Имам Бақердің (ғ.с.) ойларының аясында
(last modified Tue, 25 Feb 2020 03:49:16 GMT )
Ақп 25, 2020 09:49 Asia/Almaty
  • Имам Бақердің (ғ.с.) ойларының аясында

Адамды Жаратушыға жақындататын илаһи режеп айының бірінші жұлдызы Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) әулетінің ұрпағы имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) туған күні.

 

Кейбір кезде Исламның ұлық пайғамбары өзінен кейінгі құрайштардың 12 адамын таныстыратын, кейде хадистерде олардың әрқайсының есімдеріне тоқталып, кейбір қадір-қасиеттеріне назар аудартады. Пайғамбар (с.ғ.с.) имам Бақер (ғ.с.) туралы: «Имам Хусейннің (ғ.с.) өмірі өтіп, перзенті Әли бен әл-Хусейн (ғ.с.) имаматты өз міндетіне алады. Алла Тағала менің аттасым және маған ұқсас перзентті сый етеді. Оның ілім – менің ілімім, оның үкімі – менің үкімім. Ол әкесінен кейін имам болады»,- деген.

Әлемнің барша мұсылмандарын имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

Адамзатты бақыт жолына нұсқаушылар саналатын пәк имамдар (ғ.с.) өз өмірлерін қысымдар және шектеулермен бетпе-бет келіп өткізді. Олар адамдарды дұрыс жолға нұсқап, анық жолдардан өтті. Имам Бақер (ғ.с.) Умайе мен Аббаси әулеттері билігі кезінде өмір сүрді. Имам мәдени өзгерістерімен шиіттер тағылымдарына жаңа деп берді. Сондықтан жанжақты әрі мақсатты бағдарламасымен  өзінің негізгі жұмыстарын бастады. Имам Бақер  (ғ.с.) жылдар бойы Алла елшісі (с.ғ.с.) әулеті тарапынан баяндау мүмкіндігі болмаған білімді ұсынып, пайғамбардың «имам мен Құран еш уақытта бір-бірінен ажырамайды» деген сөздерін еске салды. Имам сол кездег қиын саяси жағдайда іс жүзінде Құран мен ілімнің бір-бірінен ажырамайтынын және имамның ілім мен Құранды жеткізуші екенін дәлелдеді. Имам Бақердің (ғ.с.) қазіргі ғылыми мектеппен айырмашылығы дәл осы мәселеге байланысты. Осы кезде адамзат ғылым мен білімнің Алланың жолында болуы керек екенін түсінгені жөн.

«Ертедегі шииттік ойлар» кітабы   Лондондағы Исмаилиттік зерттеу институтының доктор Эрзина Лаланидің имам Мұхаммед Бакердің (ғ.с.) ілімдері туралы кітаб.  Бұл кітап 2000 жылы Лондондағы Исмаилиттік зерттеулер институтымен басылып шықты.   Лалани ханым өз кітабында имамның ойларын өз заманындағы оқиғалар тұрғысынан қарастырады. Ол алдымен Пайғамбардың (с.ғ.с.) өлімінен кейінгі шииттердің тарихын түсіндіруге талпынады. Содан соң имам Мұхаммед Бақердің (ғ.с.) рөлі маңыздылығы және имамның ислам қоғамының ғылыми сұрақтарына жауап бергеніне тоқталып,  имам Бақердің (ғ.с.) кезінде ғылыми жиһадтың басталғанын қуаттайды. Мамандардың пікірінше, имам Бакер (ғ.с.) үш бөліктен тұратын ғылыми жиһадты бастады: алдымен ол баршаны ғылымды үйренуге шақырды, содан соң ғылымды таратуға, сондай-ақ мәдениеттанумен қатар кітаптар жазумен айналысты. Өйткені әр жұмыстың негізі ойлану. Егер қоғамда ілім таралсын десек, білімді меңгерудің маңыздылығы, ғалымдардың құндылығы мен ұлылығы, ғылым мен оның зиянкестерін зерттеу мақсаты туралы ойлану керек. Имам Бақер (ғ.с.) ғылымды үйренуге жігерлендіру туралы: «Кемелдік үш нәрседе: дінді терең түсінуде, қиыншылықтар мен қайғыда сабыр сақтауда және тұрмыс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін бағдарлама құруда»,- деді. Имам Бақердің (ғ.с.) көзқарасынша, ғылымды тек үйрену жеткілікті емес. Оны таратуға талпыныс жасау қажет. Имам Бақер (ғ.с.): «Ғылым үйреткен адам оған сай амал еткен адам сынды сыйға ие болады»,- деген болатын.  Бірақ имам Бақер (ғ.с.) баршаға қандай ғылым және кімнен үйрену туралы мәселеге ерекше назар аудартады.

Имам Бақер (ғ.с.) 57 жыл өмір сүрді және 19 жыл имаматты басқарды. Бұл кезең Исламның ғылымы мен ой-пікірлерін тарату үшін салыстырмалы қолайлы болды. Сондықтан имам Бақер (ғ.с.) мәдени өгерістер мен шиіттердің ғылыми қозғалысының іргетасын қалаушысы саналды. Исламдық және шиіттер тағылымдары имамның перзенті имам Садықпен (ғ.с.) таралып дамығанымен оның негізі имам Бақермен (ғ.с.) қаланды. Имамның шамамен 6000 жуық ғылыми еңбектері тіркелді. Ол Құран ілімі мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) дәстүрін толық білді және оларды халықты надандықтан шығарып, ғылымның нұрына қарай нұсқады.   

Қарсыластармен пікірталас жүргізу - халықтың хабардарлығын арттырудың және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жоғары ұстанымын таныстыратын тәсілдердің бірі. Абубасирдің айтуынша, хазірет Бақер (ғ.с.) перзенті имам Садықпен (ғ.с.) Хишамның сарайынан шыққан кезде, жамағатты көреді. Олардың кім екенін сұрап: «Бұл християн діни қызметкерлер мен монахтар. Олар жыл сайынғы үлкен жиынға басқосып, эпископтың келуін күтуде, ол келіп, олардың мәселелерін шешеді»,- деген жауап алды. Имам Бақер (ғ.с.) белгісіз адам сынды олардың арасында қалды. Бұл хабар тыңшылар арқылы Хишамға жеткізілді. Хишам имамның амалын жақыннан бақылауға алу үшін өз тыңшыларын жіберді.  Эпископ келіп, жамағатқа қарап, имам Бақерге (ғ.с.) көзі түстіп:

  • Христиансың ба әлде мұсылмансың ба?
  • Мұсылманмың.
  • Ғалымсың ба әлде надан?
  • Надан адамдардар емеспін.
  • Бірінші мен сұрайын ба немесе сіз сұрайсыз ба?
  • Сіз сұрақ қойыңыз.
  • Сіз «жәннәтағылар ішіп-жейді, бірақ нәжісі болмайды» дейсіз, бұл сөздердің дәлелі не?
  • Әрине, оның үлгісі ананың құрсағындағы бала. Ол жеп-ішеді, бірақ нәжісі болмайды.
  • Керемет, ғалымдардан емеспін деп едініз.
  • Надандардан емеспін дедім, ғалымдардан емеспін деп айтпадым.
  • Түн емес, күн емес сәт туралы айтып берсен.
  • Күннің шығатын уақыты, ол түн де, күн де емес. Бұл сәтте науқастар шипа алады.
  • Ғалымдардан емеспін деп едініз.
  • Надандардан емеспін дедім.
  • Құдаймен ант етемін, жауабың білмейтін сұрақты қоямын.
  • Не сұрағыңыз келсе де, сұраңыз.
  • Бірге дүниеге келіп, бірге дүниеден озған екі ер аадм кімдер? Біреуі 50 және екінші 150 жаста еді.
  • Азиз бен Узайр.
  • Неге жәннәттің нығметтері азаймайды деп ойлайсыз? Сізде мысал бар ма?
  • Әрине, от оның айқын мысалы. Егер 100 шырақ жақсақ та, от өз жағдайында қалады.

Эпископ сұрақтарынан кейін ызаланып:

  • Уа, халайық! Мені әшкерелеу үшін ғалымды әкеліп, мұсылмандар бізден артық әрі даналау екендерін білсін дейсіндер ме?- деді.