Ғасыр мәмілесі (1): халықаралық құқықтың жарамсыздығы
28 қаңтарда АҚШ Президенті ресми түрде нәсілшіл "Ғасыр мәмілесі" жобасын жариялады.
Трамп үкіметінің "Ғасыр мәмілесі" деп аталған жобасы үш жылдан кейін жарияланды. Бұл жоба әртүрлі тұрғылардан халықаралық құқық негіздерімен келіспейді.
Біріншіден, бұл жобаны жариялау рәсіміне сионистік режим премьер-министрі, Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн және Оман елшілері қатысты, палестиналықтардың ешбір өкілі болмады. Дәл осы жәйт мәміленің жарамсыз екенінің белгісі. Өйткені әр мәміле құқық тұрғысынан кемінде екі жақтың қатысуын қажет етеді. Бұл мәміледе тіпті үшінші жақ, яғни АҚШ басқа мемлекет үшін шешім қабылдап, оны мәмілеге қатыспаған жаққа, яғни палестиналықтарға таңып отыр. Жобаның барлық баптары ресми түрде бұл рәсімге қатысқан сионистік режимнің мүддесін қарастыруда.
Араб лигасының Бас хатшысы Ахмад Абу әл-Гейт АҚШ жобасына білдірген алғашқы реакциясында: "Өзара әділ әрі тұрақты бейбітшілік орнату үшінші жақ емес, израильдіктер мен палестиналықтардың қалауына байланысты",- деді.
Екінші мәселе "Ғасыр мәмілесі" жобасының географиялық тұрғысына байланысты. Дональд Трамп үкіметі Құдсты сионистік режимнің жаңа астанасы Йордан өзенінің батыс жағалауының 30 пайызы мен қалашықтарды Израильдің егемендігі деп жариялады. Дональд Трамп "Иерусалим Израильдің бөлінбейтін астанасы болып қалады" деп уәжденіп, Құдсты сионистік режимнің меншігі екенін ресми қабылдады. Сондықтан оның «Бұл жобада Шығыс Иерусалимде палестиналықтарға егемендік беруді қарастырады және АҚШ Шығыс Иерусалимде өз елшілігін ашады» деген сөздеріның шынайы мағнасы Кудстың шетінде немесе одан тыс жерде шағын жерді бөліп беру, бұл палестиналықтарды мазақ ету болып табылады. Бұл жоба бойынша, шағын көлемі 4 км² Абу-Дис қаласы Палестинаның келешек үкіметінің астанасы болады. Бұл БҰҰ-ның көптеген қарарларына қайшы келуімен бірге БҰҰ Жарғысында белгіленген өзін-өзі тағайындау құқығының маңызды және негізгі принципін бұзу болып табылады. Шын мәнінде, бұл жоба Израильге тапсырылған жерлерде өмір сүретін Палестина халқы үшін өз тағдырын өзі шешу құқы қарастырылмады. Халықаралық Амнистия ұйымы мәлімдеме шығарып: "Бұл мәселеге немқұрайдылық танытуға болмайды. "Ғасыр мәмілесі" жобасы бойынша, палестиналықтардың жерлерінің көбі Израильге қосылады. Бұл халықаралық заңдарды әшкере бұзу саналады",- деп жариялады. Үшінші мәселе, бұл жоба сионистік режимге біржақты түрде Йордан өзенінің батыс жағалауындағы қалашықтар мен аңғарларды қосып алуға жағдай тудырды. Бұл әрекет жерлерді басып алуды білдіреді. Негізінде бұл жоба АҚШ-тың Израильдің басқыншылығын ресми қабылдау болып табылады. Төртіншіден, "Ғасыр мәмілесі" жобасының баптарының бірінде палестиналықтардың Израильді еврейлер мемлекеті ретінде қабылдау қажеттілігі жөнінде айтылды. Бұл бабы да халықаралық құқыларға қайшы, өйткені халықаралық негіздер бойынша, қабылдау мәжбүрлейтін іс емес. Осыған орай исламдық елдердің бірқатары сионистік режимді мемлекет ретінде қабылдамады. Бесіншіден, бұл жоба бойынша, Палестина үкіметі өз шекаралырының ішінде және олардың сыртында өзінің әскери мүмкіндігін дамыта алмайды. Бұл жоба Газа секторындағы ХАМАС-тың қарусыздандыруды қарастырады. Бұл бап халықаралық құқылар негізіне қайшы, өйткені әскери күш пен әскери әлеуетке ие болу әр мемлекеттің құқығы және ешкімнің бір елді бұл құқығынан айыру құқы жоқ. Бөгде мемлекет қандай топтың бір елдің әскери күштерінің бөлімі болатынын және оның қандай қаруға ие бола алатынына араласа алмайды. БҰҰ Жарғысының 51-бабы өзін-өзі қорғау құқығына ресми түрде сілтеме жасайды. Сондықтан мұндай құқықты пайдалану әскери күш пен қабілеттілікті қажет етеді. Бұл Батыс Азия аймағындағы елдерге, соның ішінде Палестинаға да қатысты, өйткені олар Израильдің шапқыншы режимінің шынайы қоқан-лоққыларымен бетпе-бет келуде. Алтыншы мәселе, «Ғасыр мәмілесі» жобасындағы палестиналық босқындарға немқұрайдылық таныту халықаралық құқыларды әшкере бұзудың келесі мысалы болып табылады. Бұл жоба палестиналық босқындардың еліне оралуы жөнінде «келешекте олардың Палестина үкіметінің бақылауындағы жерлерге оралуы мүмкін болайды» деп айтылды. Басқа елдерде пана тапқан палестиналық босқындар Палестина азаматығына ие және Палестина олардың ата мекені саналады. Халықаралық құқылар бойынша, ешкімді азаматтықтан айыруға болмайды. Жетіншіден, қорыта айтқанда «Ғасыр мәмілесі» жобасы БҰҰ-ның көптеген қарарларын айқын бұзушы болып табылады. БҰҰ, әсіресе АҚШ негізгі мүшелерінің бірі саналатын бұл ұйымның Қауіпсіздік кеңесі 1967 жылдан бері Шығыс Құдсты жаулап алынған жер деп санайтынын сан рет жариялады. Халықаралық сот БҰҰ сот жүйесінің негізі ретінде Израильдің шығыс Құдсте дуал салуын халықаралық заңдарға қайшы келеді деп шешті. Қауіпсіздік кеңесті №242 қарары Израильден 1967 жылы жауалп алған жерлерінен, олардың ішінде Шығыс Құдстен артқа шегінуін талап етті.
Саттар Азизи, университет профессоры және халықаралық құқық сарапшысы бұл мәселе жөнінде былай деді: "Біріншіден, Құдс Израильдің астанасы болмауы керек, өйткені Қауіпсіздік кеңестің қарарларында бекітілген бұл қаладағы палестиналықтардың егемендігі бұзылады. Екіншіден, Йордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторы халықаралық құқы жүйесі бойынша, палестиналықтардың жерлері және бұл аймақтардағы еврейлердің қалашықтары заңсыз саналады. Үшіншіден, босқындардың оралуына жағдай жасалуы керек. Сонымен бірге халықаралық құқы жүйесінде Йордан өзенінің батыс жағалауындағы Иордания елімен шекаралас жерлердің палестиналықтардың ықтиярында болуы көрсетілді. Бірақ бұл мәселе Трамптың жобасында елеусіз қалып, шекараның бақылауы Израильге тапсырылды. Яғни Палестинаның келешек үкіметінің құрлық шекарасы толық Израильге тапсырылды. Ал Палестина квазимемлекеттік автономды аймақ ретінде басқарылатын болады". АҚШ-тың "Ғасыр мәмілесі" жобасындағы халықаралық құқының көптеген негіздерінің бұзылуы бір жақтан халықарлық құқылардың жарамсыздығын білдіреді. Басқа жақтан АҚШ Президенті Дональд Трамп әлемдік жүйедегі халықаралық құқық пен қабылданған құқық нормаларының жарамсыздығының басты фактор болып табылады.