«Фаджр» оңкүндігі (4): Үстемшілдікпен күреcу - Иран Ислам революциясының Құранға негізделген жолы
Ислам революциясы қырық жыл өткенімен, өзінің дамуын жалғастыруда.
Бұл революция өз ғасырында ең үлкен және ең терең өзгерістер әкелген және оның ұлы сәулетшісі имам Хомейни хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) қасиетті Ислам дінің қоғамдық сахна мен үстемшілдерге қарсы күресте көрсетті. Осы кезде үстемшілдік және билеп-төстеуші жүйемен күресу азаттық талап етуші халықтардың тақырыбы ретінде баяндалып, Иран бұл қозғалыстың туын көтеруші болып табылады. Бұл революция исламдық ой-пікірдің серпілісінің басталуы және елдің ішкі, аймақ пен әлемнің әртүрлі салаларындағы көптеген жетістіктердің себебі болды. Бұл революцияның жетістіктерінің бірі әлемдік үстемшілдерге қарсы исламдық қарсыласу майданның нығаюы болды.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды»,- деді. («Бақара» сүресі, 34-ші аят). Бұл аятта шайтанның Алланың хазірет Адамға сәжде жасау бұйрығын орындамауы туралы айтылды. Шайтан Аллаға бағынбай, оның пенделерін дұрыс жолдан адастыру уәде берді. Сондықтан Жаратушы оны адамдардың әшкере дұшпаны деп атады. Шайтан тәкаппарлығын білдіріп, өзін адамнан артық санады және одан маңыздылауы Аллаға бағынбады. Осыған орай жәннәттан қуылды.
Ислам революциясының көсемі имам Хомейни АҚШ-ты "әлемдік үстемдік" және "үлкен шайтан" деп атап, оны әр үмбеттің бақытсыздығының себебі деп білді. Бүкіл әлем үшін АҚШ-пен дос болу қорлыққа әкелетіні анықталды. Тіпті АҚШ-қа дос мемлекеттер осы кезде оған сенімсіздік артуда. Сондықтан Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеиді үстемшілдіктің көрінісі деп санайды. Үстемшіл адам мен үстемшіл үкімет деп өз мддесі үшін басқа адамдар немесе басқа халықтар ісіне араласқан, бірақ өзін азат, ешкімнің алдында жауапты емес деп білетін адам мен үкіметке айтылады. Үстемшілер әр мемлекетке енген кезде, оның байлығын өз мүддесіне тартып алуға тырысады. Үстемшілдікке қарсы тұру яғни олардың құдыреті мен зорлық-зобылығына бағынбау. Иран халқы өзін үстемшілдікке қарсы тұратын халық санап, еш уақытта АҚШ үкіметіне бағынбады.
Алла Тағала "Фатыр" сүресінің 43-ші аятында: "Олар жер жүзінде паңсып жаман тәсіл жасады. Негізінде айлакерліктің кесірі иесіне ғана болады. Олар, бұрынғылардың жолынан басқаны күте ме? (Олардың басына келгенді ғана күтеді.) Алланың жолынан әсте бір өзгеріс таба алмайсың да Алланың жолынан бір бұрылыс көре алмайсың",- деді. Жаратушы бұл аятта адасқандардың шындық жолынан таюларын біріншіден, үстем көрсетуді көздеп, еш уақытта Аллаға бағынбауларымен және екіншіден, алдап-арбау мен жасандықты үлгі етулерімен байланыстырды. Негізінде алдап-арбау оны жасағандардың өздеріне қиындық тудырады.
Осы кезде тек халықтың ояу және қырағы болуы ғана үстемшілдіктің алдын ала алады. Халық оянған кезде, өз құқыларын, дұшпанды, оның мақсатын танып, оған қарсы тұру шешім қабылдайды. Сол кезде үстемшілдік, АҚШ пен барлық әскери қарулар еш нәрсе жасай алмайды. Бұл Ислам революциясы басынын бастап, бұл негізгі сүйеніп, исламдық жүйені дәл осы негізді мықтап, құрды. "Фуссилат" сүресінің 30-шы аятында: "Расында: “Раббымыз Алла” деп, сосын мықты тұрғандар, оларға періштелер түседі де: “Қорықпаңдар, кейімеңдер! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер” дейді",- деп айтылды.
Үстемшілер мен Ислам республикасының қайшылығы Иранның тәуелсіз болып, үстемшілдердің айтқанымен емес, өз халқының қалауына сай өмір сүргісі келуіне байланысты. Алла Тағала "Сафф" сүресінің 8-ші аятында: " Олар, Алланың нұрын өшіруді қалайды. Кәпірлер жек көрсе де Алла нұрын тамамдайды",- деді. Сондықтан біз илаһи уәделерге сеніп, табанды болуымыз керек. Сондай-ақ "Әл-Имран" сүресінің 139-шы аятынан: "(Мұсылмандар!) Босамаңдар да қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар",- деп оқимыз. Иманымыз болса, жеңіске жетеміз. Алла Алланың жақтастары жеңіп, шайтанның жақтастары жеңіледі деп уәде берді: "Кім Алланы, Елшісін және мүміндерді дос тұтса, шынайы түрде Алланы жақтаған топ. Солар, жеңіске ие болады". ("Мәиде" сүресі, 56-шы аят).
Имам Хомейни: "Айқайлағын келсе, АҚШ-қа айқайла",- деген. Осы кезде Ислам республикасы дұшпаннан қорықпай, оған бағынбай, зорлық-зомбылық, билеп-төстеу, отаршылдық пен үстемшілдікке қарсы дауыспа ұранданып, халықтарға өз әсерін тигізуде. Иран халқы Құраның тағылымдарын пайдаланып және оларды үлгі тұтып, әрқашан елдің ғиззаты мен тәуелсіздігін сақтауды қуаттап, еш уақытта жалғандықтың шындықты билеуін қабыладмады. Құран Кәрім шындықтың жеңіске жетіп, жалғанддықтың жойылатынын қуаттады. "Ақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады де". ("Исра" сүресі, 81-ші аят). Адал амал дұрыс наным-сенімді нығайтады. Дұрыс наным-сенім Аллаға жақындатады. Сол кезде ғиззаттың орталығына жақындап, нәтижесінде жеңіске жету мүмкін болады. Үстемшілдікпен күресу еш уақытта тоқтамайды, өйткені жалғандық болған кезде, шындық оған қарсы тұрады. Ислам революцияс жетекшісі аятолла Хаменеи: "Егер үстемшілкке қарсы күрес жүрмесе, біз Құранның жақтасы бола алмаймыз",- деді. Осы кезде азат халықтар және бүкіл әлем үшін үстемшілкпен күресудін сәтті үлгісі саналатын ирандық қоғам осы күні бұрынғыдан көбірек Алланың нұрының аясында Құранның тағылымдарын үлгі тұтып, діни жетекшісінің басқаруын пайдаланып, үстемшілдік пен зұлымдыққа қарсы күресуді қажет етеді. Әрине қоғамдағы ғиззат пен күш-қуатты және өзіне деген сенімді қорғау үстемлідкпен күресу үшін қажет және адамның қадамдарын мықтап, жеңіске жылдамырақ жеткізеді.