Қар 28, 2019 13:41 Asia/Almaty

2018 жылдың қазан айының соңынан бері Иранның танымал ұстазы, діңгекті жасушалар саласының зерттеушісі, профессор Масуд Солеймани АҚШ-тың федералды абақтыларының бірінде қамауда жатыр. Солеймани J-1 визасымен әйгілі Мэйо клиникасында (Mayo Clinic) зерттеу жүргізу үшін АҚШ-қа аттанды. Бірақ ол АҚШ-қа енген кезде бірнеше өнімді енгізу рұқсаты жоқ деп айыпталып, қамауға алынды.

Теһран Педагогикалық университетінің  Медицина факультетінің деканы Мансуре Мовахедин:

"Ол Мэйо клиникасының шақыруымен кетті. Ол бұрын да аталмыш зерттеу институтының шақыруымен АҚШ-қа сапар шеккен болатын. Бұл олардың бағдарламаларына кіреді. Негізінде олар докторды ғылыми пікір алмасуға шақырды. Солеймани бірақатар техникаға ие. Олар біздің ғалымнан іске асыру үшін сол техникаларды, сондай-ақ жұмыстарына қолдану үшін бірқатар ғылыми жетістіктерді алып келуды сұрады" деді.   

Доктор Солейманидің студенті Ихсан Джавандуст: "Барша ол кісінің гематома және діңгекті жасушалар саласындағы санаулы үздік ғалымдарының бірі екенін біледі",- деді.

 

- Ирандық ғалымның АҚШ-тағы тұтқындығының жалғасуы бұл елдегі қамауға алудың саяси себептері туралы көптеген сұрақ тудырды. Соның ішіндегі ең маңыздысы "АҚШ қандай жағдайда адамдарды саяси себеппен ұстап, қамауға алып, өз мүддесіне пайдаланады және қалаған кезде азат етеді?"  деген сұрақ. Ұстаз Масуд Солеймани Атлантаның оңтүстігіндегі абақтылардың бірінде қамауда. Ұстаз Солейманидің FBI-дің (АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы) қолына түсіп, бұл ұйымның ғалымның Минесотта штатындағы Мэйо клиникасына ену мүмкіндігін өз мүддесіне пайдаланғаны туралы теріске шығарылмайтын мәліметтер бар. 2016 жылдың 6 қыркүйегінде қамауға түсіп, тергеу жүргізілген ұстаз Солейманидің бұрынғы студенттерінің бірі Мариям Джазаеридің тергеу қағазында ғалым Солейманидің кемінде екі жыл АҚШ-тың бақылауында болғаны көрсетілді. Бұл екі жыл 2018 жылдың қазан айында ұстаз Солейманидің қамауға алынуынан бұрын болды. FBI екі жыл бойы ұстаз Солейманиге қарсы іс дайындаған. Сол себепті "Неліктен және қандай мақсатпен?" деген сұрақ туындайды. Бұдан бұрын да: "Бұл құбылыс қаншалықты кең таралған? АҚШ үкіметі ұстаз Солеймани сынды адамдарды қамау арқылы қандай мақсатты көздейді?"- деген сұрақтар туындаған.

1979 жылы Иранда Ислам революциясы орын алғаннан бері АҚШ үкіметі ирандықтарды саяси сылтаумен құрықтап келеді. Колумбия универистетінен профессор атағын алып, БҰҰ-ның тапсырмасымен Иранда жұмыс істеген Ахмад Шейхзаде ­­­­        - ұқсас жағдаймен бетпе-бет келген келесі адам. 2016 жылдың наурыз айында FBI Ахмад Шейхзадеге ынтымақтастық жасау туралы ұсыныс жасады. Бірақ ол ұсынысты қабылдамаған соң «кедендік ережелерді бұзды», «ақша  жылыстатты» «АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын бұзды» деп айыпталды. Шейхзадеге қарсы тергеулер  ҒВІ ойлаған нәтижеге жетпегенімен, ол салықтық алаяқтықпен айыпталып,  үш айға қамалды. Бұл іс АҚШ үкіметінің, әсіресе ҒВІ сынды заң органдарының өздерінің саяси мүдделері үшін ирандықтарды қалай нысанаға алатынын көрсетті.

Иран Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы баспасөз хатшысы Баһрам Ғасеми:

«Негізінде АҚШ-тың сол елдегі және кейбір басқа мемлекеттердегі ирандық азаматтарға қысым көрсету секілді бұрынғы саясаттарының жалғасында бұл оқиға Америкада орын алып, олар нысанаға алған адам бірнеше айға айыпталды. Бұл істе баяндалған алғашқы айыптаулар бойынша мен шығарылған шешімді орынсыз әрі қате деп санаймын».

    

- Шейхзаде ҒВІ-дің ынтымақтастық ұсынысын қабылдамауының құрбаны болды. Бірақ бұл АҚШ үкіметінің оны Иранға қарсы саяси және стратегиялық жетістіктерге қол жеткізу үшін пайдалану жолындағы талпыныстарына кедергі болмады.

 

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Аббас Мусави:

«Іс бір-екеу ғана емес. Бұл салада еуропалық және еуропалық емес мемлекеттерде 20-30 іс бар. АҚШ-тың заңсыз талабымен олар Америкаға тапсырылуы мүмкін. Кейбіреулер АҚШ-тың өзінде».

 

- АҚШ үкіметі ирандықтарды ғана ұстап, абақтыға қамап жатқан жоқ. Негізінде оның Иранға қарсы кең стратегиясының бір бөлігі экстрадициялау өтінішінен әлдеқайда жоғары. Бұл саладағы белгілі жаңа іс 2017 жылдың маусым айында Австралияда АҚШ Әділет министрілігінің сұрауымен ирандық азамат Негар Қодскани ханымның тұтқындалуы болды. АҚШ басшыларының көзіне түскен басқа ирандық азаматтар секілді Қодскани ханым да санкцияны бұзды деп айыпталды. Қодсканидің ісінде АҚШ-тың қысым жасаған сондай, австралиялықтардың АҚШ-қа бағынып, 2019 жылдың маусымында оны экстрадициялаудан басқа шарасы қалмады. Австралия басшылары Қодсканидың денсаулығының нашарлығы және қамауға алынған кезде оның аяғы ауыр екенін білді. Қодскани Австралияның абақтысында босанды. Қыркүйек айында АҚШ басшылары оның саяси пайдасы жоқ деген нәтижеге жеткен соң азат етті.

Айта кететін жайт, АҚШ-тың полиция және қауіпсіздік күштері саяси сылтаулармен тек ирандықтарды ғана тұтқындамайды. Негізінде АҚШ үкіметі үнемі олармен шынайы проблемалары бар елдердің азаматтарын нысанаға алады. Сондай азаматтардың арасынан Ресей, Куба, Венесуэла, Сирия, Ливан мен тағы басқа елдердің адамдарын көруге болады. Әлемге танымал болған істердің бірі 2018 жылдың маусым айында тұтқындалып, АҚШ-қа қарсы қастықпен айыпталған Мария Бутинаның ісі болды. Сарапшылардың қуаттауы бойынша, Бутина АҚШ-Ресей қарым-қатынастары құлдыраған жағдайда тұтқындалды.

 

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова:

«Біздің отандасымыз ақымақ айыптаулар жазылған хаттарға қол қоюға мәжбүр болды. Біз Мария Бутинаның тұтқындалып, қамауға түсуін  саяси қысым және саяси бопсалау санаймыз. Біздің пікірімізше, Мария Бутинаның ісі АҚШ-тың кейбір  саяси күштерінің Ресейге қарсы және Ресейден үркіту саясаттарымен байланысты».

 

 

- Алайда саяси тұтқындарға қандай қатынас жасалып, олар қандай жағдайда өмір сүреді? Jericho Movement және ANSWER Coalition қозғалысының мүшесі Нино Браун Real News Network ақпарат арнасына берген сұхбатында: «АҚШ-тағы саяси тұтқындар – ұмытылғандар. Олар лас суда тірі қалуға талпынуда»,- деді.

 

Jericho Movement және ANSWER Coalition қозғалысының мүшесі Нино Браун:  

«Тұтқындар лас су ішіп, қара және қоңыр суға шомылады. Кейде сұр судың құрамында магний, темір және басқа да қауіпті химиялық заттардың мөлшері жоғары болады. Сондай-ақ, сотталғандар жұмыс істеуге мәжбүр. Әйтпесе, олар жеке камераларға қамалып, ортағасырлық азаптауларға тап болады. Ал күзет иттері таза су ішеді. Сондықтан бұл жерде адам құқығы әшкере бұзылуда».

 

 

- Саяси мақсаттағы тұтқындау мен абақтыға қамау АҚШ-тың сыртқы саясатының жалғыз ерекшелігі емес. Америкалық ұйымдар, әсіресе Әділет министрлігі басшылар мен жергілікті ұйымдардың көңілдерінен шығу үшін саяси мақсаттармен тұтқындаумен айналысады. «Террорға қарсы соғыс» деп аталған бағдарлама америкалық ұйымдарға нәтижеге жету үшін көптеген қысым көрсетеді. Бұл стратегияның бір бөлігі адамдарды лаңкестікке араласумен айыптап, тұтқындау болып табылады. Көбінде қоғамның қарапайым адамдары  ҒВІ-дің тыңшылық мақсаттарының нысанына түсіп, лаңкестікті іске асыруға итермелейді. Бұл мәлімдеме бойынша, 300-ден астам адам ҒВІ-дің АҚШ ұйымдарының саяси мақсаттарын қамтамасыз ету бойынша лаңкестікпен күресутің құрбаны болды. Шетелдіктер мен америкалықтар АҚШ үкіметінің саяси тергеулерінен аман қалмайды деген ой туады.

 

 

ا

Тегтер