Жарқын келешек (10)
1979 жылғы Иран Ислам революциясы Ислам әлемі үшін Батыстың билеп-төстеуін тоқтатып, мұсылман елдердін оянуы, өз-өздеріне сенім артуы мен өз болмыстарына оралуының басталуы болды. Тарихи үлкен оқиғалардың көбінің географиялық және уақыт тұрғыларынан шектеуі болмайды. Олардың кейбіреулері бір жерде басталғанымен, жаһандық салдарлар мен нәтижелерге ие болады.
Иран Ислам революциясы осындай оқиғалардың бірі. Осы кезде Ислам революциясының орын алуынан қырық жыл өткен кезде Таяу Шығыс аймағындағы көптеген наразылықтардың куәсі болудамыз. Бұл Иранның Ислам революциясының әлем халықтары үшін үлгі болып, бірқатар елдердегі халық қозғалыстарын жандандыруға себеп болуының нәтижесі. 1979 жылғы Иран Ислам революциясы Ислам әлемі үшін Батыстың билеп-төстеуін тоқтатып, мұсылман елдердін оянуы, өз-өздеріне сенім артуы мен өз болмыстарына оралуының басталуы болды. ХХ ғасырдың бұл теңдессіз құбылысы іс жүзінде Ислам мен исламдық қоғамды оқшаулануы мен үнсіздігінен шығарып, мұсылман халықтарға өзеріне сенімді болу сезімдерін қайтарды. Бүгінгі таңда исламдық ояну толқындары бүкіл әлемде қарқынды дамуда және исламдық құндылықтар қайта жаңғыруда. Исламдық ояну толқыны отаршылдық саясатты жеңді, ал оның жаулары әлі де әлемде орын алып жатқан ауқымды толқынға қарсы тұруға тырысуда.
АҚШ үкіметі Иракты "Үлкен Таяу Шығыс" жобасының бастауы ретінде таныстырып, барлық араб елдеріне үлгі болатындай Иракты либералдық, дінсіз және батысшыл мемлекет етуді қуаттады. АҚШ Иракты басып алған бірнеше жылда барлық мәдени және саяси құралдарды пайдаланып, бұл елдің халқы арасында батыстық құндылықтарды насихаттауға қаражат бөлді. Бірақ Ислам революциясының діни болмысы мен адамгершілік құндылықтарының әсері АҚШ талпыныстарын сәтсіздікке ұшыратты. Өткен айдағы АҚШ-қа қарсы Ирактың миллиондаған халқы қатысқан шеруі билеп-төстеушілерге қарсы бұрын-соңды болмаған шеруі болды. Исламдық ояну үдерісінің жандануына шәһид Солеймани себеп болды. Миллиондаған халық қатысқан шәһидтер сардар Ғасем Солеймани мен ирактық майдандасы Абу Мәхди Моһандеспен қоштасу және олардың жерлеу рәсімдерінен кейін Ирактың күресшіл топтары ең үлкен шеру өткізді. Сөйтіп Иракта ислам әлемі мен қарсыласу ағымын біріктіретін жағдай туды. Ливан Хизболласының аймақтағы рухани әрі әскери күш-қуаты мен қарулы сионистік режимге қарсы күресіндегі жеңістері қарысыласу мәдениетін таратуымен бірге, аймақ пен әлем мұсылман халықтары арасында үстемшілер мен империалистерден құтылу армандарды жандандырды.
Ислам революциясының шәһидтері, әсіресе шәһид Солейманидің берекесімен алдағы күндерде Йемен, Ливан және басқа елдерде заңды шерулер басталып, Батыс Азия аймағындағы билеп-төстеуші жүйе жойылғанша жалғасады. Алла Тағала: "Әй мүміндер! Егер Аллаға (дініне) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді",- деген уәді берген. ("Мұхаммад" сүресі, 7-ші аяты).