16 азар – Студенттер күні (2)
Хиджри қамари жыл санағы бойынша 1332 жылдың 16 азар күнгі оқиға ағымында Теһран университетінің үш студенті басып-жаншушы режим күштерінің оғынан қаза болды. Бұл оқиға Иранның сол кездегі заңды үкіметіне қарсы америкалық-британиялық төңкерістен шамамен 4 ай өткен соң болды.
АҚШ-тың Ирандағы араласушылығы 1332 жылдың 28 мордад (1953 ж., тамызы) төңкерісімен әшкерелене түсті. Бұл оқиға Ираның саяси өзгерістері мен бірқатар оқиғаларына тікелей әсер етті.
1979 жылдың ақпан айындағы Ислам революциясының жеңісіне жеткізген Иран халқының шаһ режиміне қарсы күрес толқынының көтерілуімен «16 азар» секілді оқиғалар кезінде қан төгіліп, Иран халқының революцияшыл күресінің жаңа кезеңі басталды. Революцияшыл әрекеттер Ислам революциясынан кейін АҚШ-тың тыңшылық ұясын басып алумен жалғасып, Иран халқының, әсіресе қырағы жастарының, революцияшыл студенттердің АҚШ-қа қарсы тұрып, Иран халқын билеп-төстеуге рұқсат бермейтінін көрсетті.
Ислам республикасы жүйесінің дұшпандары өткен 41 жылда әртүрлі қастықтарды іске асырып, жүйені әлсіретуге, тіпті құлатуға талпынды. Олар Иран халқына қарсы экономикалық қоршау мен соғыстан сәтсіздікке ұшыраған кезде халықты үмітсіздендіріп, Иранның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіне сызат келтіріп, өз мақсаттарына жету үшін психологиялық және «жұмсақ» соғысқа кірісті. Бірақ олар бүкіл әрекеттеріне қарамастан Ислам революциясы мен Ислам республикасы жүйесінің негіздеріне зиян келтіре алмады. АҚШ-тың ИИР-на қарсы дұшпандығы мен қарсыласуы бұл мемлекеттің белгілі бір үкіметіне байланысты емес. АҚШ-тың барлық үкіметінің әрқайсы мүмкіндіктеріне қарай революция мен Ислам республикасы жүйесімен қарсыласып, дұшпандық білдіре аламыз деп ойлады. Елдің ішінен «жұмсақ» күшті немесе әскери күшті, қоқан-лоққы мен санкцияларды пайдаланумен Ислам республикасы жүйесін өзгерту жобалары АҚШ-тың республикашыл және демократ басшылары ой-пікірінің негіздерін құрайды. АҚШ үкімет басшылары Иранға қарсы әртүрлі қастандықты іске асырды. Бүгінде Трамп Иранға қарсы өз мақсаттарына жету үшін бұрынғы қателерге тірелді. АҚШ-тың қазіргі үкіметі ИИР аймақтың кейбір режимдері сынды осал деп ойлап, қоқан-лоққылар Иранды бағындыра алады деп ойлады.
«Washington Post» газеті 2016 жылдың қараша айындағы мақаласында АҚШ-тың 1953 жылдың тамыз айындағы (28 мордад) төңкерісіндегі рөліне тоқталып, АҚШ-тың жаңа басшыларының Ирандағы билікті өзгерту қажеттігі жөніндегі сөздеріне тоқталып: «АҚШ басшылары өз тарихын ұмытып, өздерінің сәтсіздікке ұшырауына себеп болатын қатерлі ойынды іске асыруда»,- деп жазды.
Ислам революциясының жеңісінен 41 жыл өтіп, Ислам республикасы жүйесі тамырын жайған мықты ағашқа айналған қазіргі кезде де АҚШ билеп-төстеуші мақсаттарынан бас тартпады. Огайодағы Гейдельберг университетінің саясаттану ғылымдарының ұстазы Арнольд Оливер: «АҚШ-тың Иранмен қарым-қатынасы туралы саналы және ұтымды ұлттық пікірталас қажет. Пікірталасты бастау үшін алдымен 1953 жылғы төңкерістен кейінгі жылдардағы негізгі оқиғалар мен оның зардаптарын қарастыру керек. Сол оқиғаларды әділ бағалау Иран халқының АҚШ басшыларына не үшін жеккөрініш білдіретінін көрсетеді»,- деді.
АҚШ бұрыннан, имам Хомейнидің жолын ұстанатын мұсылман студенттер АҚШ-тың тыңшылық ұясын басып алғаннан бастап, Иранға қарсы саяси және экономикалық әрекеттерімен бірге тіпті әскери салада қоқан-лоққы жасайтын болды. АҚШ бұл салада бірнеше рет Парсы шығанағы аймағына өз әскери флотын аттандырып, кез келген сәтте Иранға қарсы шабуыл жасауға дайын екенін мәлімдеді. Бірақ қастандықтардың барлығы нәтижеге жетпеді.
АҚШ-тың Табастағы әскери шабуылындағы сәтсіздіктері, Ниқаб төңкерісінің нәтижеге жетпеуі, халықаралық салалардағы Иранды оқшаулау талпыныстары мен Иранды зорлық-зомбылық жасаушылардың тізіміне тіркеуі, Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазы аймағындағы кеме қатынасын тұрақсыздандыруы мен Ираннан үркіту ағымы аясында аймақтық әскери коалиция құруы – Ислам революциясы жеңісінен кейінгі АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық әрекеттерінің бір бөлімі. Бұл үдеріс Иранға қарсы АҚШ-тың дұшпандық саясаттарының сол елдің бүкіл президенттері мен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ойшылдарының жұмыс кестесінде ежелден қарастырылғанын көрсетеді. АҚШ-тың қазіргі билігі, әсіресе Трамптың өзі мен ұлттық қауіпсіздікке жауапты басшылары бұл саясатты бұрынғыдан қатты ұстанып отыр.
Иранның дұшпандарының бірі, осыдан бірнеше ай бұрын міндетінен босатылған АҚШ-тың бұрынғы кеңесшісі Джон Болтон 2017 жылдың шілде айында «Мұнафеқин» тобының ортасында: «АҚШ-тың қазіргі президенті Теһран үкіметіне үзілді-кесілді қарсы. АҚШ Президентінің саясатты қайта қарастыруы 1979 жылы құрылған имам Хомейни үкіметіне 40 жылдығын тойлауға мүмкіндік бермейді»,- деді. Бұл ұлттық қауіпсіздікті зерттеу институты Хенсон мен Ақ үйдің қауіпсіздік басшыларының қарамағындағы идеологиялық орталықтың бос сөздері. Осы жоба АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан екі күннен кейін мәлімдеме ретінде жарияланды. Бұл жоба Трамп үкіметінің Ирандағы билік жүйесін «жұмсақ» құлату және Иран халқы мен билік басындағы жүйенің арасын алыстатуға шоғырланды. Ислам революциясының жетекшісі: «АҚШ-тың Иран халқына қарсы дұшпандығы америкалықтардың қателіктерін қайталауына себеп болды. Америкалықтар нәтижесіз қастандықтарын жалғастырып жатыр. Өйткені дұшпандық пен кек оларды шындықты көріп, түсініп, дұрыс бағалаудан айырды»,- деді.
«16 азар» оқиғасы Иран халқының АҚШ-тың араласуы мен билеп-төстеушілігіне бағынбайтынын көрсетті. АҚШ үкіметінің Иранға қарсы негізгі мақсаты Ислам республикасы жүйесін құлату екені анық. Сондықтан «16 азар» оқиғасын Иран халқының тарихи жадысы еш уақытта ұмытпайды. Өйткені бұл күн үстемшілердің Иран халқына қарсы жарты ғасырлық қастандықтары мен әртүрлі талпыныстарының көрінісі. АҚШ Иранға қатысты армандары мен сұм мақсаттарына еш уақытта жетпейді.