Хазірет Фатима (ғ.с.) (3) "Қадр" сүресі
(last modified Sat, 18 Jan 2020 13:04:21 GMT )
Қаң 18, 2020 19:04 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима (ғ.с.) (3)

Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні кейбір рауаяттар бойынша джамади аууал айының 13 жұлдызы, басқа рауаяттар бойынша джамади әс-сани айының 3 жұлдызы. Осы екі күннің аралығында хазірет Фатиманы (ғ.с.) аза тұту рәсімдері өтеді. Осы күндерге байланысты хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) қатысты Құран аяттарының тәпсірін ұсынамыз.

Исламның ұлық пайғамбарының айтуынша, хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) "әлем әйелдерінің көшбасшысы және оның мақамы мен орының түсіну үшін жоғары білім қажет". Пәк имамдардың рауаяттарының бірінде: "Хазірет Фатиманың (ғ.с.) есімінің "Фатима" деп аталуы жаратылғандардың бұл бануды толық түсіну қабілетінің жоқтығын көрсетеді.

Алла Тағала "Қадр" сүресінде: "Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік. Қадыр түнінің не екенін білесің бе?"- деді. Бұл аяттарда Қадр түнің түсіну баршаға мүмкін емес, өйткені бұл түн ерекше жоғары қадір-қасиетке ие. Сондықтан әр адам бұл түнді өз мүмкіндігі мен біліміне сай түсінеді. Имам Садық (ғ.с.) "Қадр" сүресінің тәпсірінде: "Ләйл" (түн) - Фатима (ғ.с.) және "Қадр" – Алла. Фатиманың (ғ.с.) болмысын шынайы түсінген адам Қадр түнін де түсінеді",- деген болатын. Қадр түндерінің негізгі болмысы – құпия, хазірет Фатиманың (ғ.с.) болмысы да – құпия. Бұл қадірлі бануды толық түсіну баршаның қолынан келмейді.  Хазірет Фатиманың (ғ.с.)  Жаратушы және Қадр түні екі жасырын қалған.  Қадір түні – хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) болмысы. Құран бойынша,  бүкіл имамдар (ғ.с.) пәк. Адамдар кемелдікке жетіп, Құранды түсінеді. Хазірет Фатима (ғ.с.) Құранмен өсіп-тәрбиеленген отбасының ұрпағы.