Жарқын келешек (9)
(last modified Mon, 10 Feb 2020 11:45:58 GMT )
Ақп 10, 2020 17:45 Asia/Almaty
  • Жарқын келешек (9)

Ислам революциясының мақсаттарының бірі жаңа исламдық өркениет құру болды.

 

Ислам революциясының жетекшісі "Революцияның екінші қадамы" деп аталған мәлімдемесінде исламдық жүйенің 40 жылдық тәжірибесіне шолу жасап, Иран Ислам революциясының мақсаттарының бірі жаңа исламдық өркениет құру екеніне тоқталып: «Ислам революциясы осы кезде өзін дамыту, әлеуметтендіру және жаңа өркениеті құрудың екінші кезеңіне енді.  Құрметтілерім, революцияларыңызды қорғаңыз және оны үлкен арманына жақындатыңыз. Бұл жаңа исламдық өркениетінің құрылуына дайындық»»,- деді. Жаңа исламдық өркениетте руханият материалдық, моральдық өмірдің дамуымен қатар, қоғамдағы адамдардың көпшілігі діни ой-пікірге ие, сондай-ақ олардың ұжымдық ой-пікірлері исламдық ой-пікірге негізделген. Ислам өркениетінің негізі, біріншіден Алла Тағала: «Біз Адамның балаларын шынайы құрметтедік» деп айтқан қадір-қасиеттен тамырланды. Бұл қадір-қасиет байлық пен билікке байланысты емес, ол жеке адамдардың мәртебесін анықтайтын қадір-қасиет. Ислам өркениетінде адам қадір-қасиеті мен кемелділігіне кедергі келтіретін кез-келген шектеуден босатылады, ол материалдық шектеу, үстемдік, агрессия және әділетсіздікті қабылдамайды. Әрине Адамға жаратылыстың басты илаһи мақсаттарының бірі болып табылатын кемелдікке жету үшін арнайы құралдардың қажет екені анық.   Ислам революциясы жылдамдықпен исламдық өркениет құруға қарай қадам басуды жалғастырып, бұл салада иман, ғылым, даму, қадір-қасиет, әділеттілік, байлық, этика және тұрақты ұмтылыс сияқты сипаттамаларын қалыптастырды. Бұл салада Ислам революциясы жетекшісі: «Исламдық өркениет мемлекетті кеңейту емес, Исламның халықтардың ой-пікірлеріне әсер етуін қабылдау, халықтарға илаһи сыйларды ұсыну. Бүгін исламдық үмбеттің міндеті Пайғамбардың туған күні мен беғсатын еске алып тойлау ғана емес. Бұл біздің міндетімізге қарағанда өте кішкентай іс. Ислам әлемі осы кезде Ислам мен оның Пайғамбары (с.ғ.с.) сынды жаңа кеңістік тудырып, жаңа жол ашуға міндетті. Біз бұл құбылысты жаңа исламды өркениет деп атаймыз»,- деді. Зерттеулердің нәтижелері Ислам революциясының өз өркениеті мен өмір сүру кезеңіне ие болып, қырық жылы өткен соң ғана   жаңа ислам өркениетін құрғанын көрсетті.