Шексіз Кәусар
(last modified Thu, 09 Jan 2020 05:51:11 GMT )
Қаң 09, 2020 11:51 Asia/Almaty
  • Шексіз Кәусар

Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.): «Фатима – менің Кәусарым. Мен Фатимадан жаннаттың жұпар иісін сеземін. Фатима – жәннәт. Менің ризалығым Фатиманың ризалығына байланысты. Фатиманың ризалығы Алланың ризалығына себеп болады. Фатиманың ызасы – Алланың тозағы; Фатиманың ризалығы – Алланың жаннаты»,- деген болатын.

Джамади аууал айының 13 жұлдызы – Исламның қадірлі бануы хазірет Фатиманың (ғ.с.) шәһид болған күні. Хазірет Фатима (ғ.с.) Алланың пенделерінің бірі, бірақ айбыны жоғары болғаны сондай адамның Алланың қасиетті болмысын тану мүмкіндігі болмағандай, ешкім хазірет Фатиманың (ғ.с.) ұлылығын толық түсіне алмайды. Имам Садық (ғ.с.): «Фатимаға «Фатима» деген есімді қойылды, өйткені адам оны түсініп, танудан қауқарсыз»,- деп айтқан.

 

Біз тіліміздің хазірет Фатиманы (ғ.с.) сипаттауда дәрменсіз екенін мойындаймыз, сондықтан Құран аяттары мен Жаратушы, Исламның ұлық пайғамбары мен пәк имамдардың бұл қасиетті бану туралы рауаяттарына сүйенеміз.

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) деңгейі жоғары болғаны сондай Алла Тағала бұл тұлғаға арнап, «Кәусар» сүресін жіберді. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) тазалығы мен пәктігі «Татһир» аятында мадақталды. Мистикасы мен руханияты «Мобаһеле» аятында көрсетілді. Жанкештілігі «Даһр» сүресінде баяндалды. Яғни Құранның көптеген аяттары хазірет Фатимаға (ғ.с.) байланысты жіберілді. Бірақ мұның барлығына қарамастан хазірет Фатиманың (ғ.с.) қабірі орналасқан жер белгісіз қалды. Ешкім бұл банудың жерленген жерін білмейді, шәһид болған күні де нақты белгісіз. Кейбіреулер хазірет Фатиманың (ғ.с.) шәһид болған күні джамади аууал айының 13 жұлдызы, тағы біреулер джамади ахардың 3-ші жұлдызы санайды. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) болмысы илаһи сырға толы. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз.

 

 

Құран Кәрім Исламның ұлық пайғамбарын үлгі ретінде таныстырды. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) көзқарасы ислам үмбеті үшін үлгі болды.  

Исламның ұлық пайғамбары Фатиманы (ғ.с.) әлем әйелдерінің үздік бануы деп атап, бүкіл әлемдіктер үшін мәңгі үлгі ретінде таныстырды. Рауаяттардың бірінде Пайғамбар (с.ғ.с.): «Төрт әйел өз заманындағы әйелдердің басшысы болды: Имранның қызы хазірет Мәриәм, Мазахамның қызы, Перғауынның әйелі Әсия, Ховайледтің қызы хазірет Хадиджа және олардың ең жақсысы хазірет Фатима (ғ.с.)», - деді.

Келесі бір сөзінде: «Мәриәм өз кезеңі әйелдерінің басшысы болды, бірақ қызым Фатима (ғ.с.) – барлық замандардағы әлемнің бүкіл әйелдерінің басшысы»,- деп айтқан болатын. Негізінде хазірет Фатиманың (ғ.с.) үздік болуы бұл банудың Алла мен Пайғамбар (с.ғ.с.) алдында деғгейінің жоғары болғанын көрсетеді. Қыздарды тірідей көрге көмген бұрынғы кезде Пайғамбар (с.ғ.с.) еңкейіп, кішкентай қызын иіскеп, сүйіп: «Фатима – менің жәннәтім, Фатима – менің Кәусарым, мен Фатимадан жәннәттің жұпар иісін сеземін. Фатима – жаннат. Менің ризалығым Фатиманың ризалығына байланысты. Фатиманың ризалығы Алланың ризылағына себеп болады. Фатиманың ызасы – Алланың тозағы; Фатиманың ризылығы – Алланың жаннаты»,- дейтін.

Хазірет Фатиманың (ғ.с.) мейірімі барша халыққа танымал болды. Сан рет әртүрлі жерден үмітсіз мұқтаждар хазірет Фатиманың (ғ.с.) үйіне барып, оның мейірімінің куәсі болды. Хазірет Фатима (ғ.с.) оларға көмектесуді ғибадат, Аллаға қызмет ету санап, одан ләззат алатын. Ол өмірдің барлық тұрғысынан үлгі болды. Өмірінің көктем сынды қысқа болғанына қарамастан Алланың періштелердің алдында мақтануына себеп болатындай дәрежеге жетті. Рауаяттардың бірінде Алла елшісі: «Қызым Фатима ғибадат михрабында тұрған кезде жұлдыз сынды жарқырайды. Ұлы Алла періштелерге: «Уа, періштелерім! Менің үздік пендем Фатимаға қараңдар. Ол менің алдымда тұр.  Менен қорыққанынан бүкіл денесі дірілдеп, ғибадатын шын жүрегімен орындайды»,- деді»,- деп айтқан болатын.

 

 

Хазірет Фатима (ғ.с.) – ғибадат жасаушылардың символы. Ол Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы болғандықтан емес, өзінің құлшылығымен жоғары дәрежеге жетті. Хазірет Фатима (ғ.с.) Аллаға құлшылық етуге ғашық болды. Алла елшісі күндердің бірінде: "Қызым, Алладан Жебірейіл Ол тарапынан орындау туралы уәде еткен нәрсені тіле",- деген кезде хазірет Фатима (ғ.с.) Аллаға құлшылық етуде сәтті болуымнан басқа тілегім жоқ",- деп жауап берді. Ол ғибадат етуді бастаған кезде тек Алла туралы ойлайтын. Пайғамбардың (с.ғ.с.) айтуынша, жүрегі ғибадат жасау үшін таза болды. Жүрегінде тек өзі мен Алла үшін ғана орын болды. Хазірет Фатима (ғ.с.) Пайғамбардың (с.ғ.с.) алдында жоғары дәрежеге ие болды. Алла Тағала "Нәжм" сүресінің 3-ші аятында "Ол өз ойынан сөйлемейді" деп сипатталған Пайғамбар (с.ғ.с.): "Уа, Фатима, әкең құрбаның болсын",- дейтін. Кейде қызын "ана" немесе "Умма Абиһа" деген лақап атпен атайтын. Рауаяттарда хазіреттің Фатиманың (ғ.с.) қолын сүйгені туралы айтылды. Кішкентай қыз бала қамқор ана секілді әкесін күтетін. Алла елшісінің Фатимаға (ғ.с.) деген махаббаты бұл банудың Алланың жаннатының тұрғыны екенін білдіреді.

 

Исламның ұлық пайғамбарының әйгілі сахабаларының бірі Джабер бен Ансаридің рауаятынша, Алла Тағала хазіретке: "Уа, Ахмад! Егер сен болмағанда әлемді жаратпайтын едім. Егер Әли (ғ.с.) болмағанда сені, егер Фатима (ғ.с.) болмағанда мен екеуіңді де жаратпайтын едім",- деген. Бұл хадис хазірет Фатиманың (ғ.с.) қадірін көрсетеді. Негізінде көптеген рауаяттар бұл тақырыпты растайды. Алла елшісі рауаяттарының бірінде: "Алла Тағала хазірет Адамды жаратқан кезде оған өз рухынан дем жіберіп, оны тағының оң жағына отырғызды. Хазірет Адам нұрланған аруақтарды көріп: "Уа, Алла, менен бұрын басқа адамды топырақтан жараттың ба?"- деп сұрады. "Жоқ, жаратқан жоқпын",- деген жауап алды. Хазірет Адам: "Олай болса, маған ұқсас аруақтар кімдер?"- деп сұрады. Алла Тағала: "Егер олар болмағанда, тозақты да, жаннатты да, ғарыш пен тақты, аспан мен жерді де жаратпайтын едім. Олардың есімдерін өз есімдеріме жақын көрдім: Мен Махмуд, бұл Мохаммад; Мен Аали, бұл Али; Мен Фатыр, ал мынау Фатима; Мен Ехсан, мынау Хасан; Мен  Мохсен, бұл Хусейн",- деді.

 

Хазірет Фатиманың (ғ.с.) өмірі ғибадат жән  жанкештілікпен шектелмеді. Оның өмірі Алла жолында зорлық-зомбылықпен күресу болды. Сондықтан пайғамбар дүниеден озған соң ол бар күш-жігерін Исламның армандарын қорғауға жұмсады. Сондай-ақ, исламдық қоғамға қатер тудырған бұрмаланушылықтың зардап келтіруі жөнінде ескерту жасады. Ол бүкіл өмірі бойы шындықты талап етіп, исламдық қоғамның Пайғамбардан кейін қалай басқарылатынына назар аудартты. Хазірет Фатима (ғ.с.) Алла елшісі жолының жалғасы саналатын велаятты қорғау саласында ешнәрсені, тіпті жанын да аямады. Исламның ұлық пайғамбарының жалғыз естелігі хазірет Фатима (ғ.с.) әкесі дүниеден озған соң үш айдан артық өмір сүрмеді. Алла елшісі дүниеден озғаннан кейінгі оқиғалар хазірет Фатиманың  (ғ.с.)  жанына қатты батты. Ардақты бану өмірінің соңғы сәтінде жұбайы хазірет Әлиге (ғ.с.): "Әли, мен қайтыс болған соң түнде ғұсыл құйындырып, жаназамды шығарып, түнделетіп жерле, ешкімге хабарлама. Әли, өзіңді Аллаға тапсырып, перзенттеріме қияметке дейін сәлемімді жолдаймын",- деді.

 

 

Уа, Алла! Фатима мен ұлы әкесі және жұбайы мен перзенттеріне сәлем жолда.

Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз.