2019: Ирандағы өзгерістер (1)
(last modified Mon, 30 Dec 2019 09:56:39 GMT )
Жел 30, 2019 15:56 Asia/Almaty
  • 2019: Ирандағы өзгерістер (1)

2019 жылдың аяқталуына байланысты Иранның осы жылдағы саяси-экономикалық оқиғалары мен аймақ қауіпсіздігі саласындағы дипломатиясына тоқталамыз.

 

2019 жыл осыған дейінгі бірнеше жыл сынды АҚШ-пен оның одақтастарының Иранға қарсы дұшпандық әрекеттеріне куә болды. Иранның дұшпандары өткен жылы экономикалық, саяси және қауіпсіздік салаларда көптеген бағдарлама жобалады. Бұл салада бүлікшілерді қолдау, халықтың кейбір экономикалық және әлеуметтік мәселелерін теріс пайдаланып, Иран қалаларында тынышсыздық тудыру қастандықтарын жобалап, іске асыру АҚШ пен кейбір залым режимдердің әрекеттерінің қатарында болды. Бірақ бұл қастандықтар сәтсіздікке ұшырап, Иран халқы үшін АҚШ-тың шынайы болмысы бұрынғыдан бетеп әшкереленді.

ИИР 2019 жылы кейбір экономикалық қиындықтар мен АҚШ-тың экономикалық санкцияларына қарамастан экономикалық және  құрылыс жобаларын іске асырып, іргелес және аймақ елдерімен экономикалық қатынастар орнату саласында маңызды қадамдар жасады.  Осыған орай өткен жылы Еуразия одағы мен Иран арасында азат сауда келісімінің негіздері бойынша Еуроодақ пен Иран арасында экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталды. Ислам революциясының жеңісінен кейін Иран бірінші рет аймақтық экономикалық келісім негізінде іске кірісті.

Мамандардың пікірінше, Иран мен Еуразия одағының сауда әлеуеті бұл Одақты Иран экспорты алдында ірі әрі сенімді нарыққа айналдырады. Еуразиялық экономикалық одақтың басшысы Тигран Саркисян Иранның транзиттік мүмкіндіктерін, әсіресе әлеуетін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Үндістан, Пәкістан және Оңтүстік-Шығыс Азиямен сауда-саттық үшін пайдалануды өте маңызды санайды. 

Еуразия Одағының мақсаты сауданы жеңілдетіп, ортақ нарық құру, Одаққа мүше елдер арасында кедендік ережелерді біртіндеп жою, ортақ шетелдік тариф белгілеу, кедендік мәселелерді үйлестіру, Еуразия шекараларының ішінде   тауарлар, инвестиция, жұмыс күші  және қызметтердің еркін  болуы, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен жабдықтар бойынша бірыңғай саясат құру. Еуразиялық экономикалық одаққа кіріп, Еуразиялық одақпен жұмыс істеу жан-жақты экономикалық мақсаттарды ілгерілетудің жаңа жолы бола алады.

Сыртқы саясат саласында да 2019 жыл Иран үшін аймақтық аренада, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен саммиттерде ықпалды рөл атқаратын уақыт болды. 2019 жылы АҚШ-тың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік тақырыптарындағы біржақты саясаттары мен келісімдерді бұзуы аймақты дағдарыс пен тұрақсыздық орталықтарының біріне айналдырды. Сирия мен Ирактағы ДАИШ дағдарысының салдарлары, Ауғанстандағы тынышсыздықтардың жалғасуы, Йемендегі әділетсіз соғыс, Израильдің Палестинаның мазлұм халқына қарсы қылмыстары мен Сауд Арабиясының аймақта дағдарыс тудыруы – 2019 жылдағы аймақтың маңызды дағдарыстары.

ИИР бұл дағдарыстармен бетпе-бет келіп, аймақтағы отырыстарға қатысып, аймақ елдерімен кеңесулер өткізіп, Ауғанстан, Сирия мен Йемендегі дағдарыстарды саяси жолдармен шешуге талпынды. ИИР Йемендегі соғысты тоқтатып, йемендік топтар арасындағы  келіссөздерді қолдайтынын жариялады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Пәкістан Премьер-министрі Имран Хан мен оның делегациясымен кездесуінде Батыс Азия аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздіктің орнатылуын өте маңызды деп атап, аймақтағы кейбір елдердің Ирак пен Сириядағы лаңкестік топтарды қолдауы мен Йемендегі соғыс пен қантөгістегі  жойқын рөліне өкініш білдірді. Ислам революциясының жетекшісі ИИР-ның біраз уақыттан бері жүріп жатқан Йемендегі соғысты тоқтату үшін төрт баптан тұратын жоба ұсынды. Аймақ пен халықаралық отырыстарда, соның ішінде Бакудегі Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшылары саммитінде ИИР Президенті халықтардың өз тағдырын шешу құқығын қуаттады. Иран Президенті Хасан Рухани Қосылмау қозғалысының отырысында дағдарыстар мен соғыстан шығатын жалғыз жол ретінде бір-бірінің ішкі істеріне араласпау мен келісім мен келіссөздерге жағдай тудыруды атады. Рухани Баку саммитінде маңызды ескертулер жасады. Соның ішінде АҚШ-тың басқа елдерге миллиардтаған долларға шығын әкелген соғысы туралы айтып, соғыстың бүлік пен терроризмге себеп болатынын мәлімдеді.

ИИР Президенті Тәжікстанда өткен 5-ші Азия-Тынық мұхиттық өзара іс-қимыл және сенім конференциясында: «Әлемнің қазіргі жағдайында бейбітшілік, тұрақтылық пен дамудың дұрыс деңгейіне жету аймақтық ынтымақтастық пен диалогты кеңейтуді қажет етеді. ИИР-ның сыртқы саясаты ынтымақтастық пен  өзара әрекеттестік және ортақ мүдделерге негізделген. Бір сөзбен айтқанда, бұл саясат жеңіске жеткізеді",- деді.  

Осыған байланысты ИИР Президенті 2019 жылы БҰҰ Бас ассамблеясында аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға арналған «Ормұз бейбітшілігі» жобасын ұсынды. Бұл жобаның мақсаты Парсы шығанағы аймағының бейбітшілігі мен тұрақтылығын нығайту және   Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазы елдері арасындағы бейбіт және достық қарым-қатынастарды ілгерілету.  

ИИР көршілес елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне әлемнің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі арқылы, сондай-ақ аймақ қауіпсіздігі мен дамуға тек көршілік ынтымақтастық арқылы қол жеткізуге болады деп санайды. Осы тұрғыдан ИИР АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен саяси-экономикалық қысымдарына қарамастан диалог пен келіссөздерді әлемдік және аймақтық қақтығыстардың ең жақсы шешімі санайды.   

Өзін-өзі қорғау, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру, ғылыми даму құқығы және сауда-экономикалық жұмыстарды пайдалану, сондай-ақ Палестина халқы үшін жерлерін қайтару, өз отанына оралу құқығы сияқты мақсаттарды іске асыру үшін халықаралық күш пен ынтымақтастық қажет. 2019 жылы ИИР дипломатиясы Иранның дүниежүзілік бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты көзқарастарын баршаға баяндайтын жыл болды. Осыған байланысты, өзін-өзі айқындау, бейбіт өмір сүру және даму мүмкіндіктерін пайдалану, сауда-экономикалық қызмет, әлемдегі барлық елдердің негізгі қағидаттары мен құқықтарын заңды қорғау сияқты мәселелер Иран дипломатиясында басты тақырыптар болды. Осыған қатысты нақты істердің қатарында азапталған Палестина халқының жерді иемдену және өз отанына оралуы туралы құқықтарының бұзылуы.  ИИР АҚШ қолдаған сионистік режимнің зорлық-зомбылығына бақылаушы ғана болып, үнсіз қала алмайды.

Өткен жылы ИИР халықаралық қоғамдастық пен аймақ елдерін лаңкестік, монополия, зорлық-зомбылық және әділетсіздіктен ада аймақ құруға талпынуға шақырды. Бұл мақсатқа жету үшін ортақ мүддеге бірігу мен ынтымақтастықтан басқа жолдың жоқ екенін қуаттады. Бұл механизм тек Азия үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін қажет. Иранның сыртқы саясат аппараты экономикалық дамуға кедергі жасайтын біржақтылықпен қарсыласып, мемлекеттерден әділетсіз санкциялар мен  АҚШ доллары мен қаржы алмасу және банктік жүйелерін экономикалық үстемдік құралы ретінде теріс пайдалануға қарсы тұруды талап етіп, бұл үдерістің жалғасуын тек  Иран үшін ғана емес,  барлық елдер мен азат сауда үшін  қоқан-лоққы деп атап,    барлық елдердің тұрақты дамуы үшін қолайлы орта құруға шақырды.