Хазірет Фатима (ғ.с.) (10) «Мовадат» аяты
(last modified Sat, 25 Jan 2020 14:23:52 GMT )
Қаң 25, 2020 20:23 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима (ғ.с.) (10)  «Мовадат» аяты

Исламның ұлық пайғамбарының сүйікті қызы хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) арналған аза күндеріне орай әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтып, бұл қадірлі бануға қатысты Құран сүрелері мен аяттарының тәпсірін ұсынамыз.

 

Бүгін «Шура» сүресінің «Мовадат» аятына тоқталып, Алланың өз Пайғамбарына (с.ғ.с.) берген сыйы Ахле Бейтіне деген махаббатын баяндаймыз.

Алла Тағала «Шура» сүресінің 23-ші аятында: «...Мұхаммад с.ғ.с.): “Сендерден бұған жақындық махаббаттан басқа ешбір ақы тілемеймін” де..». Ибн Аббас: «Бұл аят түскен кезде Алла елшісінен достығы мен махаббаты уәжіп болған адамдар кім екені туралы сұрадым. Алла елшісі: «Әли, Фатима, Хасан және Хусейн»,- деді. Бұл аят Пайғамбардың (с.ғ.с.) жақындарына дос әрі ғашық болуды хазіреттің ресалатының сыйы ретінде таныстырды. Алланың Ахле Бейттің достығын Пайғамбардың (с.ғ.с.) ресалатының сыйы қылып қалыптастыруы халықтың олардан үлгі алуға нұсқауына байланысты. Өйткені олар Пайғамбардың ілімі. Хазірет: «Егер халық оларға жақын болса, еш уақытта адаспайды»,- деп айтқан. Алланың өз елшісі (с.ғ.с.) ресалатының сыйы ретінде хазірет Әли (ғ.с.), хазірет Фатима (ғ.с.), имам Хасан (ғ.с.) және имам Хусейнге (ғ.с.) махаббат қалыптастыруы Пайғамбардың сұрағаны емес, Алла тарапынан Пайғамбарына бұйырылған. Сондықтан Пайғамбар әулетіне дос болу хазіреттің ресалатына тең. Олай болмаса, құнсыз нәрсе ресалаттың сыйы бола алмайды.

Сүнниттердің ірі тәпсіршілерінің бірі Замахшари «Мовадат» аяты жөнінде: «Бұл аят жіберілді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетіне ғашық болып өлген адам бұл дүниеден шәһид болып кетеді. Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетіне ғашық болып өлген адамның бұл дүниеден кешіріліп кететінін біліңдер. Мұхаммадтың (с.ғ.с.) әулетіне ғашық болып өлген адам дүниеде тәубеге келіп кеткен болады»,- деді»,-деп есіне алатын.