. Өміріміздің жалғасында бұл нашар әдетті жалғастырмауды ойлаңыз.

Бесінші бөлімнің алтын түйіні: Имам Әли(ғ.) "Кітаптардан тыныштық табатын адам ешқашан өз тыныштығын жоғалтпайды" деген.