Жарқын келешек (3)
Кейбіреулер Ирандағы әлеуметтік және мәдени факторлардың сондай жақсы емес екенін біле тұрып, «жарқын келешек деп қалай айтамыз?» деген сұрақ қояды. Олай болса, келешекке қалай үмітті боламыз?
Жарқын келешекке үмітті болу Ирандағы қиындықтарға немқұрайдылық таныту емес. Иранның әртүрлі салаларында әртүрлі қиындықтар бар, бірақ бұл елдің жетістіктері оның мүмкіндіктерін көрсетеді. Исламдық жүйенің ерекшеліктерінің бірі – жүйенің мүмкіндіктері мен іскерлігі. Ислам республикасы жүйесі ирандық исламдық үлгі бойынша, діни негіздеріне сүйеніп, алға ілгерлей алатынын дәлелдеді. Бұл елдегі оқиғаларға қысқаша шолу оның медицина, атап айтқанда діңгекті жасушалар саласындағы ғажайып ғылыми жетістіктерін, клондау, нанотехнологиялар, атом, ғарыш және заманауи әскери техника және т.б. салалардағы даму серпілісі исламдық жүйенің тиімділігін көрсетеді. Қол жеткізілген жетістіктер мен дамулар олардың дұшпандылықтар, қастықтар мен санкциялар, ішкі және халықаралық жаулардың насихаттарына қарамастан орын алғанына көңіл аударған кезде, оның маңыздылығы екі есе артады. Әлемдік үстемшілердің исламдық жүйеге дұшпандылық білдіруінің себептерінің бірі Ислам республикасы жүйесінің өзінің исламдық мәдениетімен алға ілгерілеп, азат исламдық елдер үшін үлгіге айналуы болып табылады.
Бүгінгі Иранның осыдан қырық жыл бұрынғы Иранмен айырмашылығы өте көп. Егер кезінде Иран ұшақтарының тек бірнеше апта пайдалану уақытының қалғанына алаңдаса, осы кезде Иранның әскери күш-қуаты дұшпанның заманауи тыңшы ұшқышсыз ұшағын анықтап, ізіне түсу мүмкіндікке ие. Егер бұрын Ислам республикасы Ливиядан бірнеше ұшақ сатып алуды сұраса, осы кезде әртүрлі қашықтыққа жететін зымырандарға ие. Бұрын әлем басшыларының көбі Иранмен санаспайтын, енді әлемдік құдыреттер Иранның қатысуынсыз аймақтың мәселелерінің көбінің шешілмейтінін мойындайды. АҚШ-тың осыдан 40 жыл бұрын Батыс Азия (Таяу Шығыс) аймағындағы құдыреті мен осы кездегі бұл құдыреттің құлдырауына назар аудару жеткілікті. Керісінше, осыдан 40 бұрын Иран қандай болды және қазіргі Иран қандай?
Иранның діни жетекшісі бұл туралы: «АҚШ пен әлемдегі кез-келген үстемшіл жүйенің исламдық жүйеге дұшпандылық білдіруінің себебі әділет туын көтеруіне байланысты. Олар Исламның атымен, исламдық тағылымдарға сүйенетін мемлекеттің дамып, ғылыми жетістіктерге ие болып, үлгіге айналуына алаңдауда. Үстемшілдер оларға бағынбай, ғылыми жетістіктерге ие болып, ғылым мен даму саласында олармен бәсекеге түсетін елдерге қарсы»,- деді. Діни жетекшінің айтуынша, «дұшпандар әр қастықты іске асырды, бірақ нәтижеге жете алмады. Иранның исламдық және республикалық жүйесінің арқасында әлемде жарқырайтыны анық».