2019 жыл – Батыста зорлық-зомбылық артқан жыл
(last modified Tue, 14 Jan 2020 15:19:38 GMT )
Қаң 14, 2020 21:19 Asia/Almaty
  •  2019 жыл – Батыста зорлық-зомбылық артқан жыл

Батыс ақпарат құралдары өз дағдарыстары мен қатыгездіктерін жасыру үшін әлемдіктерді Батыс Азия мен Оңтүстік-батыс Азия аймағындағы тынышсыздықтар мен зорлық-зомбылықтарға қаратуға талпынғанымен өткен жылдары АҚШ пен еуропалық мемлекеттерде халықтарына қарсы зорлық-зомбылық қатты артып, кісі өлтіру, қарулы шабуыл жасалып, әйел мен баланы қорлау туралы хабар естілмейтін күн болмады.

Бұл үдеріс 2019 жылы айтарлықтай артты. Бүгінгі бағдарламада Батыс қоғамындағы күнделікті зорлық-зомбылықтарға тоқталамыз.

 

Зорлық-зомбылық деген адамның физикалық немесе физикалық емес әдіспен өз еркін басқаларға жүктеу. Психологтар бір немесе бірнеше адамға немесе кез келген құбылысқа зиян келтіру мақсатында жасалған әрекетті зорлық-зомбылық деп атаған. Зорлық-зомбылық деген сөз кең ауқымды мағынаны қамтиды. Зорлық-зомбылық екі адам арасындағы қақтығыстан бастап, миллиондаған адамның өліміне соқтыратын соғыс пен геноцид болуы мүмкін. Бүгінде көптеген қоғамдарды, әсіресе Батыс қоғамдарын алаңдатып отырған нәрсе жеке зорлық-зомбылық пен агрессия. Жеке зорлық-зомбылық басқа адамға физикалық зиян немесе психологиялық ауыртпалық келтіру арқылы жасалатын қасақана әрекет. Психологтардың пікірінше, зорлық-зомбылықтың дамуына түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Әрине бұл факторлар әртүрлі қоғамдарда әртүрлі болады. Кейбір қоғамдарда зорлық-зомбылықты экономикалық факторлар, кедейшілік, тұрақтылық және халықтың төзімділігі арттырады, ал басқа қоғамдарда экономикалық өркендеуге қарамастан, дискриминация, нәсілшілдік және психологиялық теңгерімсіздік зорлық-зомбылықтың негізін құрайды. Біз бүгінде батыстық қоғамдарда болып жатқан процесті көреміз, ол туралы күн сайын естиміз.

Бұл салада басылып шыққан соңғы жаңалықтардың бірі   Лондонның белгілі көпіріне суық қарумен жасалған шабуыл жөнінде болды. Британдық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл оқиға кезінде пышақтан   кемінде 5 адам жараланған. Бұл Британияда суық қарумен жасалған және қоғамдық пікірді алаңдатқан бірінші оқиға болмады. Британиядағы пышақтау қылмысының бірінші құрбаны 2019 жылдың алғашқы сағаттарында өмірімен қоштасып, бұл үдеріс жылдамдықпен жалғасты. Пышақтан өлген ең жас құрбан 14 жаста еді. Ол 2019 жылдың қаңтар айында Лондонның шығысында қаза болды. Сондай-ақ жасы ең үлкені Болтондағы 80 жастағы қарт әйел. Жарияланған мәліметтер 2017-2018 ж.ж. 285 адам   пышақтаудың құрбаны болды. Пышақтан өлгендердің саны артып, жоғары деңгейге жетті. 2019 жылғы мәліметтер әрбір екі күнде бір адамның өлімге ұшырайтынын көрсетті.

 

Лондондағы шабуыл

2019 жылы Лондонда зорлық-зомбылық артып, қаланың басшылары мен тұрғындарының алаңдаушылықтарына себеп болды. Суық қарумен шабуыл жасау Британия қалаларының негізгі проблемаларының біріне айналды. Полиция бюджетінің артуымен қылмыс азаймады. Полиция пышақтау қылмастарының көбін лаңкестік мақсаттарының болуымен ақтағанымен, сарапшылар халқының Еуроодақтан шығуға дауыс беруі мен бөгделерден үркіту саясатының таралуын бұл елдегі қылмыстардың артуының негізгі факторы санайды.  Бұл кезеңде басқа еуропалық мемлекеттерде де ұқсас оқиғалар орын алды. Нидерландының Гаага қаласында бір адам Лондон оқиғасына ұқсас қылмыс жасап, пышақпен бірнеше адамға шабуыл жасады. Нидерланды полициясының айтуынша, бұл оқиғада үш адам жарақат алды. Біраз уақыт бұрын Германияда ойын залында бір адам бірнеше адамды кепілге алды. Францияда тәжірибелі полиция күштерінің бірі Майкл Харпун Париждің полиция орталығында 4 әріптесін пышақпен өлтіріп, екі әріптесін жаралады. 2019 жылы еуропалық мемлекеттерде орын алған оқиғаларға жасаған шолу бұл оқиғалардың көбінде суық қарудың пайдаланылғанын көрсетеді. АҚШ-та да қылмыстардың көбінде атыс қарулары қолданылды.

 

Гаагадағы шабуыл

Бұл тақырыптың себебін зерттеп, Еуропа елдерінде, соның ішінде Ұлыбританияда атыс қаруын сатып алып, оны сақтау заңға қайшы емес, азаматтар әртүрлі қару түрлеріне ие бола алады деп айтуға болады. Бірақ қаруды сатып алуға рұқсат алу процесі оңай емес. Адамдар заңдардың көптеген сүзгіштерінен өтуі керек. Бұл ауыр үдеріс көптеген уақыт пен шығын талап етеді. Қару-жарақты АҚШ қару-жарақ дүкендері мен көрмелерінен сатып алудан мүлдем өзгеше. Англия мен Уэлсте 591302 адам қару иелену рұқсатына ие. АҚШ-та әр адам орта есеппен 1,2 атыс қаруына ие. Сондықтан атыс қаруына иелену мүмкіндігі артқан сайын зорлық-зомбылық та артады. Өйткені атыс қаруы пышақпен салыстырғанда бірнеше есе көбірек адам өлтіреді. АҚШ-тағы атыс оқиғаларының салдарынан өлген адамдар саны бұл тақырыпты растайды. АҚШ-тың қарулы зорлық-зомбылық статистикасы бюросының мәліметінше, 2019 жылдың басынан бері 27 860 оқ атысы тіркеліп, 7350 адам мерт болып, 14 387 адам жарақат алды. Бұл оқиғалар ағымында өлген немесе жарақат алғандардың 332 11 жасқа толмаған бала,  1466 он жетіге толмаған жасөспірім болды. Қорыта айтқанда бұл кезеңде 212 оқ ату мен 882 рет үйлерге шабуыл жасау іске асырылып, 737 ретте оқ ату өзін қорғау мақсатында, 755 ретте оқ ату қасақана жасалмаған. «Washington Post» газеті бұл оқиғаларға реакция білдіріп, ғаламтор базасында: «АҚШ-та көбірек адам өлтіргісі келетін адам қару қолданады. Қылмыс орын алған жерлер өзгереді, өлгендердің саны да өзгереді. Бірақ қару қолдану өзгермейді. Бұл жолмен өлтіру жабайылық. Өйткені қылмыс алдын-ала ескертілмей, көбінесе қарапайым жерлерде орын алады. Құрбандардың көбі оқиға орын алған жерде кездейсоқ келгендіктен өлімге ұшырайды. Өткен жылдардағы жаппай атыстарда қаза тапқандар әртүрлі нәсіл мен діндердің жақтастары және әртүрлі әлеуметтік-экономикалық топтардан болды. 

 

 

АҚШ-та жаппай қырып-жою мен атыс жалғасуда. Бұл елдің басшылары қару-жарақ санын азайтуға дәрменсіз. Америка мен әлемнің басқа елдеріндегі адамдар қанының төгілуі АҚШ-тағы қару шығаратын зауыттардың жұмысы тоқтамау үшін қажет. АҚШ-тағы азаматтық құқықтарды қорғаушы және қолдаушы топтардың талаптарына қарамастан, қару шығаратын зауыттар лоббилері мықты болғандықтан осы кезге дейін АҚШ үкіметінің ешбіреуі бұл елдегі қару саудасына тосқауыл жасай алған жоқ.

АҚШ Президенті Дональд Трамп америкалық қару шығарушылардың басты қолдаушыларының бірі. Ол президенттік кезеңінің басында АҚШ-тағы қару иелеріне: «АҚШ-тың қару иелеріне қарсы 8 жылдық шабуыл аяқталды. Енді олар Ақ үйдегі шынайы қолдаушылардың бірі»,- деді.

Батыс мемлекеттеріндегі зорлық-зомбылықтың тамыры адамгершілік пен ахлақ құндылықтарынан алыстау және оларға немқұрайдылық білдіру болып табылады. Сондай-ақ, үкіметтердің мүдделері басты болып тұрғанда бұл қоғамдарда зорлық-зомбылықтың тамырлары жойылмақ түгілі, күннен-күнге олардың артуына куә боламыз.