Жарқын келешек (2)
Ислам революциясының жеңіске жетуі нәтижесіде құрылған жүйе адами және исламдық қағидаттарға негізделіп, адамның болмысына қайшы келмегендіктен уақыт өте ескірмейді.
Ирандағы Ислам революциясы бұл жердің мәдени-тарихи болмысы тұрғысынан жаңа кезеңі болып, Ислам дінінің қасиетті құндылықтарына негізделген жаңа жүйені қалыптастырды. Бұл революцияның себептері мен нәтижелерін заманауи адамның өміріне шынайы өзгеріс енгізуімен байланыстыруға болады. Дәл осы мәселе оны заманауи әлемге өзгерістер енгізген құбылысқа айналдырды. Ислам революциясы діни көзқарасымен және Ислам дінінің тағылымдарына сүйеніп, шындықтың жалғандыққа қарсы күресі негізінше өзінің даму жолын өтті. Бұл жол әлі де жалғасуда.
Ислам революциясының жеңіске жетуінің нәтижесіде құрылған жүйе адами және исламдық қағидаттарға негізделіп, уақыт өте ескірмейді және барлық буындар үшін қажет. Зорлық-зомбылықпен күресу және езілгендерді қорғау, иман, әділеттілік, тәуелсіздік, бостандық, мен т.б. ұқсас құндылықтар Ислам революциясының негізгі ұрандары мен мақсаттарының бірі болып табылады. Иран Ислам революциясы әлемнің саяси тарихындағы ерекше қозғалыс болды және ол 1789 жылғы Француз революциясы мен 1917 жылғы Ресей революциясынан өзгешелейтін ерекшеліктерге ие деп айтуға болады. Бұл екі революция маңызды мақсаттарына жете алмады. Өйткені Францияның революцияшылар демократиялық жүйе орнатқылары келді және большевиктер социалистік саясаттарды іске асырғылары келді. Олар уәде өткен жәннәтті ұсына алмай, өз жолының соңына жетті. Либерализм шынайы азаттықтың орнына адамды өндіріс қоғамының материалдық өмірінің құлы етті. Социализм де қоғамдық әділетті орната алмады. Бүгінгі қоғам бір жақтан, адамдардың уаһи және физикалық тыныштығына себеп болуымен бірге, басқа жақтан саяси азаттық пен қоғамдық әділеттілікті қарастырады. Мұндай талаптар еш уақытта Франция мен Ресей революцияларының материалдық мақсаттарымен қамтамасыз етілмеді. Революцияның дамуы идеяларына байланысты. Егер революцияның идеялары келесі буындарды қанағаттандыратындай болса, бұл революция мәңгі қалады. Ислам революциясының идеялары мәңгі идеялар. Әділет пен азаттық және тәуелсіздікті талап ету, бөгделердің араласуымен күресу еш уақытта ескірмейтін мәселелер. Олар барша үшін маңызды. Ислам революциясы жетекшісі: «Ахлаққа негізделген жүйе, исламдық және туа біткен армандарға негізделеді. Жүз жыл өмірі өтседе, ескірмейді. Үнемі өзекті болады. бұл өте маңызды. Ислам республикасы жүйесіне осы тұрғыдан назар аударыңыздар. Біздің жүйеміздің құрылуынан қырық жыл өткенімен біз әлі жолдың басындамыз. Яғни 200, 300 жыл билеген режимдердің алдында бұл жүйе жас жүйе. Біздің жүйеміз жастық шаттығына ие, сондықтан ұмытылмайды. Ескірмейтін жүйе – Ислам республикасы жүйесі»,- деді.