Бірлік – Иран халқының қастандықтарға қарсы жеңіске жетуінің негізі
(last modified Wed, 15 Jan 2020 13:09:38 GMT )
Қаң 15, 2020 19:09 Asia/Almaty
  • Бірлік – Иран халқының қастандықтарға қарсы жеңіске жетуінің негізі

1357 жылдың 26 дей күні (1979 жылдың 16 қаңтары) – Ислам революциясы тарихының күнтізбесінде шахтың Ираннан кеткен күні.

Шахтың Ираннан кеткен күні  – шах режимі билігінің аяқталған, ел қоғамының саяси, қоғамдық және мәдени өмірінің жаңа кезеңі басталған күн. Иран халқының шах режиміне қарсы күресінің революцияшыл көтерілісі 1357 жылдың соңғы айларында режим мен оның қолдаушыларына қысымды күшейткені сондай, тіпті Ақ үй басшылары шахтың Ираннан кетуін жалғыз жол санады. Пехлеви режимінің шетелдік демеушілері Иран халқының революциясына қарсы тұру үшін Мұхаммадреза шахтың үкіметіне мүмкіндіктеріне қарай қолдау көрсетті. Бірақ 1356-1357 жылдардағы Иран халқының революцияшыл көтерілісі нәтижеге жетіп, шетелдік үкіметтердің шахқа қолдау көрсетуі мен ішкі қарсыластар мен сыртқы дұшпандардың шахты билік басына қайтару қастандықтары сәтсіздікке ұшырады. Имам Хомейни басқарған халық көтерілісінің кеңеюімен елдің істері режим күштерінің, тіпті әскери үкіметтің бақылауынан  шықты.

 

 

Патшалық режим шах қашып кеткен соң бір айға жетпей құлады. Сөйтіп 1357 жылдың 22 баһманында 2500 жылдық патшалық зорлық-зомбылық режимнің өмірі аяқталды. 1357 жылдың дей айының 26 күні шах әйелімен бірге өз ұшағымен Ираннан қашып кетті. Ол: «Мен емделіп, демалу үшін кетіп барамын»,- деді.

Имам Хомейни шахтың Ираннан кетуіне реакция білдіріп, дәл сол күні мәлідеме жасап, шахтың қашуын Пехлеви режимінің 50 жылдық билеп-төстеушілігінің аяқталуының басталуы деп атап, Иран халқын бұл жеңісімен құттықтады.

Шахтың қашуынан 26 күннен кейін 1357 жылдың 22 бахманында Иран халқының Ислам революциясы жеңіске жетті.

 

 

Бұл күндері Ислам революциясының жеңіске жетуінен бері 41 жылы өтіп барады. Бірақ осы күнге дейін патшалық режимнен қалғандар өткен кезеңге оралғылары келеді. 1953 жылы АҚШ Иранның ісіне араласып, төңкеріс ұйымдастырып, Мосаддеқ үкіметін құлатуға жағдай тудырды. Қазір де үкіметтерді құлату жобалары қайталануда. Осы салада АҚШ-тағы кейбір революцияға қарсы және билікқұмар ұйымдар Иранның кейбір қалаларындағы бүліктерде ВВС сынды кейбір спутниктік арналар  Иранның ішіндегі арналарды халықтың наразылықтарына араласуға, қоғамдық мүліктерді өртеп, қиратып, тәртіпсіздіктер мен бүлікті ұйымдастыруға дайындағандарын мойындады.

1388 жылғы бүліктер мен 1396 жылдағы ұқсас оқиғалар, сондай-ақ, бензин бағасының қымбаттауына байланысты бүліктерде шетелдіктердің ізі әшкереленді. Кейбір Батыс үкіметтердің ресми басшыларының бүлікшілерді әшкере қолдауы, тіпті оларды бейберекеттіктерге итермелеуі сондай жағдайға жетіп, Ақ үй арсыз түрде ресми мәлімдеме жасап, бүлікшілерді, өздерінің айтулары бойынша Иран халқын қолдайтындарын жариялады. Ал іс жүзінде АҚШ санкциялары, сондай-ақ сауда және банктік қатынастарға тыйым салып, Иран халқын  дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтардан мақұрым етіп, халықтың денсаулығын қатерге тіреуде.

Парсы, араб, тіпті ағылшын тілдеріндегі ақпарат құралдары революцияға қарсы ағымдарды, соның ішінде билкқұмарларды қолдап, бүлікшлермен ынтымақтастығын жариялады. Алайда тынышсыздықтар қоғамның қауіпсіздігін қорғаушылар мен халықтың арқасында қалыпқа келтіріліп, мұнафықтар мен бүлікшілерді қауіпсіздік күштері қамауға алды.

Тәртіпсіздік кездерінде Батыс пен аймақтың дұшпандық үкіметтерінің қарамағындағы ақпарат құралдары бүлікшілерді қолдап, оларға әшкере түрде қауіпсіздік күштерге қарсы тактикаларды үйретті. Олар өз үгіт-насихаттарында кейбір қалаларда жиналған халықты Пехлеви ұрпағының Иранға оралғанын талап етуді көрсетуге талпынды. Бұл үгіттер соншалықта алға ілгерілеп, Реза Пехлеви кейбір америкалық басшылармен кездесіп, олардан Иран мен ирандық басшыларға қарсы санкция салуды талап етті.

Тәжірибе   көтерілістің бір ерекшелігі бүлік кезінде көптеген фактілердің жасырын қалып, уақыт өте келе бүліктің кім және қандай мақсатпен  ұйымдастырылғаны белгілі болатынын көрсетеді. Мәселен, АҚШ-тың 28 мордад төңкерісіне қатысты болуы туралы құжаттар оқиғадан бірнеше жылдан кейін АҚШ пен Британия үкіметтерінің құпия құжаттары тізімінен шығып,  АҚШ пен бөгделердің Иран халқының тағдырына араласқанын әшкереледі. Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі барлық жылдары АҚШ қастандықтары мен революцияға қарсыларға, сондай-ақ құлаған режимнен қалғандарға қолдау көрсетуімен ИИР ішінен әлсіретіп, ыдыратуды көздеді.

2020 жылдың 3 қаңтарында АҚШ Иран халқының күш-қуаты негіздеріне соққы беру мақсатымен лаңкестік шабуыл жасап, Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы сардар Ғасем Солейманиді Бағдад әуежайының маңында өлтіріп, АҚШ-тың Иранға деген дұшпандылығы мен кегінің тамырының өте терең екенін көрсетті. Бұл әрекеттер АҚШ пен Иранның басқа дұшпандарының Иран халқының ұлылығы мен құдыретіне алаңдап, қате есеп жасағандарын анықтады. Иран халқы өз ақылы және қырағылығымен алаңға шығып, еш уақытта дұшпанға өз мақсаттарына жетуге рұқсат етпейтінін жариялады.