Хазірет Фатима (ғ.с.) (15) «Разия» есімі
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i45274-Хазірет_Фатима_(ғ.с.)_(15)_Разия_есімі
Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні кейбір рауаяттар бойынша джамади аууал айының 13 жұлдызы, басқа рауаяттар бойынша джамади әс-сани айының 3 жұлдызы. Осы екі күннің аралығында хазірет Фатиманы (ғ.с.) аза тұту рәсімдері өтеді. Осы күндерге байланысты хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) лақап аттары мен қадір-қасиеттеріне назар аударамыз. Бүгін Алла елшісінің қадірлі қызының «Разия» есіміне тоқталамыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 27, 2020 21:41 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима (ғ.с.) (15)  «Разия» есімі

Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні кейбір рауаяттар бойынша джамади аууал айының 13 жұлдызы, басқа рауаяттар бойынша джамади әс-сани айының 3 жұлдызы. Осы екі күннің аралығында хазірет Фатиманы (ғ.с.) аза тұту рәсімдері өтеді. Осы күндерге байланысты хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) лақап аттары мен қадір-қасиеттеріне назар аударамыз. Бүгін Алла елшісінің қадірлі қызының «Разия» есіміне тоқталамыз.

Хазірет Фатиманың (ғ.с.) есімдерінің бірі – «Разия». «Разия», яғни Алланың салған тағдырына риза деген мағынаны білдіреді. Хазірет Фатима (ғ.с.) өмірінің барлық кезеңінде Алла тарапынан жіберілген барлыңына риза болып, еш уақытта күнделікті қиындықтарға шағымданған емес. Хазірет Фатима (ғ.с.) риза болу қадір-қасиетіне ие болған, қиындыққа төзімділік білдірген. Имам Әли (ғ.с.) рауаяттарының бірінде иман үшін төрт негізді белгіледі: Аллаға тәуекел ету, істі Аллаға тапсыру, Алланың жігеріне бағыну және илаһи тағдырға риза болу. Сондықтан риза болу қадір-қасиетін иманның жоғары деңгейі, пенделердің Аллаға толық бағынуының белгісі деп айтуға болады.

Джабер бен Абдолла: «Күндердің бірінде хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Фатиманың (ғ.с.) үйіне енеді. Фатима (ғ.с.) иығына абасын жамылып, қол диірменмен бидай тартып отыр еді. Пайғамбар (с.ғ.с.) Фатимаға (ғ.с.) қарап: «Кейін ақыреттің нығметтеріне ие болу үшін дүниенің қиындықтарына шыдамдылық таныт. Өйткені Алла маған «Әлбетте Раббың саған береді де разы боласың» («Дуһа» сүресі, 5-ші аят) деген»,- деп айтқан болатын.