Діни жетекшінің көзқарасы: халықтың әртүрлі таптарымен кездесуі
(last modified Wed, 12 Feb 2020 14:20:07 GMT )
Ақп 12, 2020 20:20 Asia/Almaty
  • Діни жетекшінің көзқарасы: халықтың әртүрлі таптарымен кездесуі

Жыл сайын Ислам революциясының «Фаджр» онкүндігі кезінде елдің әртүрлі таптары өкілдері діни жетекшімен кездесіп, күрес жылдардың оқиғаларын еске алады.

 

Ағымдағы жылда да Ислам революциясы жеңісінің 41 жылдығына орай «Фаджр» онкүнідігінің 5-ші күні аятолла Хаменеи халықтың әртүрлі таптары өкілдерімен кездесті. Халықтық болу мен діни халық демократия исламдық жүйенің нешіздерінің бірі. Өйткені исламдық жүйе халықсыз діни негіздеріне сүйеніп амал ете алмайды және дінсіз діни халық демократияны орнату мүмкін емес.

Діни жетекші әртүрлі таптар өкілдерімен кездесті

Аятолла Хаменеи сөзінің басында Иран халқының өз тағдырын шешу үшін қатысуын революцияның негізгі жетістігі деп тауып: «Иран халқы ұлы имамның басшылығымен оқтардан, сырт көзге күш-қуатты көрінге Пехлеви режимінен қорықпау шешім қабылдап, майданға шығып, ғимаратты (оны) қиратып, оның орнына діни халық демократияны орнатып, мемлекетте діни халық демократия жүйесі қалыптасты.  Діни халық демократия деген не? Біріншіден, жүйені халық дауысымен сайлау»,- деді. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасынша, Ирандағы діни халық үкіметтін еркшелігі иманмен бірге болуы. Ислам республикасы – исламдық діни халық демократия. Оның арқасында шәһид Солеймани, қасиетті қорғаныстың жауынгерлері, қасиетті кеснелердің қорғаушылар, мен шәһидтер отбасылары сынды адамдарды тәрбиеленеді.  Шәһид Солейманидің айқын ерекшелігі – иманы. Иман мен адами амал және жиһадтық рух біріккен кезде сардар Солейман сынды азаматтар шығады. Тіпті дұшпандар оның бұл ерекшеліктерін мадақтауға мәжбүр. Аятолла Хаменеи: «Ислам шәһид Солеймани сынды адамды тәрбиелейді. Ислам отбасыларды қасиетті қорғаныс кезінде өз жастарын Алланың жолында жиһад етуге жігерлендіреді»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісі 22 баһман шеруі мен ислам Кеңесі Мәжілісінің сайлауын Иран халқы үшін екі үлкен сынақ деп атап, Мәжіліс үміткерлерінің ерекшелітеріне тоқталып,халықтың хабардар түрде және жаппай 2 эсфандта өтетін сайлауға қатысуын ішкі және халықаралық мәселелерді шешуге әсерін тигізде. Бұл кісінің көзқарасынша, сайлау Иран елі мен халқы үшін мұрсат, дұшпандар үшін қоқан-лоққы. Президент пен Мәжіліс сайлаулары шешім қабылдауға қатысудын жаңа жолы. Аятолла Хаменеи: «Бұл сайлаулар елдің қауіпсіздігінің кепілі. Неге? Елге қоқан-лоққы көрсететін дұшпандар қару-жарақ мүмкіндігінен гөрі халықтың қолдауынан көбірек қорқады. Әрине олар біздің зымырандарымыздан қорқады, бірақ халықтың жүйені қолдауынан көбірек қорқады. Сайлауға қатысу халықтың жүйені қолдауының белгісі. Сондықтан қауіпсіздікке себеп болады. Екіншіден, Иран халқының ерік-жігері мен құдыретінің көрінісі»,- деп қуаттады.

Бұл күндері америкалық «Ғасыр мәмілесі» жобасы ақпарат құралдардың ен танымал жаңалығына айналды. Бұл жоба 2020 жылдың 28 қаңтарында Трамппен жарияланды. «Ғасыр мәмілесінде» еврейлер үкіметі тарихи Палестинада құрылып, өз орыны белгісі қалған палестиналық үкімет бұл режимді ресми қабылдауы, сондай-ақ қасиетті Құдс еврей үкіметінің астанасы болуы керек. Ислам революциясы жетекшісі сөзінің басқа бір бөлімінде АҚШ-тың «Ғасыр мәмілесін» жариялағанына тоқталып: «Америкалықтар жобасын үлкен атаумен атап, Палестинаға қарсы жобасы нәтижеге жетеді деп ойлады. Негізінде бұл іс ақымақтық, басынан бастап, бұл оқиға өздеріне зиян келтіріп, аяқталады. Өйткені америкалықтар мен сионистер өздерінікі емес нәрсе жөнінде мәміле жасады. Палестина палестиналықтардың мемлекеті, сондықтан тек олар шешім қабылдай алады. Сендер басқалардың үйі мен жері туралы шешім қабылдайтын кімсіндер? Бұл сендердің бұзақылықтарыңның белгісі»,- деді. 

Ислам революциясы жетекшісі бұл қастандықтын америкалықтарға зарар әкелетіні және Палестина тақырыбының қайтадан басты мәселеге айналуына себеп болады деп тауып: «Өз халықтарының арасында абыройынан айырылған   қиянат жасаушы бірнеше араб басшының бұл жобаны қолдап, қол шапалақтауы маңызды емес. Сондай-ақ  палестина тақырыбын ұмттырғысы келген үстемшілердің тұрақты саясатына қайшы бұл ісімен Палестина тақырыбын қайта жандандырып, бүкіл әлемге Палестинаның атауы мен зорлық көруін қайта еске салды. Иран ұсынған Палестина мәселесін шешетін негізгі механизм халықаралық маңызды орталарда тіркелді. Палестина мәселесін шешетін жалғыз жол - Палестинаның мұсылман, христиан және еврей діндерінің   негізігі халқының референдумын өткізу. Сөйтіп олардың дауысы арқылы Палестинаның түпкір-түпкіріндегі халқы қалаған жүйе қалыпастуы керек. Бұл Палестинада бейбітшілік орнату және мәселесін шешетін жалғыз жол болып табылады»,- деп қосты. Аятолла Хаменеи үстемшілердің бұл жобаны іске асыру үшін қару мен ақшаға сүйену талпынысына және бұл мәселеге қарсыласу мен табандылық білдіру қажеттілігіне назар аудартып:  «Палестина халқы  мен топтары өз жиһадымен АҚШ пен сионистерге қысым кқрсетіп, ислам әлемі де қарсыласу ағымына қолдау көрсетуі қажет. Қарсыласу ағымы осы кезде Батыс Азяи аймағында тек Палестинамен шектелмейді және күн сайын кеңеюде. Біз Ислам республткасы жүйесі ретінде палестиналық күресшіл топтарға қолдау көрсетуді өз міндетіміз деп білеміз. Сондықтан мүмкіндігімізге қарай оларды қолдаймыз. Бұл Ислам республикасы жүйесі мен Иран халқының қалауы. Олар күшейіп, дұшпандарын әлсіздендіретініне үміттіміз»,- деді.  Ислам революциясының жетекшісі сөзінің соңында жастарға: «Алланың көмегімен, сіздер, жастар бұл күнді көріп, қасиетті Құдс қаласында намаз оқисындар. Алланың бізге, елімізге, халқымызға көмектесетініне үміттіміз",- деп қуаттады.